Пікірлер
Соңғы кезеңде батыс елдерінде адам өмірінің стандарттала бастағанын байқауға болады. Бұл елдерде адамның оқып, жетіліп дамуына бөлінетін әлеуметтік шығындардың ұлғайтылуын, адамның еңбек етуіне, білім алуына, денсаулығын күтуіне қолайлы жағдай туғызылуын, экономика арқылы түсетін кірістерді бөлу мұқият қаралып, бұл ретте Джини коэффицентінің (адамдар арасындағы табыс айырмашылығының көрсеткіші) қолданылуын соның бір көрінісі ретінде бағалауға болады.
29 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы Жолдауында көптеген жайдың бетпердесін ашып айтып, жұрттың көкейінде жүрген көп мәселенің түйіні шешілеріне үміт отын жақты. Соның бірі – қарасымен сан молайтып, бірақ ісінде сапасы жоқ қайсыбір мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту болды.
28 Қазан, 2019
Кеше мен бір ерлік жасадым. Кешке қарай жарты сағат таза ауада жүретін әдетім бар еді. Көшені жағалап келе жатыр едім, бір әйел адам асыға адымдап, мені басып озды. Ол біраз ұзағаннан кейін сәл тоқтап, телефонымен жүре сөйлесіп кете барды.
25 Қазан, 2019
Тойбастар көшесін қуалай төмен түскен бойда, күнбатысты бетке алып Тайбурылдың тақтайдай асфальт жолының жиегіндегі түп-түзу тротуармен жүріп келемін... Арт жақтағы Ықылас көшесінің зәулім теректері көз ұшында бұлдырап қалды. Алдымда – Тайбурыл тұйықталған жерден басталатын Жазира көшесі. Міне, оң қанатта Шабыт шағын ауданы деген тайға таңбай басқандай етіп жазылған көрнекі тақтаға көзім түсті, енді бір елу метрден соң Атамекен, одан әрі Алмас шағын аудандарының еңселі үйлерінің қақпалары қарайып жалғаспақ!..
24 Қазан, 2019
Қазақта бұрыннан келе жатқан «Уәде – құдай аты» дейтін өте мәнді тіркес бар. Неге мәнді? Өйткені уәде бұзылып, оның қоғамдағы рухани һәм имани құндылығы әлсіреген жерде береке қашады. Өйткені уәде дегеніміз – қауымды берекесіздіктен сақтайтын әрі адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынасты бұзбай ұстап тұратын мызғымас ұстын.
22 Қазан, 2019
Бейжіңнің ауасын мысал етеміз-ау...
Жақында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жаңадан әзірленіп жатқан экологиялық кодексте қоршаған ортаны ластағандарға салынатын әкімшілік айыппұлды 10 есеге өсіру тетіктерін қарастырып жатқанын естідік. Сөйтіп мемлекет табиғат пен оның ресурстарын келер ұрпақтан «қарызға алған» бүгінгі буынды айыппұл арқылы жөнге салуды көздеген тәрізді. Ал біз 10 еселік айыппұлды қолдаймыз. Өйткені табиғатымыздың тозып бара жатқанын байқап жүрміз. Әйтпесе тым көп айыппұлдың несі жақсы дейсіз?! «Сергектердің» өзі селт еткізетіндей «беделге» ие болғалы қаша-а-ан?!.
21 Қазан, 2019
Қазақ тарихындағы азаттық үшін арпалыстың, елдік үшін күрестің ғасырлар бойы бірізділікпен жалғасып, ұлттық дәстүр сабақтастығының арқасында егемендікке қол жеткіздік емес пе?! Ендігі жерде сол сабақтастық дәстүрі мемлекеттілікті нығайтуға бағытталса керек-ті.
18 Қазан, 2019
Бірқатар жылдар бойы шетелдік іссапарларға шыға жүріп, Батыстың дамыған елдері мен Қазақстан арасында елеулі айырмашылық бар екенін байқадым. Бұл айырмашылықтардың көзге бадырайып көрініп тұрғандары да, көрінбей тұрғандары да бар. Әңгімені көзге көрініп тұрғандарынан бастайық.
16 Қазан, 2019
Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
Жаяу жүргінші жолағында қандай да болсын жол-көлік оқиғасы орын алса, ең алдымен көлік жүргізушісі кінәлі саналады. Жүргізуші шапшаңдықты асыра сілтеді, жол ережесін сақтамады дегендей. Әрине, бұлай деп әңгіме айтудың да жаны бар. Өйткені алдымен көлік жүргізушісіне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Алайда жол-көлік оқиғасына біржақты ғана қарау мен себеп пен салдарды жете таразыламау нақты болған жағдайдың ақиқатын қаншалықты ашады?
15 Қазан, 2019
Күрмеуі күрделі кооперативтердің күні бітті ме?
Алғаш құралғаннан бергі жиырма жылдан астам уақытта «жауырды жаба тоқымдап» келген ПИК-тердің (пәтер иелері кооперативтері) күні бітіп, соңғы тұяқ серпер сәті туған сияқты.
14 Қазан, 2019
«Айтсам, тілім күйеді, айтпасам, ділім күйеді» дегендей, мемлекеттік тіл маңындағы мәселелерге тоқталсақ, жарасы жазылмаған жануардай хәлден әлі арыла алмай келе жатқан жұрт екенімізді аңдаймыз. Тілімізден емес, мінімізден көретін келеңсіз-ақ жайт.
11 Қазан, 2019
Аристотель: «Би – адамның мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі...» деген екен. ЮНЕСКО-ның шешімімен 1982 жылдан бастап балетмейстер, би өнерінің шебері Жан Жорж Новердің (1727-1810) туған күніне орай халықаралық би күні мерекеленеді. «Балет өнерінің атасы» ретінде тарихта қалған француз реформаторының «Би мен балет жайлы хат» атты туындысы кез келген балет мектебі үшін әлі күнге дейін құнды құрал саналады. Мұнда балеттік қойылымдардың қыр-сыры, пантомимо және би өнері туралы егжей-тегжейлі жазылған еді.
10 Қазан, 2019
«Имидждік» жиын – қаржыны босқа шашу...
Қазіргі таңда қоғамымызда жиі қозғалып, түрлі сыни пікірлерге арқау болып жүрген мәселелердің бірі – ысырапшылдық. Мұны қоғамдық дерт деп атасақ та қателесе қоймаспыз.
09 Қазан, 2019
Ет импортына тәуелді ел Еуразияны асырай ала ма?
Біздің халық жылқының еті мен қымызы бойға – қуат, ойға – шуақ беретінін айтып шалқып сөйлеуге құмар. Дастарқан басында еттің пайдасы туралы екі сағат дәріс оқитындар да бар. Жалпы, қазақтың етқұмарлығы туралы әзіл-шыны аралас әңгіме, мақал-мәтел көп қой. Алайда қазір елдің бәрінің бірдей қазы кертіп жеп, саба-саба қымызды сапырып ішуге шамасы жете бермейтіні тағы рас.
08 Қазан, 2019
Бір жазушы ағамыз өзінің сұхбатында жастық шағы туралы айта келіп, «Оқудан құлап келдім. Әкемнің алдында құным түсіп кетті. Малға салды» деді. Осы сөзді естігенде әуелі аңтарылып, кейін іштей абыржытқан түсініксіз күй кештім. Ойландырды. Әке мен бала арасындағы осы бір жағдаят адам мен қоғам, адам мен мемлекет, адам мен әлем арасындағы қатынастың кіші формасы секілді көрінді маған. Тіпті, жаратушы мен адам арасындағы рухани байланыста да осы тұр.
07 Қазан, 2019
Ұлттық дәстүр жоқ жерде намыс та болмайды!
Ұлттық дәстүр, өткеннің өнегесі ұлықталмаған жерде жетістікке де, жеңіске де жету қиын. Әсіресе спорт әлеміндегі ұлттық намыстың жөні бөлек. Ал аты ғана ұлттық болып, ішкі тірлігі бабалардың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өмір сүру дағдысын, танымын жоққа шығарар болса, осынау бейбіт заманға, азаттыққа жеткізген бабалардың ерлікке толы күрес жолына жасалған қиянат болып шықпай ма?!
04 Қазан, 2019
ХІХ ғасырда Солтүстік Америка құрлығын ат тұяғының дүбіріне бөлеген малшылар өткен. Бізге вестерн фильмдері арқылы жақсы таныс «ковбойлар». Олар ранчо иелерінің малын бағатын, табын-табын сиырды алыстағы жайылымдардан темір жол стансаларына айдап апаратын. Олардың дәурені кәдімгідей Батыс мәдениетінде ковбой әндері, поэзиясы, балладалары мен аңыздарын қалыптастырғаны бар.
03 Қазан, 2019
Соңғы уақытта елімізде жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Соның салдарынан қаза тапқан, мүгедек болып қалған, түрлі жарақат алған адамдардың есебінен жаңыласыз...
01 Қазан, 2019
Елді танытатын – ерек таланттар
Мысалы, Тимур Бекмәмбетовті, Тоқтар Әубәкіровті, Талғат Мұсабаевты, Ерік Құрманғалиевті, Майра Мұхамедқызын, Димаш Құдайбергенді өзара не ортақтастырады деп ойлайсыз? Дұрыс, бұлардың бәрі қазақтар, тарихи Отаны – Қазақстан. Басқа не болуы мүмкін?
30 Қыркүйек, 2019