Пікірлер
Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар. Ақылдының сөзіндей ойлы күйді Тыңдағанда, көңілдің өсері бар... – деп Абай атамыз айтқандай, шіркін қазақтың дәстүрлі әні қандай еді. Дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасында және халық композиторы Әсет Найманбайұлының «Інжу-маржан» әнінде айтылатын: «Шырқатып, шығандатып, шалықтатып, Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп, Талдырып, талықсытып, тамылжытып, Орғытып, орағытып, баса өрлетіп. Самғатып, саңқылдатып, cap желгізіп, Ұрынтып, өршелентіп, бәсеңдетіп. Серпілтіп, сумаңдатып, сексен ырғап, Қырық қарпып, тоқсан толғап, бес өрлетіп. Қарқынды үн – қан қайнатып, жүрек жұлып, Жан жалмап, көңіл тербеп, әсерлетіп. Төгіліп, баяулатып, сорғалатып...» дегеніндей халықтың әні қазақтың көңіл ажары еді ғой.
18 Тамыз, 2020
Кітап дүкеніндегі балаларға арналған кітаптардың арасынан кездейсоқ «Күлшеқыз» ертегісін көріп қалдым. Бұл ертегіні білмейтін адам жоқ шығар. Біз де бала кезімізде осы ертегі желісімен түсірілген орысша мультфильмдер мен киносын көргенбіз, қазақша кітабы кейін шықса керек.
17 Тамыз, 2020
Әлеуметтік желіні ашып қалсаң да, әлдекіммен әңгімелесе қалсаң да сыни пікірлерге көп кездесесің. Әсіресе билікті жерден алып, жерге салып, қоғамды кінәлап, халықтың кемшілігін бетіне басып жатқандардың қатары қалың. Құдды сын айтудан атан жарысқа түсіп жатқандаймыз.
14 Тамыз, 2020
Қайран ауа, қымбаттап барасың ба?
«Орман дегеніміз – даланың өкпесі ғой» деп еді қазақ журналистикасының маршалы Шерхан Мұртаза. Қандай дәл айтылған сөз. Адамдар неге тау мен орманға, теңіз бен өзен-көлдердің жағасына қарай ұмтылады. Табиғат аясы екендігі өз алдына, сонымен қатар онда ауа құнары бөлек болады.
13 Тамыз, 2020
Келмеске кеткен Кеңес Одағының жер-жебіріне жетіп, игілігімізді рұқсатсыз иемденген мәскеулік ұлықтарды жеті атасына дейін қарғап-сілеп, бар кінәні де, бар күнәні де солардан көріп, жанымызды жұбатып келгенімізге де отыз жылға жуықтапты. Яғни тәуелсіздік алғанымызға осыншама жыл. Бұрынғыдай бар байлығыңды тартып алатын орталық жоқ, кадрлық саясатқа да Мәскеу араласа алмайды. Қысқаша қайырғанда, төл мемлекетіңе өзің би, өзің қожасың...
11 Тамыз, 2020
Бұл Ұлы дала төсінде төрткүл дүниеге сауын айтып, Алты сан Алаштан алақайлап сүйінші сұрайтын, ұлтымыздың дара келбеті, ұлы ойшылы, хакім Абай рухын асқақтата көрсететін қайырлы күн!
10 Тамыз, 2020
Әлемді жайлаған індеттің енді қандай «сыйы» бар екені бізге беймағлұм. Ал «екі апталық» карантин режімі ұзара келе міне, алтыншы айға ұласты. Медицинасы қарыштап дамыды деген елдердің өзі бүгінде алаң күй кешіп отыр. Дүние дағдарып, дүрдараз болып келген мемлекеттер бұл мәселеде мәмілеге келуге мәжбүр, қитұрқы кеселдің емі мен екпесін қосыла іздеп жатыр.
07 Тамыз, 2020
Бірде қазақ радиосын қосып қалып едік, сатира сардары Көпен аға күлдіріп әңгімесін аяқтап жатыр: «Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім». Дәл айтылған диагноз деп қалдық. Көпекең бұл жерде жалпы адамзаттық күлкі турасында емес, қазақ әзілінің қазіргі әдебі тұрғысында ой түйіндегеніне еш күмәніміз жоқ. Сатирик сөзінен аңдағанымыздай, жымиып қана күлетін қазақ жүзіндегі әдемі күлкі бүгінде бос ыржыңға айналған.
06 Тамыз, 2020
«Атыңнан айналайын Қарқаралы, сенен бұлт, менен қайғы тарқамады», дейді Мәди. Жалпы, көркем әдебиетте мұң басқан көңіл, халық басындағы қайғылы жағдай көк жүзін тұтып алған қалың бұлтқа теңелетіні белгілі. Өйткені аспанды бұлт торлағаны адамның көңіл күйіне де әсер етеді. Жарқ етіп бұлт астынан күн шықса, көңіл де көтеріліп сала береді.
04 Тамыз, 2020
Қазақ халқы ежелден әділдікті өмір сүрудің өзегі деп білген. Яғни қай заманда, қай кезде болмасын қоғамды береке мен бірлікке бастайтын, елдің шаңырағын шайқалтпай, іргесін сөктірмей ұстап тұратын ұстыны – әділдік. Атақты қытай ғұламасы Күңзі қария «Әділдігі жоқ қоғам – ешқашан кемелденбейді» деген екен.
03 Тамыз, 2020
Интернет аштығы немесе ашаршылығы бола ма? Әрине, болады. Бірақ интернеттің, одан кейін өмірге келген цифрландырудың алғашқы даму сатысында біз мұны пәлендей сезінбеуіміз мүмкін. Өйткені бұл – өркениет жетістіктеріне сәйкес туындайтын кеселдердің бірі.
31 Шілде, 2020
«Бүлінген» блогерден өнеге алма!
Қазір әлеуметтік желіде мынадай қызық үрдіс бар. Кез келген даулы оқиғадан кейін кінәлі тарапты ақтаған жазбалар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ секілді қаптап шыға келеді. «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса». Әркім әлеуметтік желідегі парақшасына не жазатынын өзі біледі. Әйтсе де, кенеттен бір сарынды жазбалардың қаптап кетуі күмән тудыратыны бар.
30 Шілде, 2020
Аяғына тұсау, мойнына шалма салдырмай діңкелеткен асаудай көрінетін сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіріп қана қоймай, экономикалық тұрғыда дамуымызға да барынша кері әсерін тигізіп отырғанын қоғамымыздағы барлық тарап қымсынбай мойындайды.
29 Шілде, 2020
Елдік істі атқару кімге де болса сын. Сыннан сүрінбей өту – парыз. Парызға адалдық – азаматтық қарыз. Қарыз бен парызды қара басының қамына, құбырдай құлқынына икемдегендер, жұрт болғалы жұтудай жұтып, жыртығымызды жамай алмай келеміз.
28 Шілде, 2020
Құндылықтарынан айырылған қоғамның құбыласынан жаңылған жұртқа айналатыны белгілі. Қырық құбылған мына заманда қаймана қазақ та асыл қазынасын – рухани құндылықтарын жоғалтып жатқандай көрінеді. Сертке сенген, сөзге тоқтаған халық едік, сенімге селкеу түсті. Кез келген жайтқа күдікпен қарап, күмән келтіреміз. Сөздің астарына үңілмей, ақиқатына жүгінбей, айтары жоқ болса да, айқайы бардың айтағына ереміз. «Коронавирус жоқ, пандемия өтірік, бәрі қазаққа чип салу үшін жасалып жатыр екен» деген дақпыртқа да сендік. Ұлы Абайдың «қазақтың шын сөзге нанбай, құлаққа қоймай, тыңдауға да қолы тимей, пәлелі сөзге, өтірікке серттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай кетпейтұғыны қалай?» деген сауалы тағы да алдымыздан шықты. Міне, «Абай деген адам болмаған екен» деген сөзге де ден қойып жатырмыз.
27 Шілде, 2020
«...Бола алмаймыз ешқашан ұлы халық!»
Қазір біздің қоғамда кім болсақ та әйтеуір қазақ болғымыз келмейтін бір жаман әдет қалыптасты. «Қазақ жалқау», «қазақ тойшыл», «қазақ мансапқор», «қазақ жемқор». Жаман қасиеттің барлығы байғұс қазақтың өн бойынан табылады екен. Басқасын қайдам, халқын жамандаушылар арасында жаһандық жарыс бола қалса, бас жүлдені қазақтар алатынына ойланбай-ақ бәс тіге беруге болады. Біз сияқты туған ұлтының жер-жебіріне жетіп ұрсатын халық жоқ шығар жер жүзінде?!
23 Шілде, 2020
Осыдан жиырма жылдай уақыт бұрын батыстың бір өнер қайраткерінің: «Мен жиырма бірінші ғасырда өмір сүрмейтініме қуанамын, өйткені ол ғасыр өте күрделі болады» деген сөзін оқыған едім. Ол – жиырмасыншы ғасырдың адамы. Кезінде жазып қоймаған соң аты-жөнін ұмыттым. Бірақ сөзі есімнен шыққан емес. Оның бұлай деуіне не себеп болды екен деп ойлаймын кейде.
21 Шілде, 2020
Жуықта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында: «Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі!», деді.
16 Шілде, 2020
«Қолымда бір қамшы бар сәліңгірдей, Атандым елге тентек кәдімгідей. Бір тентек ел ішінде жүрмей ме екен, Соңыма неге түстің бәрің бірдей?» Кеңес билігімен бітісе алмай, банды атанған Аманғалидің әні осылай басталады. Қазақтың қара өлеңінде алғашқы жолдар кейінгі жолдарға ұйқас болуы үшін әшейін ұйқас үшін айта салғандай көрінуі мүмкін. Алайда мазмұны жағынан жанама қатысы болып, кейінгі жолдардағы айтылған ойды сүйемелдеп тұрады.
15 Шілде, 2020
Белгілі ғалым Рахманқұл Бердібайдың: «Егістік жерді жаздың ыстық айларында бірнеше рет суармаса, шыққан егін мүлде қурап кететіні секілді дер кезінде жалғастығын таппаған дәстүр де жоғалады», деген сөзі кейінгі ұрпақты ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа баулып тәрбиелейтін, байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен тұратын жыр-толғау, терме жанрларынан көз жазып қала жаздап отырған қазіргі қалпымызға қаратып айтылғандай әсер қалдырады.
14 Шілде, 2020