Оқи отырыңыз
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ дүниежүзілік Жазғы универсиадада жерлестеріміз кезекті жүлделерімен жанкүйерлерін қуантып жатыр.
01 Тамыз, 2023
Әлихан Бөкейханның портреті бес қабатты үйдің қабырғасынан менмұндалағанда, Өскеменнің өңі өзгеріп салғандай болды. Әрі-бері өткендер «анау Әлихан ғой» десті мақтанышпен. Облыс орталығындағы үйлердің қасбетіне айналдырған жарты айдың ішінде осындай муралдың бесеуі салынған.
01 Тамыз, 2023
Өзге этнос өкілдері қазақша сөйлесе, жүрегің жылып-ақ қалады. Ал домбырамен Құрманғазының күйін бебеулетіп отырса ше?
01 Тамыз, 2023
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Біржанның інілері, Сараның сіңлілері» республикалық айтысына әулиеталық ақындар да қатысты. «Алматы тв» телеарнасы түсірген айтыс бәсекесінде өңірдің жүйріктері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, олжалы оралды.
01 Тамыз, 2023
Тамыз айында ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК тамыз айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Шілде, 2023
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
31 Шілде, 2023
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы жарияланды
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 31 шілдеге арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Шілде, 2023
Өзбекстандағы қазақ тілді БАҚ қызметкерлері Қ.Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды
«Отандастар қоры» қоғамы Өзбекстандағы 30 шілде - Халықтар достығы мерекесі күніне орай, Ташкент қаласында орналасқан Қазақ Мәдени орталығында қандастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Шілде, 2023
Жүрекке әмір жүрмейтіні рас қой. Бұған мысал көп. Соның бірі – қазақ жігіті Шерхан мен орыс қызы Юлиананың махаббаты.
31 Шілде, 2023
Қазақ елінің еркіндігін, бостандығын көксеп, саяси-қуғын сүргінге ұшыраған Алаш арыстарының ұрпақтары да зорлық-зомбылық пен қуғыннан көз ашпағаны белгілі. Соның бірі түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған Мұстафа Шоқайдың туған жиені 76 жастағы Серікбай Шермахан ақсақал Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында тұрады. Асылдың сынығымен аз-кем сұхбаттастық.
31 Шілде, 2023
Театр фестивальдеріне түбегейлі төңкеріс қажет: Еркін Жуасбек
Театр әлемі – сырттай сұлу көрінгенімен, ішіне үңілген сайын қатталған мәселе мен түйіні шешілмеген түйткілі мол сала және әрдайым түрлі пікірталас пен қызу талқыға арқау болып жататын шым-шытырық қайшылықтар алаңы. Актерлік өнер мен режиссура, драматургия мен талғам һәм сахнадағы түрлі тәжірибе – мұның барлығы әсерлі әңгіменің негізіне айналар тартымды тақырыптар. Осы орайда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, драматург, театр сыншысы, Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбектің айтары мол. Өнерді өз ішінен танитын тұлға театр туралы толғамдарын ортаға салды.
31 Шілде, 2023
31 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Шілде, 2023
Тығырыққа тіреген су тапшылығы
Сырдағы шаруалардың бүгінгі басты уайымы дария арнасының төмендеуі болып тұр. Кейінгі үш-төрт жылдан бері егін және мал шаруашылығымен айналысатындарды алаңдатып келе жатқан мәселе биыл тіпті тығырыққа тіреп қойды. Ерте көктемде су молайып, арнадағы артық су көптен кенезесі кеуіп жатқан көлдер жүйесіне жіберілгенін көрген жұрт «Бұйырса биыл қиналмаспыз», деп қуанысқан еді. Бірақ вегетациялық кезеңде Шардара су қоймасына болжанған су түспей, «Үйдегі есепті базардағы нарық бұзадының» кері келді. Амалы таусылған диқандар облыстық кәсіпкерлер палатасында сала мамандарымен кездесіп, мәселені шешудің жолдарын іздеді.
31 Шілде, 2023
Мұнайлы өңірдің өзекті мәселесі
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Атырау облысына жұмыс сапармен келіп, бірнеше нысанды аралады. Өңірдегі мәслихат депутаттарымен, кәсіпкерлермен, ауыл тұрғындарымен кездесуде өзекті мәселелер қозғалды. Оның ішінде инфрақұрылымдарды дамыту, кәріз жүйелерін жөндеу, бюджеттік төлемдерді қайта қарау, жұмыссыздық, баспанамен қамту, қоршаған ортаны қорғау секілді түйіні тарқатылмай отырған жайттар бар.
31 Шілде, 2023
Елімізде жас талантты футболшылардың жолын ашуға бағытталған «Super Bol 2.0» жобасының екінші маусымы өз мәресіне жетті.
31 Шілде, 2023
Алатаудың баурайында жиырма жылға жуық жым-жырт жатқан Медеу шатқалдарын қуатты музыка үнімен жаңғыртқан «Азия дауысы» халықаралық фестивалі қайта оралды. Алматылықтардың өміріндегі ең аяулы сәттер, жарқын естеліктердің бір парасы дәл осы «Азия дауысымен» байланысты өрбіп, он бес жыл бойы үздіксіз өткен дәстүрлі ән байқауы белгілі себеппен үзіліп қалып, көрермен ұзақ жылдар бойы көз жазып қалғанда елегізіп іздегенін жоққа шығара алмас.
31 Шілде, 2023
Батыр мұрасы архивке табысталды
Батырдың ерлігі баршаға үлгі. Осы мақсатта Астана қаласының мемлекеттік архиві және Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастырумен Кеңес Одағының Батыры, ақын-жырау, соғыс ардагері Ғабдолла Мәмбетовтің мұрасы архив қорына табысталды.
31 Шілде, 2023
Мақаланың маңдайына жазғандай әңгіме Алексей жайлы. Дәл қазір біз үшін бұл Алексейдің басқа «алексейлерден» бағасы биік болып тұр. Иә, мәселе – оның сөзінде… Ол неге таза қазақша сөйлейді? Не себепті қазақ мектебіне барады? Мемлекеттік тілді білмегендерді мәңгүрт санайды. Оқушыға бұл сындарлы ой қайдан келді, мақсаты не? Біз бүгін соны айтамыз.
30 Шілде, 2023
БҚО-да күшті жел ағаштарды құлатып, үй шатырларын ұшыртқан
Аталмыш оқиғалар 29 шілде күні Батыс Қазақстан облысында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
30 Шілде, 2023
Түркістандық оқушылар ғарыштағы наноспутникпен байланыс орнатты
Еліміздегі жалғыз спутниктік робототехника үйірмесі Түркістан қаласындағы оқушылар сарайында жұмыс істеп тұр. Аталған үйірмеге қатысатын 30-ға жуық оқушының көбі - қыз балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.
29 Шілде, 2023