Оқи отырыңыз
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жолаушыларға арналған теміржол рейстеріне қатысты ақпарат
Ағымдағы жылғы 22 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы теміржол желілері бойынша қатынайтын 63 жолаушылар пойызының 44-і (Нұр-Сұлтан бойынша – 22, Алматы бойынша – 22 пойыз) тоқтатылады, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
20 Наурыз, 2020
«Онлайнға шығу оңай емес»: Интернеті жоқ ауылдағы студенттер сабаққа қатыса алмай жүр
Жоғары оқу орындары қашықтан оқыту жүйесіне көшкелі, ауылға оралған біраз студент кесте бойынша бекітілген күнделікті онлайн сабақтарға қатыса алмай жүр. Бұған кейбір елді мекендерде интернеттің жоқтығы себеп. Мәселен, Қарабалық ауданына қарасты Өрнек ауылына Алматы, Павлодар, Қостанай, Нұр-Сұлтан қалаларында оқитын 6 студент оралған. Мұндағы алты балаға Moodle жүйесі арқылы онлайн дәріс тыңдап, тапсырмаларды уақтылы орындау, оны қайта жіберу қиынға соғып отыр.
20 Наурыз, 2020
Түркістан: 13 тонна «құрғақ қымыран» Қытайға экспортталды
Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді іс-шара жоспары қабылданды. Жоспарға сәйкес биыл Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Созақ, Шардара аудандарында қосымша 3962 түйе сатып алынып, сүттің көлемі 14 250 тоннаға ұлғайтылуы тиіс. Осылайша, Түркістандағы түйе сүтін қайта өңдеу зауытының қуаттылығын 15 %-ға арттыру көзделіп отыр.
20 Наурыз, 2020
Үйде антисептик дайындаудың 4 әдісі
Жұртшылық қол сүртетін антисептик таппай, әбігерге түсіп жүр. Бұрын дүкендерде қаптап тұратын антисептик қазір жұқпалы індетке байланысты қат болып кетті, табылған күннің өзінде бағасы шарықтап тұр. Осыны ескерген эпидемиолог-дәрігерлер антисептиктің үйде дайындау әдісін ұсынуда.
20 Наурыз, 2020
Пандемияның уран өндірісіне әсері
Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус әлемдік экономиканың ағзасына да айтарлықтай нұқсан келтіруде. Пандемияның салдарынан ауыр өндіріс орындары, фабрикалар, мегакорпорациялардың біразының жұмысы саябырлады, қалталы азаматтар миллиардтаған шығынға батуда. Бұл әсіресе шикізат нарығында анық байқалып отыр. Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемдік көшбасшының бірі саналады. Былтыр «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ таза табысы 50%-ға қысқарып, 213,7 млрд теңгені құрады. Бұған жаһандық індет ықпал етті ме, әлде отандық шикізатқа сұраныс азайып бара ма?
20 Наурыз, 2020
Петропавлдық азамат өрттен төрт адамды құтқарды
Оқиға таңғы сағат алты кезінде болған. Халтурин көшесіндегі жекеменшік үйінен далаға шыққан Амангелді Сұлтанов көрші әйелдің үйінен жалын лаулап жатқанын көреді. Көп ойланбаған жігіт үйіне жүгіріп кіріп, әйеліне өрт қызметін шақыруды тапсырып, өзі көршілерін құтқаруға кіріседі.
20 Наурыз, 2020
Наурыз айы ұлттық кинематографиямыз үшін табысты басталды. Отандық жас режиссер Рамазан Қалиолланың қысқаметрлі «Домбыра» фильмі осы айда қос бірдей халықаралық фестивальға жолдама алды.
20 Наурыз, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолғы сынақты да ел болып еңсеретінімізге сенім білдірді
Біздің бірлігіміз – қазіргі қиындықты еңсерудің кепілі. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұдан да күрделі кезеңдерді бастан өткердік. Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасы халыққа арнаған үндеуінде айтты.
20 Наурыз, 2020
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Прокуратура туралы» Заңның 31-бабы тәртібі негізінде үндеу жариялады.
20 Наурыз, 2020
«Халкомдық» атанған, бірақ... қасиеті жоқ!
Коронавирустың бірден-бір емі спирттік ішімдік екен деген хабар дүр еткенде, менің жүрегім дір етеді... Жер-жаһанды дендеп, сағат сайын ұлғайып, өршіп бара жатқан пандемиядан сақтанудың алуан амалы жайлы тәулік бойы тоқтаусыз айтылып, жазылуда.
20 Наурыз, 2020
Құрылысшы беделін көтеру қажет
Бүгінде қайсыбір қалаға бара қалсаңыз, алдымен жаңа салынып жатқан зәулім ғимараттарды, оны айнала қоршаған керік мойын крандар мен күртесі күнге шағылысып әр жерде әр нәрсені шұқылап жүрген құрылысшыларды көзіңіз шалады.
20 Наурыз, 2020
Ақ таңда көзімді ашып, теледидарды қосып қалып, естіген жаңалығымның бірінен денем түршікті. Осыдан біраз жыл бұрын Түркия әуежайындағы болған бір жайт есіме түсті.
20 Наурыз, 2020
Кедергі жемқорлыққа итермелейді
Былтырдан бері Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қатысты арнайы мониторинг жүргізіп келеді. Әлеуметтік зерттеу барысында 6 мыңға жуық кәсіпкер арасында сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде, Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары, Ақтау мен Атырау қалалары жемқорлық өршіп тұрған аймақтар санатына ілінді.
20 Наурыз, 2020
Кітапханашылар кімге бағынады?
«Egemen Qazaqstan» газетінің 27 ақпан күнгі №40 санында шыққан «Ұмыт қалғандар кімнен қорқады?» атты мақалада мектеп кітапханашыларының мәселесін көтергендеріңіз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Мақалада шындық жазылған. Жаңа жылдан бастап білім мен мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп жатқан кезде мектеп кітапханашыларын ұмытып кетуі нағыз сорақылық емес пе? Сонда біз адам санатына мүлде жатпағанымыз ба?
20 Наурыз, 2020
Келешектегі кәсіпкерлікке қадам
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Бизнес – инкубатор U – Smart инновациялық орталығының құрылғанына бір жыл болды. Бұл аса көп уақыт емес, бірақ орталыққа студенттер жиі жиналады. Білім соңында жүрген студенттің мақсаты көп. Бүгінгі жастар күнделікті дәріс тыңдап, соның аясында ғана семинар сабақтарына дайындалуды місе тұтпайды. Ұстаздықты қалап келген студент білім алумен бірге өз кәсібін ашуды да армандайды. Ал арман шарқ ұрып ізденгенде ғана қол жетер биік екенін әр студент жақсы түсінеді. Білім ордасындағы Бизнес – инкубатор U – Smart инновациялық орталығы осыған мүмкіндік жасап отыр.
20 Наурыз, 2020
Нарынқолда тұратын ісмер әйел жайында бұған дейін де жаздық. Алыс ауылдан аяқ киім тігетін шағын өндіріс ашқан Орынкүл Баратжанның ісін көпке үлгі қылу тіпті артық етпес еді. Өйткені ол ашқан «Ақиқат» атты цех жыл сайын 1000 дана етік, 7000 пар аяқ киім тігіп отыр.
20 Наурыз, 2020
Қостанайдағы облыстық филармония онлайн-концерт береді
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Елубай Өмірзақов атындағы филармония әртістері облыс тұрғындарына мерекелік онлайн концерт тарту етеді.
19 Наурыз, 2020
Мұнай-газ секторы мемлекеттің қолдауына зәру
Жуырда Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында еліміздің мұнай-газ саласының өкілдері халықаралық және отандық көмірсутегі нарығындағы ахуал туралы баяндады.
19 Наурыз, 2020
«Тараз» ӘКК жұмысына әкімнің көңілі неге толмайды?
«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірдегі іргелі мекеменің бірі. Корпорацияның басқарма төрағасы Нүркен Шәрбиевтің айтуынша, «Тараз» ӘКК өз қызметін перспективалы және бәсекеге қабілетті инвестициялық жобаларды іске асыру, облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және өңірлік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттары бойынша жүргізеді.
19 Наурыз, 2020
Қазақстанның қаржы секторы дағдарыс кезінде кәсіпкерлерді қолдайды
Қазақстанның қаржы секторының қатысушылары Үкіметтің және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттіктің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржылық қызметтерді тұтынушы – клиенттерді қолдауға бағытталған жедел шаралар кешенін әзірлеуін қолдады.
19 Наурыз, 2020