Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде осы құрылым төрағасы А.Шпекбаевтың басшылығымен Білім және ғылым министрлігін оңтайландыру мәселесі бойынша жұмыс отырысы өтті.
Мемлекеттік органдарды оңтайландырудың басты мақсаты – бәсекеге қабілетті және кепілдендірілген еңбекақысы бар жинақы мемлекеттік аппарат құру екенін айта кету керек.
Аталған кездесу аясында Adal Bilim жобалау кеңсесі БҒМ-ның жекелеген ведомстволық бағынышты ұйымдардың аралық талдау нәтижелерін ұсынды.
Өткізілген жұмыс туралы Adal Bilim жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пен ақпарат берді.
Сонымен квазимемлекеттік сектордың сарапталатын субъектілерінің мақсаттары мен міндеттерін саралау нәтижелері бойынша олардың кейбір функциялары БҒМ департаменттерінің функцияларын қайталайтыны, сондай-ақ мемлекеттік қаржыландырудың бұрынғы көлемі жағынан қарағанда, кейбір ұйымдардың функцияларының өзектілігін жойғаны анықталды.
Мысалы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ 50%-ға іске қосылмаған және «Назарбаев интеллектуалдық мектептері» жанындағы педагогикалық шеберлік орталығы және оның филиалдарының, сонымен қоса жекеменшік оқу орталықтары мен ұйымдары секілді басқа құрылымдардың біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын қайталайды.
Бұған қоса, мемлекеттік тапсырмаларды тиімсіз іске асыру белгілері анықталды. Атап айтқанда, «Кәсіпқор» Холдингі» КеАҚ-тың «CLIL әдістемесі: арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік біріктіріп оқыту» біліктілікті арттыру бағдарламалары.
Мысалы, 20 тыңдаушының тек үшеуі ғана курс материалдарын түсіну үшін ағылшын тілінің жеткілікті деңгейіне ие болды. Себебі олар ағылшын тілінің оқытушылары болды. Қалған тыңдаушылар сауалнама-пікірлердегі маңызды мәселе ретінде мынаны атап өтеді: ағылшын тілін білмеу, мұнда курс ағылшын тілінің «Intermediate» деңгейінен төмен емес нәтижесі бар тыңдаушыларға есептеліп жасалған.
Сондай-ақ сараптама қызметкерлерге негізсіз және көмескі сыйақы беру фактілерінің бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, БҒМ-ге бағынышты кейбір ұйымдардағы сыйақы мөлшері қызмет нәтижесіне қатыссыз қызметкерлердің бір лауазымдық еңбекақысынан бастап төрт жүз пайызға дейін құрайды.
Материалдық-техникалық базаны сараптау аз ғана қызметкері бола тұра ғимараттар мен бөлмелерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтауға мүмкіндік берді.
Сонымен небәрі 70 адамдық штаты бар «Кәсіпқор» Холдингі» КеАҚ-тың жалпы аумағы 1567 шаршы метрді құрайтын ғимаратын жалға алу шығыны 52 547 140 теңгені құрайды. Мысалы, Холдинг төрағасының орынбасары 144 ш/м кеңсе, 48 және 40 ш/м сәйкесінше демалыс және қабылдау бөлмесіне, құрылымдық бөлімше басшысы 175 ш/м кабинеттеріне ие болған.
Өз кезегінде, отырысқа қатысушылар тиімсіз пайдаланылған қаражатты босатуға мүмкіндік беретін оңтайландырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл министрлік қызметкерлеріне, әсіресе аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне, бәсекеге қабілетті жалақы төлеуге және олардың әл-ауқатын арттыруға, сонымен бірге мемлекеттік қызметтегі жоғары білікті кадрларды сақтап қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.