Оқи отырыңыз
«Қамқорлық» – Семейде таяуда ғана ашылған балаларды оңалту мен ерте араласу қызметтерін ұсынуға арналған орталық. Оңалту орталығы 3 жасқа дейінгі балаларды қабылдаса, ерте араласу орталығындағы жас мөлшеріне байланысты шекті деңгей – 3-18 жас аралығы.
18 Шілде, 2022
Ой жарыстырған оқушылар олжасы
Өткен аптада Қазақстан атынан қатысқан дарынды дарабоздар екі бірдей халықаралық пән олимпиадасынан үздік нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алтын, күміс, қола медальдар салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы халыққа Жолдауында дарынды балаларды қолдау шараларын әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай енді жоғарыдағы жарыстардың жеңімпаздары отандық ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай-ақ оқуға түсе алады.
18 Шілде, 2022
Павлодарлық 33 жастағы Андрей Карандашовтың қармағына балық түспесе де, халықтың назары түсті. Ол өмірін қатерге тігіп, ағайынды үш баланы суға батып бара жатқан жерінен құтқарып алды! Көзсіз ерлік екені сөзсіз. Жұртшылық әлі күнге дейін әлеуметттік желілер арқылы «Жарайсың, Андрей!», «Міне, нағыз азамат!» деп ыстық ықыласын білдіріп жатыр.
18 Шілде, 2022
Марқакөл, Күршім халқы көптен күткен көпірдің құрылысы алдыңғы жылдары басталған-ды. Алдын ала құрған жоспарларына сенсек, көпір 2025 жылы қолданысқа беріледі екен. Дегенмен көпшілік көпірдің уақтылы аяқталарына күмәнмен қарайды. Қарайтын жөні де бар.
17 Шілде, 2022
Лагерьдегі демалыс шаттық сыйлайды
Кейінгі жылдары балалар үйлері санын қысқарту, тәрбиеленушілерді отбасылық ортада өсіру бағытында кәсіби патронаттық отбасы институтын дамыту ісі тиімді жүзеге асып келеді. Осы орайда өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды әлеуметтендіру, толыққанды орта қалыптастырып, қоғамнан шет қалдырмай тәрбиелеуде кешенді бағдарламалар қолға алынып жатыр.
17 Шілде, 2022
«Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжанның өнер көрсетулерінің географиясы жылдан жылға кеңеюде. Осы жаздың өзінде оны көрермендері әлемнің бірқатар елдерінде күтуде. Атап айтсақ, отандасымыздың қатысуымен маусымда Миланда 8 Гала-концерт өтті. Енді әртіс Италияның басқа да қалаларының, сондай-ақ Франция мен Аустралия көрермендерін таңғалдыруға дайындалуда.
17 Шілде, 2022
Мерейтой Мельбурннан басталады
Белгілі жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековтің 80 жылдық мерейтойына орай жоспарланған ауқымды шаралар жиынтығы алыстағы Мельбурннан басталады. Бұл жаңалықты Еуразия кеңістігінде өмір сүретін халықтардың ұлттық мәдениетін өркендетумен айналысатын Ұлыбританияның қоғамдық ұйымы – Eurasian Creative Guild (Лондон) төрағасының орынбасары әрі Hertfordshire Press Баспалар үйінің басшысы Марат Ахметжанов пен Аустралияның белгілі театр режиссері Уоррен Уиллс сүйіншіледі.
17 Шілде, 2022
Мұқанғали Томанов: Театр көрерменді тәрбиелемейді
Сахна суреткерлікті сүйеді. Көркем ойлап, келісті өнер тудыра білген жанға киелі кеңістіктің ұсынар тартуы мол. Сондықтан болса керек, тағдыры театрға байланғандардың бәрінің бірдей өнерде жолы болып, өрісті өнер тудыруы сирек құбылыс. Саф өнер иесіне талғап, таңдап қонады. Режиссер Мұқанғали Томановтың спектакльдерін сана биігінде сараптап көрген көрермен дәл осындай ойға берілері сөзсіз. Бүгінде М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі қызметін абыроймен атқарып жүрген өнер иесінің әр қойылымы театр әлемінде елеусіз қалып көрген емес. Үнемі аншлаг, әрдайым жеңіс. Елімізді былай қойғанда, алыс-жақын шетелдерде туған елдің байрағын жоғары көтеріп, сәулелі өнерімен талайды тәнті етіп жүрген суреткердің көңіл түкпірінде сақталған сырлары да мол.
17 Шілде, 2022
Цифрлы белгісі жоқ темекіге айыппұл салынады
Бұдан былай цифрлы таңбалау коды жоқ темекі өнімдеріне айыппұл салынатын болды. Тіпті шылым өнімдері таңбаланбаса, тауарлар тәркіленіп, лицензиясынан айырылады.
17 Шілде, 2022
Қауіпсіз жағажай – семейлік бапкердің тартуы
Семейде жергілікті «атқамінерлер» ондаған жыл бойы шеше алмаған түйткілді мәселені күрестен балалар жаттықтырушысы нүктесін қоюға жақын. Атап айтқанда, грек-рим күресінің бапкері Ержан Амарханов өз қаражатына шомылуға арналған жағажайды салып жатыр.
17 Шілде, 2022
Таяуда Қостанайда қызуқанды испандықтардың сүзеген бұқадан қашып ойнайтын дәстүрлі мерекесіне ұқсас жағдай орын алды. Тапа-тал түсте қаланың қақ ортасында тұрпаты ту биеге бергісіз Әулиекөлдің асыл тұқымды көк сиыры пайда болды. Бұрын-соңды қала көрмеген жануар алдынан шыққан адамдарға ұмтылып, жұрттың есін шығарды.
17 Шілде, 2022
Аймақтың экологиялық жағдайына зерттеу жасалды
Қазақстандағы АҚШ елшілігі ел аумағындағы жоғары оқу орындарында экология және қоршаған орта саласындағы негізгі оқу бағдарламаларын дамыту жобасын қолға алып, бастама аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік мамандар қазақстандық жас ғалымдарға дәріс өткізді. Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Джихуан Чен бастаған он күндік воркшопта отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары облыс аумағында далалық жұмыстар жүргізді.
17 Шілде, 2022
Павлодардағы жасыл ормандар жұпсыз жібек көбелегі деп аталатын жорғалағыш құрттан зиян шегіп жатыр. Сырт көзге сүйкімсіз, өне бойы түкті жәндіктер ағашқа түссе, аз уақыт ішінде барлық жапырағын жалмап, жеп қояды. Топтанып жүретін жібек көбелегінің бұл түріне қарсы жергілікті орманшылар шарасыздық танытып отыр. Себебі жауапты мекемелер жағдайдың карантинге жатпайтынын айтып, жәндікке қарсы препаратқа ақша бөлмеген. Салдарынан апта сайын 700 гектарға жуық жердің орманы жапырағынан айырылып, сыйдиып, сұрқы қашқан тал-терекке айналуда.
17 Шілде, 2022
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ертең еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болып, найзағай ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
15 Шілде, 2022
Доллардың бағасы 480 теңгеден асты
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2022
Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов министрлік коммуналдық қызмет тарифтерін 180 күнге көтеруге мораторий енгізгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2022
«Самұрық-Қазына» қорының миссиясы қайта қаралады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сынынан кейін «Самұрық-Қазына» қорының миссиясы қайта қаралатын болды. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2022
Қазақстан 300 мың доза Pfizer вакцинасына тапсырыс береді
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 млн 630 мың 930 дозасы бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2022
Өткен тәулікте 1257 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте індет жұқтырудың 1257 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Шілде, 2022
Оқырман залына айналған саябақ
Мұнайлы шаһар тұрғындарының көбірек серуендейтін орны – Жайық өзенінің жағалауы. Облыстық балалар кітапханасының ұжымы өзен жағалауындағы жастар саябағын оқырман залына айналдырды.
15 Шілде, 2022