Пікірлер
Аманат – адамның бойындағы ең асыл қасиеті. Атамыз қазақ «Аманат– молшылық әкеледі, қиянат– кедейлік әкеледі» деген. Яғни, аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады. Аманаттың түрі көп. Ең үлкен аманат адамның – жаны. Бұрынғы абыз-жырау аталарымыз: «Алланың аманатқа берген жанын, кезегі келген кезде қайтарамын» деп бекер айтпаса керек.
20 Ақпан, 2020
Абай және оның дүниетанымы туралы айтқанда ой-танымының, әсіресе шығыстық-діни терең толғамдарының қалыптасуына ықпал еткен тұлғалар туралы тоқталмай кету әсте мүмкін емес. Дала дәстүрі мен халық философиясын бала жастан бойына сіңіріп, кейін медреседе оқып, тіл үйреніп, өздігінше ізденген данышпанның Шығыс пен Батысты тел еміп, адамзаттық өреге көтерілуіне, әрине оқыған кітаптары мен тәлім алған ұстаздарының тигізген әсері орасан зор болғаны анық. Абайға әсер еткен сондай тұлғаның бірі де бірегейі татар халқының ұлы перзенті Шихабеддин Маржани (1818-1889) екені белгілі.
19 Ақпан, 2020
Жұрт көңілі билікке қайтсе толады?
Ұлы ойшыл Абай атамыздың елге барынша танымал «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең – істің бәрі бос» деген өсиет сөзінің мәнісіне ой жүгіртсек, одан ұлт болып ұйысуда, халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік ауадай қажет екендігі айқын көрінеді. Ал еліміздің бірлік пен ынтымақты ту етіп, алға басуы үшін бірінші кезекте атқарушы билік өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруы тиіс.
18 Ақпан, 2020
Қордайдағы жанжал тез тұтанып, соңы қақтығысқа айналды. Бейбіт күнде оқ атылып, жазықсыз жандар опат болды. Әрине, қайғылы жағдай. Қайтыс болған отандастарымыздың отбасыларына көңіл айтамыз. Жаралылардың да тез сауығып кетуін тілейміз.
17 Ақпан, 2020
Жалпы алғанда, республикада жыл сайын 38 мың тонна қой жүні өндіріледі. Оның ішінде 7 мың тоннасы биязы, 4,4 мың тоннасы жартылай биязы және 20,6 мың тоннасы қылшықты жүн. Яғни, Қазақстанда негізінен жартылай қылшықты және қылшықты жүн өндіріледі деген сөз. Ал биязы және жартылай биязы жүнді импорттауға тура келеді.
13 Ақпан, 2020
Еліміздің Қордай ауданының Масаншы, Сортөбе ауылдарындағы болған оқиғалар жұртшылықты дүр сілкіндірді. Жеке адамдардың ортасында болған кикілжің халықтар достығына, қоғамдық келісім мәселесіне сына қаққандай болып отыр. Әрине, оның негізгі себептерін арнайы құрылған комиссия анықтай жатар. Дегенмен қолыма қалам ұстаған журналист болған соң осы оқиғаға орайлас ойыммен бөліскім келеді.
12 Ақпан, 2020
Дәл қазір сексеннің сеңгіріне болат тұяғын тіреп тоқтаған, ұлтшыл жазушы Мұхтар Мағауин ертеректегі бір сұхбатында: «Көшеде келе жатып қарсы ұшырасқан қазақтардың жүзіне қарап-ақ олардың тұла бойындағы ұлттық бояуы мен ана тілін қаншалықты білетінін бірден байқаймын» деген екен. Бұл рухани ой-өрісі кемелдеген тұлғаның бәріне тән құбылыс. Мұны қазақша – сұңғылалық десе, ғылым тілінде – энтелехия деп атайды.
07 Ақпан, 2020
Әмір Темір заманында ғұмыр кешкен әйгілі шығыс ойшылы Ибн Халдун деген оқымысты «Мұқаддима» атты еңбегінде өркениеттер мен мемлекеттердің де өмірге келгеннен кейін өсіп, өркендейтінін һәм уақыты келгенде өлетінін айта отырып, олардың өшуіне ынсапсыздық пен ысырапшылдықтың себеп болатынын жазған екен.
06 Ақпан, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуықта жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы тұлғаның рухани мұрасын парасат биігінен бағамдай отырып, ақын барлық бастамашылдықта адалдықты жоғары қояды деген тұжырым жасапты.
04 Ақпан, 2020
Дәстүрлі қазақ қоғамында хандармен қатар халық арасынан шыққан билердің ықпалы да, рөлі де жоғары болғаны белгілі. Биге қатаң талаптар қойылған. Олар сайланған жоқ, халықтың арасынан іріктеліп шықты.
03 Ақпан, 2020
Біздің қазақ әлмисақтан байлықты малмен өлшегені мәлім. Оны бата-тілек, мақал-мәтел, жыр-дастандарға қарап-ақ аңғаруға болады.
31 Қаңтар, 2020
2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефонын пайдалану адам денсаулығына зиянсыз деген пәтуа айтқан еді. Қазір бұл ұйым жоғарыдағы айтқан сөзінен айнуға мәжбүр болып отыр. Өйткені, соңғы кезде қоғам өміріне дендеп енген «ақылды» телефондардың адам денсаулығына, соның ішінде балаларға зияны туралы педиатр-дәрігерлер дабыл қағуда.
30 Қаңтар, 2020
Мұның соңы шетелден келген қонақтардың елімізге деген сеніміне селкеу түсіретінін көріп жүрміз. Неге дейсіз ғой. Тарқатып айтайық.
29 Қаңтар, 2020
Ата-бабаларымыздың байырғы ырым-тыйымын ескерсек, қазақ түнде үйден күл шығармаған, себебі күл төгілген жерді басуға болмайды, түрлі жамандық атаулы күлмен бірге көшеді, күлден шыққан жамандық адамның өзімен бірге үйіне ілесіп барады деп сақтандырған.
28 Қаңтар, 2020
Негізі бизнес бастау қиын емес. Қаржысы бар адам жоспар құрып, түрлі жобалар бойынша кәсібін бастай береді. Бірақ бизнесті қарқынды дамыту қиын. Әрине, мемлекет шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін қаншама көмек жасап жатыр. Атап айтқанда, бизнеске қолдау көрсету мақсатымен түрлі тексерістер жүргізуге мораторий енгізілді. Шағын және микро бизнес салықтан босатылды. Осының нәтижесінде елімізде қолға алған кәсібін дөңгелетіп, қаншама адамды жұмыспен қамтып, сапалы өнім шығарып жатқан кәсіпкерлер көп. Қалай айтсақ та, бұл сала ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс беріп, жұмыссыздықты азайтуы тиіс.
27 Қаңтар, 2020
Соңғы жылдары әлем экономикасында «Халал стандарты» дейтін жүйе пайда болды. Тіпті Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамында «Total Global Halal industries» атты құрылым өз жұмысын сәтті жүргізіп келеді. Құрылымның құрылтайшысы – Малайзия. Бұл елде шығарылатын өнімнің 95 пайызы халал стандартқа сай.
24 Қаңтар, 2020
Бала кезімізде біздің шап-шағын ауылдың әр жерінде «күнкөсем» тұратын. Контордың, қазіргіше әкімдік кеңсесінің – ауылдың ең көрікті жерінің алдында Ильичтің басына телпек киіп, оң қолымен жарқын болашақты нұсқап тұрған бейнесі болды.
23 Қаңтар, 2020
Интеллигент – интеллект иесі деген сөз. Абайша айтқанда «есті адам». «Интеллигенция» сөзін әлемдік әдебиетке алғаш 1860 жылдары енгізген журналист Боборыкин бұл ұғымды «шығармашылық жұмыспен һәм ой еңбегімен айналысатындар» деген мағынада қолданған.
23 Қаңтар, 2020
Былтыр елімізде кедейлік шегіндегі көп балалы аналар мен отбасыларды қолдауға арналған іс-шаралар қабылданғаны белгілі. Биыл атаулы әлеуметтік көмек беру жүйесіне бірқатар өзгертулер енгізіліп, табысына қарамастан 4 және одан да көп баласы бар отбасыларға тұрақты жәрдемақы және табысы төмендеріне оған қоса атаулы көмек беріле бастады.
22 Қаңтар, 2020
1980-жылдардың ортасында «Комсомольская правда» газеті Мәскеу тұрғыны, Жуковский атындағы әуе-әскери академиясының түлегі, техника ғылымдарының докторы, профессор, полковник Раунақ Есенберлинге өз өміріне әсер еткен тұлға жайлы естелік жазып беруді өтініпті. Раунақ көкеміз әрі-бері ойланып «Мен үшін ерекше адам» деген тақырыппен жалғыз ағасы, тау тұлғалы жазушы Ілияс Есенберлин жайлы қалам тартқан екен.
21 Қаңтар, 2020