Редакция таңдауы
Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір тудырған тұлға
Таяуда ғана Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды күн болды. 22 маусымда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан басшылығына келгеніне 30 жыл толды.
24 Маусым, 2019
Әлихан Смайылов Минск қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысты
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
22 Маусым, 2019
Қазақстандық гимнасшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Көркем гимнастикадан Тайландтың Паттая қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Адиля Тілекенова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 Маусым, 2019
Елбасы «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
22 Маусым, 2019
Қазақстан ТМД елдеріне құрылыс саласындағы бірыңғай жіктеу және кодтау жүйесін енгізуді ұсынды
Тюмень қаласында өтіп жатқан ТМД елдерінің құрылыс саласындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық кеңестің XXXIX отырысында ҚР Құрылыс және коммуналдық-шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ТМД елдеріне нормативтік-құқықтық деңгейде осы жіктеу және кодтау жүйесін бекіту мәселесін қарастыруды ұсынды.
21 Маусым, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты
Алматы қаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік қызметке келгеніне 30 жыл толу мерейтойына арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
21 Маусым, 2019
Халықаралық сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне жоғары баға берді
Алматыда шымылдығын түрген «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты конференцияда халықаралық сарапшылар Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ширек ғасырға жуық ел басқарған жылдарындағы елеулі еңбегіне жоғары баға берді.
21 Маусым, 2019
Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында еліміздің тәуелсіздік бедеріндегі жүріп өткен жолына шолу жасады.
21 Маусым, 2019
Шымкентке гастрольдік сапармен келген «Астана балет» театры ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарына балет өнерінің жауһарлары: «Love Fear Loss, «A fuego lento» атты бір актілі балет пен «Ұлы дала мұрасы» концерттік бағдарламасын ұсынды.
21 Маусым, 2019
Нұр-Сұлтандағы «Keruen City» сауда, ойын-сауық орталығында Шымкент қаласы әкімдігі мен «National Geographic Qazaqstan» журналының бірлесіп ұйымдастыруымен «Шырайлы Шымкент!» атты фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.
21 Маусым, 2019
Екі айда 270 шақырымды артқа тастады
Жақында Тарбағатай ауданында «Тұғыры биік Тарбағатай» атты халықаралық спорт және өнер фестивалі аясында ел тарихында тұңғыш рет «Ұлы дала қазанаты» атты 140 шақырымдық ат бәйгесі ұйымдастырылған болатын. Қазақтың ұзақ жүріске шыдамды қазанаттарын һәм алаштың атқа мығым отыратын, шымыр жігіттерін анықтау мақсатында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейден 100-ге жуық тұлпар қатысқан-ды.
21 Маусым, 2019
Ақтөбелік кәсіпкер көпбалалы отбасылардың пәтерлі болуына көмектесті
Ақтөбеде «Жұбановтар әлемі» орталығында «Қайырымдылық ісіңнен көрінеді» атты қайырымдылық шарасы өтті. Шығармашылық орталық пен «Максимус» ЖШС біріге ұйымдастырған шарада ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Нұрлан Абдуллин қайырымдылық концертін өткізді.
21 Маусым, 2019
Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күні өтуде. Оған республика бойынша 13 мың үміткер қатысып жатыр. Кеше Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Еуразия ұлттық университеті ғимаратындағы тестілеу пунктіне келіп, талапкерлерге сәттілік тіледі.
21 Маусым, 2019
Ақтөбеде 2425 мектеп түлегі ҰБТ тапсырады
Бүгін ақтөбеліктердің де көңілдері алып-ұшып тұр. Жалпы, Ақтөбе облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу 15 арнайы орында өтіп жатыр. Басым бөлігі өңір аудандарында орналасқан. Сынақ тапсыруға биылғы мектеп түлектерінің 83 пайызы өтініш берген. Олардың арасында «Алтын белгі» және үздік аттестат үміткерлері де бар. Бұл туралы 24.kz тілшісі хабарлады.
21 Маусым, 2019
Билікке сенім бәрінен де биік тұр
Бұл күн, 2019 жылдың 12 маусымы Қазақстан үшін және оны мекендеген әрбір азамат үшін әрқашан айрықша маңыздылығымен есте қалатыны анық. Тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы есте қалатын ең жарқын оқиға, елдің жаңа Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті.
21 Маусым, 2019
Басты бағыттар туралы оң көзқарас танытылды
Кеше Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ҚСЗИ «Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 бағыты: ел дамуының жаңа деңгейі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
21 Маусым, 2019
Ауылда жұмыс көп, уақыт жоқ – дейді шаруа қожалығының басшысы Жанат Әбелдинев
Кей-кейде ауыл десе көз алдыңа екі қолын алдына сыйғыза алмай, аңтарылып отырған адамдардың елестейтіні бар. Дәл қазір бұл қате ұғым. Мемлекеттің қолдауына ие болып, төрт түлік мал өсіріп отырғандардың қатары күн санап көбейіп келеді. Уақытпен санаспай адал еңбек ететін олардың қам-қарекеті өзгеге үлгі.
21 Маусым, 2019
«Қарапайым заттар экономикасы» – жаңашыл жоба
Күнделікті тұтынатын қарапайым заттарды өзімізде өндіру, яғни отандық өндірістің өзегі ету – барынша маңызды. Елімізде сапалы әрі арзан шикізаттың мол болуы және энергия қорының, сондай-ақ арзан жұмыс күшінің болуы «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуға мүмкіндік береді. Тұрмысқа қажетті ұсақ-түйектерден бастап киім, азық-түлік түрлері өндірілсе, бұл – ел экономикасына үлкен демеу, табысы мен пайдасы ішкі нарықты нығайтуға бағытталатын сала.
21 Маусым, 2019
Әке салған сара жолдан айнымай...
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы Жолдауында Қазақстан полициясының беделін арттыру мақсатында тың мәселелерді көтерген болатын. Стратегиялық құжатта алға қойған мақсаттар айқындалып, атқарылуы тиіс бірқатар міндет жүктелді. Басты мақсат – озық, дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Елбасымыз: «Біз әрдайым сыртқы сын-қатерлерге дер кезінде назар аударып, оларға дайын бола білдік», деп нықтап айтты.
21 Маусым, 2019