Пікірлер
«Өзге жұрт аспан-көкке асып жатыр...»
«Малдан малдың несі артық, бір-ақ асым еті артық. Ерден ердің несі артық, бір-ақ ауыз сөзі артық» дейді бабаларымыз. Бұл сөзіне ісі сай келетін, аузынан шыққанды міндетті түрде орындайтын адамды меңзегені. Яғни, ердің артықшылығын айқындайтын басты қасиет – тындырғын ісі болса керек.
02 Маусым, 2020
Ғылым – руханияттың көзәйнегі. Кез келген жаратылыс жұмбағының ішкі астарына үңіліп, жан құпиясын жарыққа шығаратын сана биігіндегі толғам. Алып ақыл иесі Абай атамыз «адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деп тәпсірлейді.
01 Маусым, 2020
Зұлмат, зұлымдық – «қара түнек» деген мағына береді. Саңылаусыз, сәулесіз, соқыр қараңғылық. Күштеу, қинау, қырып-жою, зорлық-зомбылық жасау, адам өлтіру деген мағынасы да бар. Айдың нұры, жұлдыздың жарығы түспейтін түпсіз қараңғылықта жапанда жалғыз қалған адамның бойын қорқыныш билейтіні сияқты, зұлымдық та елдің бойына үрей болып енеді, сөйтіп сүйекке сіңеді. Зұлымдық – қолдан жасалады, зұлматты ұйымдастырған залым болады, ал зобалаңға ұшыраған жұрт «мазлұм» аталады. Бұл орайда «мазлұм» – қазақ халқы, ал «залымның» Сталин екені белгілі.
31 Мамыр, 2020
Білім ісі – жұрт ісі. Оны ұлт ісіне айналдыру керектігі әлімсақтан айтылып келеді. Ежелгі дәуір алыптарынан бастап, бүгінгі ғұламалар да оны жаңғыртуда. 1017 жылы өмірге келген Ж.Баласағұни: «Білсе білім – күнде бақыт кісіге, үлкен атақ содан келер кішіге», депті.
29 Мамыр, 2020
Мемлекеттік тіл: Естір құлақ есті болса...
Бұқара мен билік арасының алшақтап кеткенін айқындаған шетін жағдайлар дер кезінде көпшіліктің тілінде диалог орната алмаған шенеуніктерге әжептәуір сын болғаны анық. Онсыз да оңалмай тұрған істі, қоғамның олқы тұсын қозғағанда мемлекеттік қызметшілерді мінеу азайған емес. Алайда ел ісін үйлестірер мемлекетшіл тұлғаның мемлекеттік тілге келгенде мүлт кетуіне болмайды.
28 Мамыр, 2020
Қоғамда қайырымды жандар көбейіп келеді
Атқарушы биліктің назарынан тыс қалған шетін мәселелерді шешуде және көмекке зәру, шарасыз қалған тағдыры қиын жандар мен отбасылардың басындағы ауыртпалықты жеңілдетуде, оларға қуаныш сыйлауда қайырымдылық қағидаттары негізінде амал жасап жүрген отандастарымыз, Құдайға шүкір, көбейіп келеді.
26 Мамыр, 2020
Қазақтың түйіп айтқан әр сөзінің түбінде қатпар-қатпар қазына жатады. Ұлы даланың төсінде емін-еркін көшіп-қонып, мыңдаған жылдар бойы мағыналы ғұмыр кешкен қазақ баласы өзінің жүріп өткен өмір жолын тобықтай ғана сөзбен түйіндеп отырған. Сондай салмақты сөздердің бірі нағашы турасында айтылған. Нақты нақылдан небір ұлағатты ой қорытуға болады.
25 Мамыр, 2020
Өткен аптада сенаторлар Конституциялық Заңға сәйкес Бауыржан Жұмағұлов пен Асқар Смайыловты басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы соттың судьясы қызметтерінен босатты. Жұмағұлов – Атырауға, Смайылов Алматыға сот төрағасы болып кетті. Осы ақпарат мына бір жайтты есіме түсіргені...
25 Мамыр, 2020
Экономикамызды өрге тартып тұрған – ірі кәсіпорындар. Елімізде 438 мың тіркелген заңды тұлға бар, оның шамамен 25 мыңы – өнеркәсіп, 54 мыңы – құрылыс саласында. Өнеркәсіп саласының үлесі ішкі жалпы өнімнің 34,1%-ы құрайды. Карантин жағдайында олардың көпшілігі жұмысын тоқтатуға, немесе шектеу жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр. Осы орайда ұмытылған тәжірибе еске түседі, ол кәсіпорындар мен мекемелердің қосалқы ауыл шаруашылығымен айналысуы.
22 Мамыр, 2020
Жер шарын шарпыған пандемияға байланысты көптеген сарапшы мен маман енді әлемнің бұрынғыдай болмайтынын, көп нәрсенің өзгеретінін айтып жатыр. Рас шығар.
20 Мамыр, 2020
«Дінің тұрсын дін аман!» Заманның тыныштығын, елдің амандығын тілеген жамағат жиі айтатын қазақтың осы нақыл сөзінің мән-мағынасына терең үңілгенде бейбіт өмірдің берекесін қашырар себеп-бастаулардың алдыңғы қатарында адамдардың дініне, наным-сеніміне бағытталған қиянат пен зорлық, оған қарсылық, төзбеушілік әрекеттері тұратынына көзіміз жетеді.
19 Мамыр, 2020
Жұмырбасты пенденің әуелі қуанышын бейнелеуге асығатын лепті сөйлемдерді ұнататыны жасырын емес. Сымдай тартылған, тіп-тік, қасқайып, қайқайып тұратын, қойылған жерінің мән-маңызын арттырып, айбынын асырып көрсететін бұл айбарлы, маңғаз таңба бір қарағанда кербез кісідей көрінеді. Екі-үшеуі қатар келгенде сөйлемді тіпті түрлендіріп, дауысыңды ерекше көтеріп айтуға мәжбүрлейді. Кез-келген жай сөйлемнің өзін ұран мен үндеуге айналдыра алады. Сүйсінгеніңді, сүйінгеніңді сүйіншілеп тұрады. Бір нәрсенің аяқталғанын және оның жоғары деңгейде орындалғанын да айқындап береді. Бояуы қанық, бәдені бөлек, абыройы артық. Содан ба екен, кез-келген сөйлемнің соңына леп белгісін қоюға әуестене бастағандар бірте-бірте мақтануға, артық пафосқа берілуге, эмоцияның иіріміне түсіп, қиқулап қолпаштауға бейімделе кетеді.
16 Мамыр, 2020
Қабанбайды көрсетсең, Қарасай дейді...
Егер бір қазаққа Қабанбай батырдың портретін көрсетіп, «Мынау қай батыр еді?» десеңіз, бар қазақтың шатасатыны анық. Біреулері Бөгенбай деуі мүмкін, тағы біреулері Наурызбай, Райымбек, Ағыбай, Қарасай... деп өзі білетін батырлардың есімдерін тізіп шығады. Тіпті, Қабанбай ғой деп тап басып айтып қалуы да мүмкін.
14 Мамыр, 2020
Саксафон көмейінде сыңсыған ән
Елордадағы Бөгенбай даңғылының бойында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан даңғарадай екі сауда үйінің қақ ортасымен жер асты жолы өтеді. Қазақтың ең әсем, ең сазды әндерін осы жер асты жолынан өткен сайын естіп жүретінмін.
13 Мамыр, 2020
Бұрынғыша өмір сүру енді мүмкін емес
Індет бүкіл әлемді жайлап кетті. Бір сәтте өмір тоқтағандай... Үлкен қалалардың көшелері қаңырап бос қалды. Көкейде күдік пен үрей де жоқ емес. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан батыл қадамдар мен нақты шараларға түсіністікпен қарап, оларға қолдау көрсеткеніміз жөн.
11 Мамыр, 2020
Шариғат үкіміне сай құрылмаған отбасылық тәртіп түбі баянды болмайды. Әсіресе Алланың әмірін, жаратылыс заңдылығын білген пенделер жүйесіз өмір сүре алмайды. Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор – отбасы.
06 Мамыр, 2020
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әр мемлекет үшін ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі күрделі мәселе. Сондықтан бұл да Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі саналады.
05 Мамыр, 2020
Қоғамдық келісім мен бейбітшіліктің маңызын ұғындырар ұлағатты ұғымдар санада жаңғырған сәттерде, іргесінен су кетіп, берекесі қашқан, татулық туын жығып алған кейбір елдердегі қиын жағдайларды ойлағанда ел ынтымағының, ел бірлігінің қаншалықты маңызды екенін терең түсінесің.
01 Мамыр, 2020
Қазақ суретшілерінің картинасы қаншалықты құнды?
Шынын айту керек, біз картиналарды көбіне музейлерден, үлкен кеңселердің төрінен көреміз. Кейбір жеке пәтер, үйлердің қабырғасына ілінген картиналарға енді-енді көзіміз үйреніп келеді. Онда да қылқаламмен салынған осынау дүниелердің маңызына, сапасына, авторына мән бере бермейміз. Көбіне гүл, табиғат көріністері, құйындатып шауып бара жатқан бір үйір жылқының суреттерін көріп, «тамаша екен» деп, тамсанумен тынамыз. Мерейтой иесіне картина сыйлағанда оның авторы кім, түпнұсқа ма, жоқ көшірме ме, ол жағы мүлдем айтылмайды.
30 Сәуір, 2020
Ұлтты құртатын жадағайлық, жалт беріп кететін, өзімшілдіктің құрдым құлына айналған рухсыздық. Керісінше болса, кемелдіктің көкжиегінде табаныңды нық тіреп, қадамың аршынды болады. Мерейің үстем тұрады.
29 Сәуір, 2020