Редакция таңдауы
Елдің әлеуетін әйгілеген көрме
Екі апта бұрын дүниежүзілік EXPO 2020 DUBAI көрмесі аяқталды. Жарты жыл бойы дүние дидарын өзіне аударған көрме пандемия уақытында ұйымдастырылған ауқымды шара ретінде тарихқа енді. Оның Қазақстан үшін жемісті болғанын да айрықша атап өту керек. Ұлттық павильонымыз келелі кездесулер мен маңызды оқиғалардың алаңына айналды. Көрме елге инвестор, турист тарту тұрғысынан да табысты болды.
18 Сәуір, 2022
Соңғы жылдары Павлодар облысында киіктердің саны артып, 8 мыңнан асып отыр. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Браконьерлер құтырса құрықталатынын сезген болуы керек, әзірге өңірде заң бұзушылықтар жоқтың қасы. Есесіне, шаруалар зар қақсауда. Төрт түліктің азығына ортақтасқан киіктер әбден әбігерге салған. Киелі жануардың саны артқан сайын проблема да көбейе түсетінін жасырмайды.
18 Сәуір, 2022
Ұлытау облысының аумағы анықталды
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауындағы Ұлытау облысын құру жөніндегі ұсынысын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасын тапты. Таяуда Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісі талқыға түсті. Анығында, депутаттар жаңа Ұлытау облысына қандай қалалар мен аудандар кіретінін анықтаған еді.
18 Сәуір, 2022
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері, режиссер, тележурналист Жанұзақ Мүсәпірдің Zhanuzak атты кітап-альбомы таныстырылды.
18 Сәуір, 2022
Қазақтың талантты қыздарының бірі, әйгілі актриса, педагог Шолпан Жандарбекованың туғанына биыл 100 жыл толды. Осы мерейтойға орай Қарқаралының тарихи-өлкетану мұражайы арнайы көрме ұйымдастырды.
18 Сәуір, 2022
Жақында редакциямызға сексен деген сеңгір жасқа келгенше сот пен прокуратураның табалдырығын тоздырып, әділдік іздеп жүрген қария келді. Тараз қаласының тұрғыны, талай жыл Жамбыл облысының ауылшаруашылық саласында жауапты қызметтер атқарған Аманқұл ақсақал Нысанбаев «ең құрығанда көзі тірі кезімде ұрпағыма адал екенімді дәлелдеп берсем», деген тілегін жеткізді.
18 Сәуір, 2022
Қатерлі ісіктің қарқыны бәсеңдемей тұр
Жаһандық медицина сәт сайын дамып, жағымды жаңалықтар жарияланып жатқанымен, адамзат баласы ауыздықтай алмай отырған кесел мен дерт әлі де аз емес. Әсіресе отандастарымызды онкологиялық аурулар алаңдатады. Мәселен, былтыр елімізде қатерлі ісіктің қарқыны 9,8%-ға артып, обырдың 1 932 жағдайы анықталды. Осылай жалғаса берсе, обырдың кесірінен опық жеп қалатын түріміз бар. Жаман ауру жайлап алған мемлекет атанбас үшін қандай қадамға барған жөн?
18 Сәуір, 2022
Жылу орталығының жай-күйі қалай болмақ?
Петропавл қаласына Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың келуі қала тұрғындарының күпті көңілін тарқатуға біршама себеп болып отыр. Өйткені биыл қызылжарлықтар қыстың көзі қырауда жылусыз, жарықсыз қалып қоямыз ба деп қатты алаңдады. Оның басты себебі, 1961 жылы пайдалануға берілген, қуаты 541 мегаватт электр және 715 Гкал/сағат жылу энергиясын өндіретін Петропавлдың жылу-электр орталығы-2 қыс бойы тұрғындарды алаңдатумен болды. Кәсіпорын мамандарының айтуына қарағанда, қуат өндіретін құрал-жабдықтар 75-80 пайызға тозған. Жасалған ағымдағы жөндеу жұмыстары орталық қызметін толығымен қалпына келтіре алмады.
18 Сәуір, 2022
Күршімнің тасын түртсең, проблема: Фоторепортаж
Иә, «Күршімнің тасын түртсең, проблема» деп әзілдейді аудан тұрғындары. Әзіл болғанымен, шындық, ащы да болса... Оған өзіміз де куә болдық. Түнеугүні сонау шекара шебінде жатқан Марқакөлден бері бірнеше ауылдарды араладық. Ойдым-ойдым жол, сапасыз құрылыс, ақсаған ауылшаруашылығы, тағысын тағы.
18 Сәуір, 2022
Қазақстанда жаңа партиялар пайда болуы мүмкін
Қазақстанда төрт жаңа саяси партия пайда болуы мүмкін, деді ОКҚ алаңында өткен брифингте Әділет министрі Қанат Мусин, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Сәуір, 2022
Биыл азық-түлік бағасы 15,4% қымбаттады
Биыл наурызда азық-түлік тауарлары бағасының өсуі жылдық мәнде 15,4% жеделдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Сәуір, 2022
«7-20-25»: 42 мыңнан астам қазақстандық үйлі болды
Қазақстанда «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын іске асыру жалғасып келеді. Ипотекалық бағдарлама белгіленген лимит – 1 триллион теңгеге жеткенге дейін жұмыс істемек, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Сәуір, 2022
«Алматы спецтехпаркинг сервис» басшысы қамауға алынды
Алматыда «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбеков екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Сәуір, 2022
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгіленді
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
18 Сәуір, 2022
Тауар тасымалындағы тиімді тетік
Каспий – Қазақстан үшін жалғыз теңіз қақпасы. Тауар ағындарын қалыптастыруда бұл теңіздің іргесіндегі елдердің маңызы жоғары, себебі отандық тауарларды ірі теңіз сауда желілеріне шығаруда тиімді жол саналады.
18 Сәуір, 2022
Қазіргі кезде Тараз қаласындағы жаңадан салынған тұрғын үйлерге айтылатын сын көп. Жыл сайын ел игілігі үшін жүздеген пәтер пайдалануға беріледі. Бірақ көптеген үйдің сапасы сын көтермейтіні талай рет сөз болған. Енді біраз уақыттан бері көптің сынына ұшырап келе жатқан жаңа 15-шағын аудандағы жол мәселесі де бұл күнде тұрғындар үшін түйткілді мәселеге айналған. Шын мәнінде аталған шағын аудан бой көтере бастағанда көптің қуанышында шек болған жоқ. Баспаналы болудан үміті бар талай отбасы аз уақыттың ішінде қоныстойын тойлады. Мемлекет берген жеңілдікті пайдаланып баспаналы болды. Бірақ талай жыл табанақы, маңдай терімен тапқан-таянғанын банкке құйып, әупірімдеп жүріп үй алған әлеуметтің де базынасы орынды. Олардың әлі де төлейтін қарызы көп. Ал көпшілік мұндай көкейкесті мәселені талай мәрте көтергенімен, әлі де оңды нәтиже болмай тұр.
18 Сәуір, 2022
Бірде таныс ағамыз қызық әңгіме айтты. Өзі тұратын көпқабатты үйдің іргесіндегі көкөніс сататын дүңгіршектен бір орыс әже жиі жеміс-жидек алады екен. Кейде сол кейуана дүңгіршек иесіне ертеде жарық көрген ескі кітаптарды әкеп береді. Саудагер жігіт ол кітаптарды алып қалғанымен, оны оқымайды. Әйтеуір тегін келгесін бір қажетке жарар деп алып қалады. Сол кітаптарды алып қараса, қолға сирек түсетін шығармалар екендігін байқайды. Арасынан атақты жазушы Джон Стейнбектің алты томдығын, кеңес заманында оқуға тыйым салған Андрей Платоновтың туындыларын көреді. Сөйтіп, өзіне ұнаған бір топ кітапты үйіне арқалап алып кетеді.
18 Сәуір, 2022
Адам құқықтарын қорғаудың алғышарты
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі іске асыру және Жаңа Қазақстанды құру мақсатында Президент «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
18 Сәуір, 2022
Төрешілдіктің тынысын тарылтуға тиіс
Білеміз, білеміз: Ленинге сүйеніп сөйлеу қазір сәннен қалған, жарықтық ештеңені де дұрыс айтпағандай көреміз. Әйтсе де, «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Президент Жарлығын оқи бастағанда-ақ қазір аты ауызға алынбайтын сол адамның бір сөзі санаға сарт ете қалды. Кітаптан қарасақ, дәл айтқанда былай деген екен: «Бюрократизм – действия правильные формально и издевательские по существу». Төрешілдікті сырттай қолдайтын, іштей қорлайтын іс-әрекет деп сипаттағаны.
18 Сәуір, 2022
Танымал Sportskeeda.com сайты аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-дегі барлық айқастарын айқын жеңіспен аяқтаған спортшылардың рейтингін жария етті. Үздіктер тізімінде жартылай орта салмақта (77,1 кило) күш сынасып жүрген қазақтың қайсар ұлы Шавқат Рахмонов та бар.
18 Сәуір, 2022