• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Маусым, 2022

Ауылына аялдама сыйлады

549 рет
көрсетілді

Шет ауданындағы Жұмыскер ауылында бір жаға­дан – бас, бір жеңнен қол шығарған ұйымшыл ха­­лық тұрады. Соның айғағындай, осы ауылдағы орта мектепті отыз жыл бұрын бітірген түлектер таяуда жер­лестеріне тамаша тосынсый жасады.

Олар күре жолдың бойында орналасқан ауылдың кіре берісіне әп-әдемі қылып аялдама салып берді. Қызыл кірпішпен қапталған аялдама павильоны бейнебақылау камерасымен және жарықтандыру жүйесімен жабдықталған.

Осы игі істің басы-қасында жүрген белсенді азамат­тың бірі Ақылзат Жүнісов сыныптастарының ауыл үшін аянбағандарын айтады.

– Автобус күткен адамдар суықта тоңбасын, жаң­быр­да су болмасын деп осындай аялдама тұрғызуды жөн көрдік. Бұл іске атсалысқан сыныптастарыма айтар алғысым зор. Туған ауы­лымыздың өсіп-өркендегеніне бәріміз де мүд­де­ліміз және оған барынша үлес қос­қымыз келеді, – дейді ол.

Жалпы, 650-ге жуық адам тұратын Жұмыскер ауы­лында түлектердің туған жерге сыйлық жасауы дәс­түр­ге айналыпты. Ауыл әкімі Нұркен Арынов мұны елді, жерді сүйген патриотизмнің жарқын үлгісі деп санайды.

Ал Жұмыскердегі Абай Құнанбаев атындағы орта мектепті 1972 жылы бітірген түлектер бұдан бұрын да туған мекенге толымды тарту жасаған екен. Олар ауылға «Жан жүрегім Жұмыскер» деген жазуы бар құрылым сыйлапты.

 

Қарағанды облысы,

Шет ауданы,

Жұмыскер ауылы