Оқи отырыңыз
Алматылық футболсүйер қауым айрықша жобаның куәгері болды. Шаһардың орталық стадионына жиналған жанкүйерлер 2006-2008 жылдары ұлттық құрама сапында ойнаған отандық ардагер футболшылармен жүздесіп, ардагер ойыншылардың «Super Bol» әлеуметтік-футбол жобасының өкілдерімен жолдастық кездесуін тамашалады.
08 Тамыз, 2022
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Цифрландыру саласы елімізде жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспар саналады. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру ісі елде тұрған басты мақсат екенін қадап айтқан еді. Осы орайда Үкімет те Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауға білек сыбана кірісуде.
08 Тамыз, 2022
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
«Әлем» балаларды оңалту орталығы жергілікті шенеуніктердің бюрократтық бөгетінен біраз уақытқа жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Қаржылық қиындықтарды бастан кешірген емдеу мекемесі церебралды сал ауруына шалдыққан және тірек-қимыл жүйесі бұзылған жасөспірімдерді қабылдап, оларға ем-дом шараларын жасайды. Кәсіби орталықта соңғы 23 жыл ішінде мыңға жуық бала көмек алған. Алайда соңғы уақытта ұйым әлеуметтік тапсырыс шеңберінде кедергілерге кездесуде.
08 Тамыз, 2022
Тарихта мәдениеттің жалпыадамзаттық қазынасына елеулі үлес қосқан әйел суретшілер аз емес. Шығармашыл ханымдардың өз қолтаңбасы арқылы әлемге айтары бар. Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде «Таң-Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының «Толғаныстар» атты көрмесі ашылды.
08 Тамыз, 2022
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Көктемде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткен еді. Оған бірқатар мемлекеттік орган өкілдері мен өңір әкімдері, Жазушылар одағы мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының басшылығы, тарихшылар мен әдебиеттанушылар қатысқан болатын. Жазушы мерейтойын атап өту жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарға сәйкес биыл 4 бағыт бойынша 86 іс-шара бекітілді. Соның ішінде Әуезовтің аяулы шығармасы –«Қилы заман» повесінің желісімен телесериал түсіру бастамасы да бар-тын. Фильмді кім түсіреді? Түсірілім жұмыстары қалай жүріп жатыр? Жалпы, қазіргі қазақ киносы әдеби туындыларды экрандауға дайын ба? Зерттеп көрдік.
08 Тамыз, 2022
11 елді мекенде мобильді интернет жоқ
Өңірде цифрландыру бағдарламаларына сәйкес ауқымды жұмыстар қолға алынып жатыр. «Smart City» жобасы, «Ақылды аялдамалар», «Бұлтты құжат айналымы», «Ата-ана бақылауы» жобаларын жүзеге асыру бойынша айтарлықтай жұмыстар қолға алынды. Дегенмен өңірде 11 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ.
08 Тамыз, 2022
Байрақты бәсеке жалауын көтереді
Бүгін Түркияның Конья қаласында V Ислам ынтымақтастығы ойындарының жалауы желбірейді. Бұл жарыста әлемнің 54 мемлекетінен келген төрт мыңнан аса спортшы бақ сынап, спорттың 23 түрінен барлығы 380 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Бауырластар бәсекесінде Қазақстан құрамасы сапынан 125 спортшы өнер көрсетеді. Олар спорттың 16 түрі бойынша жүлделерге таласады.
08 Тамыз, 2022
Қостанайда өткен мәдени-танымдық іс-шара барысында қала орталығындағы Ахмет Байтұрсынұлы алаңына тігілген он шақты киіз үйде қазақтың ежелгі салт-тұрмысы мен мәдениетіне қатысты авторлық қолөнер бұйымдары мен ұлттық киім-кешек үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды.
08 Тамыз, 2022
Елордада Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылды
Бүгін жаңадан ашылған Ұлы Дала көпірінде қозғалыс басталды. Бұл тез дамып келе жатқан мегаполистің көлік инфрақұрылымы үшін стратегиялық маңызы бар көпірлердің бірі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап .
08 Тамыз, 2022
Қытайда «Ланъя» вирусы пайда болды
Қытайда «Ланъя» атты жаңа вирус пайда болды. Ғалымдар вирус жануарлардан тарады деп санайды. Қазіргі уақытта оны 35 адам жұқтырды. Инфекция Қытайдың Шаньдун және Хэнань провинцияларында анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Тамыз, 2022
Биыл елімізде 2 мыңнан аса пәтер ұрысы ұсталды
Қазақстанда жыл басынан бері 2 мыңнан аса пәтер тонаушылары ұсталып, екі ұйымдасқан қылмыстық топ әрекетінің жол кесілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Тамыз, 2022
Қостанай облысында жоғалған баланы іздеуге тікұшақ қосылды
Қостанай облысында жоғалған бес жасар қыз тікұшақтың көмегімен іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Тамыз, 2022
ІІМ басшылық қызметтерінде ауыс-түйіс болды
Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы Полиция департаменті басшыларының жаңа орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
08 Тамыз, 2022
Атыраудағы тарихи-өлкетану музейінде құнды жәдігерлер қойылған ерекше көрме өтіп жатыр. Көрмеге Отырар қаласының тарихынан сыр шертер 80-нен астам құнды жәдігер қойылған.
08 Тамыз, 2022
Екі күнде алты киберқылмыс ашылды
«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегендей, қазір полицейлер де интернет-алаяқтарды құрықтау жолдарын жетілдіріп келеді. Шілденің 26-27-сі күндерінде Anti-fraud жедел-профилактикалық іс-шарасы режімінде жұмыс істеген солтүстікқазақстандық криминалдық полицейлер алты интернет қылмысты анықтады.
08 Тамыз, 2022
Семейде халыққа арналған қоғамдық кеңістіктер қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығатындай жақсы ұйымдастырылмаған. Айталық, шаһарда адамдардың серуендеп, тынығатын орындары шектеулі. Бар жерлердің өзі қаңырап, қараусыз күйде жатыр.
08 Тамыз, 2022
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңдерінде өнер көрсетіп жатқан қазақстандық «Тобыл» мен «Қызылжар» клубтары өткен аптада үшінші айналымдағы алғашқы ойындарын өткізіп, екеуі де сырт алаңда бір доп айырмасымен жеңіліп қалды.
07 Тамыз, 2022
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Осы сенбіде өңірдің аудан-қалаларында мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтті. Іс-шара «Мектепке жол» республикалық акциясының аясында ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындар мен сырттан келген қонақтар оқу құралдарын, киім-кешектерді арзан бағаға сатып алды.
07 Тамыз, 2022
Елорда төрінде жалауы желбіреген дзюдодан кезекті Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлықтың ең үздік балуандары төрт күн бойы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт кешенін дүбірге бөлеп, түрлі-түсті жүлделерді сарапқа салды. Азияның 19 елінен келген 200-ден аса балуан бақ сынаған жарыста Қазақстанның 18 спортшысы өнер көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Дегенмен жерлестерімізде өз жерімізде өткен құрлық додасында уыстап медаль алатын мүмкіндік болған еді.
07 Тамыз, 2022
Жолда опат болғандар саны азаяр емес. Иә, осыдан біршама уақыт бұрын Күйік асуына жақын маңда 15 автокөліктің қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 12 адам зардап шексе, бір азамат бақиға аттанып кете барған. Ал шілде айында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолында болған жол апаты кезінде үш адам өмірмен қош айтысса, тағы үш азамат аурухана төсегіне таңылған еді.
07 Тамыз, 2022