Оқи отырыңыз
Нұр-Сұлтанда сайлау туралы пікірталас өтті
«Bolashaq» қауымдастығының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 9 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы пікірталас өтті.
05 Маусым, 2019
Маңғыстауда «Үздік мемлекеттік қызметшілер» анықталды
Маңғыстау облысында «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының өңірлік деңгейі өтіп жатыр. Конкурс ережесіне сәйкес 31 үміткер конкурстың тестілеу кезеңіне жіберіліп, 13 үміткер сәтті өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
05 Маусым, 2019
«Су – тілсіз жау» дейді халқымыз. Күн ысығаннан кейін суға түсушілер қатары көбейіп келеді. Кейде оның арты ауыр апатқа соқтырып жатыр. Қызылорда қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісіне полиция қызметкерлерінен түскен хабарда «Аэрофлот» саяжайындағы «Қалғандария» көлінде белгісіз ер адамның денесі судың бетіне шығып тұрғаны айтылған.
05 Маусым, 2019
Қазақстан Президенті «Нұр Астана» мешітіне барды
Мемлекет басшысы Ораза айт мерекесінде «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» медресе колледжіне барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
05 Маусым, 2019
Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Атырау облысына барды (видео)
«Атырау облысы – мәдени және адам әлеуеті мол, экономикалық мүмкіндіктері зор аймақ. Ең бастысы, бұл жетістіктер аймақ халқының өмір сапасы мен табысының өсуіне ықпал етуі тиіс» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнайлы аймақ жұртшылығымен кездесуінде.
05 Маусым, 2019
Қазақстанда жаңа үлгідегі балық өсіру кешені іске қосылды
Алдағы күндері Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласында Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында Қазақстандағы тұңғыш Kaz Organic Product ЖШС толық кезеңді органикалық балық аулау кешенінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді. Кәсіпорынның еліміз үшін ерекшілігі – бұл өз балық қорларымен және жеммен жұмыс істейтін қоршаған ортаға зиян келтірмейтін бірінші «жабық» өндіріс.
05 Маусым, 2019
Шетел сарапшыларымен бейресми кездесу өтті
Yessenov University алаңында АҚШ Мемлекеттік департаменті жанындағы Fulbright халықаралық білім беру бағдарламасының өкілдерімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде бейресми форматтағы кездесуі өтті. Бұл жайында аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Маусым, 2019
Қызылорда облысындағы «Жаңақорған» шипажайында еңбек ететін көп балалы және жалғыз басты аналардың еңбекақысы осыдан үш ай бұрын көбейіп, әлеуметтік жағдайлары жақсарған болатын. Енді осы игілікті іс Түркістан облысының «Манкент» шипажайында жалғасын тапты.
05 Маусым, 2019
Ақтауда «Сәлеметсіз бе? Мен - сіздің полицияңызбын» акциясы өтіп жатыр
Учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының халық арасында беделін арттыру, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату, учаскедегі криминогендік жағдайды жақсарту, сондай-ақ, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру мақсатында ПД бастығының бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының аумағында «Сәлеметсіз бе, мен - сіздің Учаскелік полиция инспекторымын» акциясы өткізіліп жатыр.
05 Маусым, 2019
Онкологиялық дертке шалдыққан балалар үшін мереке ұйымдастырылды
Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникада ем алып жатқан балаларға арналған «Армансыз күнім болмайды» атты мерекелік шара өтті.
05 Маусым, 2019
Ақтауда әлемдік көлік және логистика саласының сарапшылары бас қосты
Ақтау қаласында «Каспий порттары және кеме қозғалысы – 2019» деп аталатын халықаралық көрме мен конференция ұйымдастырылды.
05 Маусым, 2019
Қызылорда облысы Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік рәміздер аллеясында өткен салтанатты шарада ел тарихын қалыптастырудағы мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтті.
05 Маусым, 2019
Маңғыстауда жүк көлігінен 13 460 000 дана темекі тәркіленді
Маңғыстауда шұғыл-іздестіру шарасының кезінде жалған құжаты бар 13 460 000 дана темекі тиеген жүк көлігі ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Маусым, 2019
Үш айда 44 жоба қаржыландырылды
Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 3 айда 44 жоба қаржыландырылғандығын хабарлайды.
05 Маусым, 2019
Әскери қызметшілер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
Мемлекеттік рәміздер күні «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде дөңгелек үстелдер, мемлекеттік рәміздердің салтанатты түрде жеке құрамға шығарылуы және мемлекеттік тудың көтерілуімен өтті.
05 Маусым, 2019
Қарағанды облысында сайлау күні 787 учаске жұмыс істейді
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні, яғни 9 маусымда Қарағанды облысы бойынша 787 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Бүгінгі күнде олардың бәрі де жауапты саяси науқанға толықтай дайын. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының мүшелері мәлім етті.
04 Маусым, 2019
Батыс Қазақстан облысында жаз басталғалы 107 өрт тіркелген
Биылғы жаз маусымы басталғалы бері Батыс Қазақстан облысында жалпы ауданы 5,6 га болатын 2 орман өрті және қураған шөп пен ағаштардың 107 жануы тіркелген. Бұл жөнінде жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков хабарлады.
04 Маусым, 2019
Сенатор Сәуле Айтпаева ЮНИСЕФ өкілімен кездесті
3 маусым күні Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитныйды қызметінің аяқталуына байланысты қабылдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
04 Маусым, 2019
Панфилов ауданында сел шайып кеткен ауылға жедел көмек көрсетілді
Күн райының қысқа күнде қырық құбылып, жауын-шашын мөлшерінің көп түсуі табиғат апатына себеп болуда. Кеше Алматы облысының Панфилов ауданына қарасты Пенжім ауылы селден кейін көтерілген тасқын судың астында қалды.
04 Маусым, 2019