Әдебиет • 02 Желтоқсан, 2019

Абай мен Жамбыл шығармалары армян тіліне аударылды

340 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ереванда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай армян тіліне аударылған «Қазақ әдебиетінің антологиясы» кітабының тұсаукесері өтті.

Абай мен Жамбыл шығармалары армян тіліне аударылды

Қазақстанның Армениядағы Елшілігінің мәліметтері бойынша аталған жинаққа 16-21 ғасырлар аралығындағы қазақстандық жазушылар мен ақындардың түрлі жанрларындағы әдеби шығармалар кірді. Мұнда әдебиеттану және ғылыми мақалалар бар.

Армян тіліне  аудару мен құрыстырушы ретінде М.Абогян атындағы Әдебиет институты мен Ереван мемлекеттік университеті болды. Көркем аудармасы мен басылымды дайындауға  тәжірибелі армян мамандары ат салысты.

Екі мемлекеттің бүгінгі тарихында тұңғыш рет ұлы қазақ классиктері мен әдебиет шеберлері Ованнес Туманян мен Хачатур Абовянның тілінде - Абай Құнанбаев, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев, Тайыр Жароков және басқада ұлы перзенттері сөйлеп кетті. Алайда, бұл қазақ әдебиетінің көрнекті шығармашылардың толық тізімі емес. Жалпы, бұл жинаққа 100-ден астам шығарма енді.

Қазақстанның Армениядағы Елшісі Т. Оразаев өзінің сөзінде, аталған жоба 2017 жылғы сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып келе жатқан «Рухани жанғыру» атты мемлекеттік бағдарламасы арқасында орындалғанын атап кетті. Оның негізгі мақсаты қазіргі әлемде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі  мен мәдени және зияткерлік әлеуетімен анықталатындығында жатыр. Осы тұрғыда елші Мәскеу мемлекеттік университеті жарыққа шығарған екі томдық Антология жинағына назар аударды. Сол жинақта аталған шара аясында армян қауымына ұсынылды.

Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрінің орынбасары А.Хзмалян өзінің құттықтау сөзінде әлемдік өнер үдерісінің біріктіру шеңберінде айқын көрініп тұрған қазақ әдебиеті ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мәдениетаралық үнқатысуды дамыту және әлемдік сахнада қазақ елінің рухани оң келбетін нығайту үшін стратегиялық тұрғыдан тұрақты екендігін атап өтті. Бұған себеп – Елшіліктің қолдауымен жарық көрген Антология.

Арнайы осы шараға Қазақстаннан келген қонақ, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Б.Жақып өз сөзінде қазақ жазушысы немесе ақынының өлеңдері немесе шығармалары әртүрлі тілдерге аударылған кезде ғана сұранысқа ие болады деп мәлімдеді. «Бүгінгі Антология - армян-қазақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға қосылған бағасыз үлес»-деді еліміздің жазушысы. 

Басылымның бас құрастырушысы, Әдебиет институтының директоры В.Деврикян өз сөзінде екі ел халықтарының шығармашылық әлеуетін дамыту жолында маңызды орын алатын Қазақстан мен Армения арасындағы әдеби сұхбаттасуды жандандыру мәселесіне тоқталды.

Жақын күндері Ереванның атақты «Bzez» баспасынан 300 таралыммен шыққан жинақ Арменияның 2 миллион адам қамтитын  жетекші кітапханалары мен жоғары оқу орындарына, сондай-ақ қазақстандық университеттер, ұйымдар мен қорларына жеткізіледі.

 

АЛМАТЫ