Оқи отырыңыз
«Астана Опера» театрының көрермендері үшін қаңтар айы қызыққа толы болмақ. Бір ай бойы мұнда Вена классикалық шығармаларының фестивалі өтеді. Оған Жапония, Моңғолия, Израиль, Эстониядан шақырылған музыканттар мен аталған өнер ордасының шығармашылық ұжымы қатысып, классицизм дәуірінің жауһарларын орындайды.
10 Қаңтар, 2023
Астанадағы Ұлттық музейдің төрін толтырып тұрған бір құнды жәдігер бар. Ол – Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының тайжақысы. Бұл жәдігерді айтулы тұлғаның қызы Гүлнәр Дулатова 2009 жылы бұрынғы Президент мәдениет орталығына тапсырған.
10 Қаңтар, 2023
Қазір қоғамда балалар арасында белең алған бір кесел – аутизм. Ашық ресурстағы деректер аталған сырқаттың әлемде де көбейгенін көрсетеді. Бұл туралы мәліметтер осы күні көп. 2000 жылдармен салыстырғанда қоғам да бұл балаларға қандай көмек керектігін жақсы біле бастады. Көпшілігінде ем қонбайтын дерт дегенімен, ертерек алдын алса, баланың ортаға бейімделуіне, бұйығы әлемінен бері қарай шынайы өмірге шығуына мүмкіндік барын да ешкім жоққа шығармайды.
10 Қаңтар, 2023
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында шымылдығы түрілген екінші турнирінде де сәтсіз өнер көрсетті.
10 Қаңтар, 2023
Былтыр Астанадағы әуежайда Fast Track қызметін 18,5 мың жолаушы пайдаланған. Fast Track қызметі елордалық әуе айлағында тіркеуден және тексеруден жедел өтуге мүмкіндік береді.
10 Қаңтар, 2023
Осыдан 33 жыл бұрын «Медеу» мұз айдынында тұсауын кескен «Азия дауысы» халықаралық фестивалі аз уақытта талай дарынды танытқаны баршамызға аян. Осынау музыкалық думан аясында өткен қызықты да тосын оқиғалар жадымыздан шыға қойған жоқ. Әлемнің әр шалғайындағы даңқы жер жарған өнерпаздарды Алматы төрінде тоғыстырып, әлі танылмаған жас әншілердің томағасын сыпырған да осы «Азия дауысы» болатын. Өкінішке қарай, аталмыш фестиваль кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты тоқтап қалған еді. Енді, міне, араға 18 жыл салып «Азия дауысы» үлкен сахнаға оралды.
10 Қаңтар, 2023
4-5 ақпан күндері теннистен 2023 жылғы Дэвис кубогінің іріктеу кезеңдері басталады. Әдеттегідей бұл сында Қазақстанның ерлер құрамасы да өнер көрсетеді. Александр Бублик бастаған біздің жігіттер бейресми әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін Оңтүстік Америка құрлығының өкілі Чили теннисшілерімен шеберлік байқасады. Аталған матч Тынық мұхитының жағалауында орын тепкен Чилидің тарихи әрі курортты қаласы Ла-Серена корттарында өтеді.
10 Қаңтар, 2023
Көппартиялық жүйе саяси бәсекелестікті арттыра ма?
Әлеуметтік топтар мен қалың бұқараның мүддесін көздейтін, азаматтардың саяси құқықтарының теңдей қамтамасыз етілуіне кепілдік бере алатын көппартиялық жүйе – демократиялық қоғамның басты ерекшелігі. Сол себепті де демократиялық процестерді ілгерілетуде көпшіліктің жаппай қолдауына ие болған, көздеген мақсаты айқын әрі пікірін іркілмей ашық жариялайтын, жауапкершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті партиялардың қалыптасуының маңызы зор.
10 Қаңтар, 2023
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың күретамырына айналған маңызды сектор. Себебі мұнда пайдалы қазба мен басқа да табиғи шикізатты өндіруден бастап, өңдеуге машықтанған әрі халыққа алуан түрлі тауарлар шығарып, ұсынатын кәсіпорындардың қызметі жолға қойылған.
10 Қаңтар, 2023
Антикор басшысының бұрынғы орынбасары ұсталды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2023
Алматыда 17 сейсмикалық станция орнатылады
Биыл Алматыда 17 сейсмикалық станция орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2023
Ақтауда жанармай цистернасы жарылды
Ақтау маңында жанар-жағармай материалдары бар цистерна жарылды. Оқиға орнында дене жарақаттарын алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2023
Әділет вице-министрі қызметінен босатылды
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Алмат Мәдалиев Әділет вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қаңтар, 2023
Еліміздегі барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алуға арналған іс-шаралар өтті.
09 Қаңтар, 2023
Мұхтар Омарханұлы сөзінің әуезі әудем жерден көңіл баурайды. Әудем жерден ән жеткендей. Сол әннің сол әннің сырлы да мұңды сазы мен назы алабұртқан күй кештіргендей. Жоғалтқаныңды тапқандай, тапқаныңды тәбәрік еткендей. Сарқа сөйлегендей, саусақ басынан қан қашып бозарғанша жазғандай. Ол соңыра иілместей, икемге келместей, ине ұстай алмастай. Бір уақта барып қана қан жүргендей, жан кіргендей.
09 Қаңтар, 2023
Оралдық ғалымдар – «Болашақ» иегері
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің үш оқытушысы шетелде кадрлар даярлау бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.
09 Қаңтар, 2023
Жаңа жыл бастала салысымен табиғат райы сан құбылып тұр. Қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылып, жолаушылар діттеген жерлеріне жете алмай жатыр.
09 Қаңтар, 2023
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері өсті. Бұл 4,4 млн зейнетақы мен жәрдемақы алушыға әсер етеді. Осы мақсаттарға республикалық бюджетте 4,6 трлн теңге қарастырылған.
09 Қаңтар, 2023
Бір жыл бұрын болған қайғылы қаңтар оқиғасы елімізде ғана емес, халықаралық қоғамдастықты да дүр сілкінтті. Соның салдарынан көптеген бейбіт азамат зардап шекті. Азаматтық қоғам атынан олардың конституциялық құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауда, сонымен қатар олардың әлеуметтік оңалтуын қамтамасыз етуіне байланысты кейбір жағдайға баса назар аударған жөн.
09 Қаңтар, 2023
Заңғар жазушы Оралхан Бөкейдің «Ардақ» атты әңгімесінде: «Қожа шешесінің қабірін жалғыз қазды. Тас шыққан жоқ, суыр топырақты жұмсақ екен. Жаңа ғана көмілген жас қабірдің басында үшеу тұр: Қожа, әйелі және төрт-бес жасар Ардақ. Өлі-тірінің не екенін парықтауға жетпеген сәби, жаңа ғана ұйқтап жатқан әжесінің, анау топырақтың астында көміліп қалғанын байыптай алмай аң-таң. Бала тілімен балдырлап, қайта-қайта қабірді ымдап көрсете береді. Қожаның ойы алай-дүлей. Ол шешесімен ұзақ бақылдасып, ағыл-тегіл сырласқысы, әрі қарай тіршілік кешудің жөн-жосығын сұрағысы келді-ақ. Ананың асылдығы тірі кезінде білінбейді екен. Кімнің болсын, көзі тірісінде қадірі болмайды ғой», деген көкіректі ашытар сөйлемдер бар.
09 Қаңтар, 2023