Редакция таңдауы
Шенеуніктердің кесірінен балалар спорт секцияларына қатыса алмай отыр
Қазақстанда мемлекеттік органдар дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерге нормативтік-құқықтық актілер әзірлемегендіктен, балалар тегін спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қатыса алмайды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі Вера Ким айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2021
СЭС шара қолданбай отыр: Алматыдағы Әуезов ауданының әкімі карантин ережесін бұзған
Алматы қаласындағы Әуезов ауданың басшысы карантиндік нормаларды сақтамай, қызметкерлермен бетбе-бет жиналыс өткізген, әрі ол үшін жауапқа тартылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.
14 Сәуір, 2021
Бас басылымның PDF нұсқасы ақылы негізге ауысты
2021 жылдың 5 сәуірінен бастап «Egemen Qazaqstan» газетінің PDF нұсқасы ақылы негізге ауысқанын хабарлаймыз.
14 Сәуір, 2021
Жеңіс күніне арналған әскери парад бола ма?
Коронавирустың таралу қаупіне байланысты елімізде 7 және 9 мамырда өтетін әскери шеру болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Сәуір, 2021
Қазақстанда кинотеатрлар мен караокелер қайта ашылады
Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың Ashyq жобасы туралы жаңа қаулысы шықты. Онда «Ashyq» пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс істеуіне рұқсат берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Сәуір, 2021
Неліктен жұрттың бәрі президент болғысы келеді?
Неліктен жұрттың бәрі президент болғысы келуі мүмкін? Елдің ең жоғарғы қызметі түрлі артықшылықтарға қарамастан, өте ауыр міндет. Вашингтондық журналист Элизабет Дрю өз мақаласында осы сұрақты қойып, оның жауабын іздейді. Автор қазіргі АҚШ президенті Джо Байденнің президенттік лауазымға кіріскен кезі өте сәтті өткенін алға тартады. Оның пайымдауынша, Байден бастапқыда тиімді саясат жүргізе білді. Дегенмен уақыт өте келе оның әкімшілігі көптеген қиындыққа тап болды.
14 Сәуір, 2021
Өмірмен қоштасуға медициналық тұрғыдан көмектесу
Принстон Университетінің биоэтика профессоры Питер Сингер «Өлуге медициналық көмектесу» атты мақаласында жазылмайтын дертке шалдыққан, аурудан тәні мен жаны қиналған науқастардың фәни дүниемен өз еркімен қоштасуы қажет пе деген мәселені талқылайды. Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемнің бірқатар елінде мұндай тәсілге рұқсат етілген. Бірақ бұл физикалық тұрғыда зардап шегетіндерге ғана берілген құқық. Автор психикалық тұрғыда қиналатындарға да осындай мүмкіндік берілу қажет деп есептейді. Айта кетерлігі, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
14 Сәуір, 2021
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты кәсіпорын іске қосылғаннан бері жұмыс істеп тұрған цехтарды жаңартпақ. Бұл жұмысты 2022 жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
14 Сәуір, 2021
Әрі рухани, әрі саяси бірегей орталық
Шетелдің әлдебір саяхат орны, қасиетті жерлері туралы жақсы білеміз, тамсана әңгімелейміз. Себебі олар сол жерлердің қасиетті екеніне бізді сендіріп қойған. Қасиеттің не екені туралы көп нәрсе айтуға болады. Бірақ жинақтай келгенде екі түйінге тоқтаймыз. Бірі – емдік қасиеті бар немесе көрінісі ғажап ерекше жаратылған табиғи орта, екіншісі – қолдан жасалған көпке қызмет ететін орын. Мұндай орындар бізде де бар. Солардың бірі һәм бірегейі – елорда төрінде орналасқан Назарбаев орталығы десем, қазақстандықтар бұған келісер деп ойлаймын.
14 Сәуір, 2021
Бизнес қай банкке көбірек сенім артады?
Жыл басынан бері қазақстандық банктердегі ұжымдық депозит мөлшері 155,4 млрд теңгеге немесе 1,5 пайызға өсіп, 10,77 трлн теңгені құрады. Бірақ наурыз айында әжептәуір құлдырау болғанын байқаймыз. Заңды тұлғалардың салымы 20,5 млрд теңгеге азайып кеткен.
14 Сәуір, 2021
Ұлт ғұмыры – ұрпақ сабақтастығында
Ұлттың ұлы болмағы ұрпақ сабақтастығының саралығында, алдыңғы толқынның даналығында. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер» (Абай) дегендей, алдыңғы толқынның құрметі кейінгі толқынға қашанда керек. Оның әдемі үлгілері халқымызда болған.
13 Сәуір, 2021
Миға тамыр жолдары арқылы операция жасады
Cоңғы жылдары Шымкенте медицина саласының дамуы қарқын ала бастады. Оның бір себебі қала республикалық мәртебе алып, денсаулық сақтау саласына қолдау арта түсті. Екіншіден, еліміздегі білікті де білімді медицина білгірлері шырайлы шаһарға келіп қызмет етуде. Мәселен, трансплантолог Абылай Донбайдың өзі ТМД елдерінде сұранысқа ие маман екендігін басы ауырып, балтыры сыздаған жұрттың барлығы біледі.
13 Сәуір, 2021
Жайнай бер, жаңарған Талдықорған!
Осыдан тура 20 жыл бұрын, әлі есімде, Алматыдан шыққан керуен көш еліміздің оңтүстік-шығысына қарай бет алып, сап түзеген сарбаздардай бір лек көлік Талдықорғанға тартты. Бұл Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алматы облысының әкімшілік орталығын Талдықорған қаласына көшіру» туралы № 585 Жарлығы шыққаннан кейін қоныс аударған көш еді.
13 Сәуір, 2021
Халық денсаулығы туралы Кодексте халықтың негізгі топтарымен жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың бағыттары кеңейтілді. Бұл – еліміздегі АИТВ-инфекциясын ауыздықтау жолындағы өте маңызды қадамның бірі. Профилактикалық қадамдардың өзектілігі туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы директорының орынбасары Ирина ПЕТРЕНКОМЕН әңгімелескен едік.
13 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда 80 басшы жауапқа тартылды
Шығыс Қазақстанда тәртіп сақшылары облыс көшелері мен жолдарындағы қауіпсіздікті бақылау үшін 450-ден астам тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Сәуір, 2021
Мемлекеттік органдардың 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында биыл мемлекеттік органдардың 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Сәуір, 2021
20 жылын түрмеде өткізген ер адам тағы екі адамның өмірін қиды
Рудный қаласының тұрғыны екі адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қылмыскер осыдан үш ай бұрын колониядан шыққан еді, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Сәуір, 2021
Дүниенің төрт бұрышынан іздеген мәңгі өмірдің мәнін қобыз сарынынан тапқан Қорқыт Ұлы далада ұзандар көшінің ізін салыпты. Содан бергі мыңжылдықтарда арқауы үзілмеген, өрнегі бүлінбеген бағзы өнер өкілдері арасынан есімі ел құлағына жеткендер Шораяқтың Омары, Балқы Базар, Қарасақал Ерімбет, Кете Жүсіп, Дүр Оңғар, Тұрмағамбет, Нартай мен Нұртуғандай дүлдүлдер.
13 Сәуір, 2021
Жасы 95-тен асқан Кәкен апаның қасында уақыттың қалай өткенін аңдамай қаласыз. Әулетінен 3 бірдей жан «халық жауы» деген жаман атты жамылып, із-түзсіз кеткен әке-ағаларының жалғасындай болып отырған кейуана өмірі көпке ой тастағандай.
13 Сәуір, 2021
Солтүстік Ирландиядағы жастар наразылығы
Кейінгі он шақты күнде Солтүстік Ирландияның бірқатар өңірінде жаппай наразылық акциялары өтіп, жүзге жуық полиция қызметкері жарақаттанды. Әзірге шеруге шыққан жастар ғана. Үлкендер тарапы оларды сабырға шақырып әлек.
13 Сәуір, 2021