Оқи отырыңыз
Қандастарымыз елге келуге құлықты
Ақпарат ағынын тыңғылықты қадағалап отыратын көзіқарақты оқырманның қаперінде болса керек, интернет желілерінде Моңғолиядан 13 отбасы, яғни 83 қандасымыздың Павлодар облысына көшіп келгені туралы жағымды хабар тарады. Бұл – бірнеше жылдық үзілістен кейін қайта жалғасын тапқан ұйымдасқан көш, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» секілді құрылымдардың мемлекет есебінен атқарған шарасы еді.
13 Қыркүйек, 2019
Атырауда ақын тойы салтанат құрды. Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына арналған апталық басталды. Облыс орталығының ең көрнекті жеріне орнатылған ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алған шаралар легі төрт күнге созылады.
13 Қыркүйек, 2019
«Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынының билет құны белгілі болды
«Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Астана Аренада» өтетін кездесулердің билет бағасын жариялады.
13 Қыркүйек, 2019
«Барыс» клубы «Амурдан» басым түсті
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы сырт алаңда Хабаровскінің «Амур» командасымен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті.
13 Қыркүйек, 2019
Күлтөбеден II-III ғасырларға тән бұйымдар табылды
Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты ортағасырлық Күлтөбе қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған алтын, темір және қоладан жасалған бұйымдар, қыштар мен тиындар, органикалық заттар, тандырлы пештері бар тұрмыстық бөлмелер, ыдыс-аяққа арналған көптеген плиткалар, балалардың ысқырық ойыншықтары әр кезеңнің көрінісін айқындап беруде.
13 Қыркүйек, 2019
Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта Алланың құдіреті шексіз, шетсіз екеніне күмәнмен қарайтындар көбейіп кетті. Абай хәкім айтпақшы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас». Кейінгі кездерде аяқ астынан болатын табиғи апаттардың, адам нанғысыз құбылыстардың түрлі жағдайларда қайталанып тұратыны күпірліктің кесірінен бе деп те қаласың. Кім біледі?
13 Қыркүйек, 2019
Өскеменде қарбыз фестивалі өтті
Шығыста қарбыз туралы әңгіме болса, Күршім ауданы тіл ұшына оралады. Өйткені облыстағы қарбыздың отаны – осы аудан. Саржал ауылының бренді қымыз болса, қарбыз – Күршімнің бренді. Иә, жақында Күршімде емес, облыс орталығы Өскеменде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Қарбыз party» фестивалі өтті.
13 Қыркүйек, 2019
Риэлторлар нарықта тәртіп орната ала ма?
Қазақстанның ішкі нарығына шетелдік риэлторлар көз салып, үлес алып үлгеріпті. Бұл туралы Алматыда өткен ІІІ Біріккен Еуразиялық инвестициялық форумда айтылды.
13 Қыркүйек, 2019
700 миллионға жуық өсімпұл есептен шығарылды
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жыл басынан бері 2,9 млрд теңге көлемінде қарыздың негізгі сомасын төлеген 114 849 жеке тұлғаға қатысты 688,3 млн теңге өсімпұлды есептен шығарды.
13 Қыркүйек, 2019
Алтай Көлгінов спортшылармен кездесті
Кеше Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда спортын өркендетіп жүрген бірқатар спортшылар мен Нұр-Сұлтан қаласындағы спорт ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады.
13 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көп көзін тіккен алғашқы Жолдауының басты ерекшелігі, осыған дейін алған биіктеріміздің, қол жеткізген игіліктеріміздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқарған дәуірмен байланысты болғанын дәйектеп айта отырып, өзінің Сайлауалды тұғырнамасында жүйелеп, саяси бағдарламасында айқын көрсеткен, халыққа берген уәдесін нық сеніммен жүзеге асыруға бағыт алғанын байқатты.
13 Қыркүйек, 2019
Туризмді дамытуға мүмкіндігі мол ел
Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өз Жолдауы арқылы елдегі ұлттық әуе компанияларының тарифтеріне сын тағып, бағаларды төмендетуге берген тапсырмасы Қазақстанда туризмді дамытуға бағытталып отыр.
13 Қыркүйек, 2019
Оқушылар сарайында облыс активінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылауға арналған алқалы басқосу өтті. Онда облыс басшысы Құмар Ақсақалов баяндама жасап, тарихи құжаттың маңыздылығына жан-жақты тоқталды.
13 Қыркүйек, 2019
Аралдың азаматы – аспанның ақиығы
Арманшыл келетін ауыл баласының қиялы аспан әлеміне жиі қонақтайды. Кептер ұшқан көктен адамның көңілі одан да жоғарыда қалықтайды. Бұл ұшқыш болам деген баланың көңілі екенін бүгін білдік.
13 Қыркүйек, 2019
Қазақстан ерлер командасы Азия чемпионатына қатысады
Ертең Тегеранда (Иран) волейболдан 20-шы Азия чемпионаты басталады. Қазақстан құрлықтық чемпионатын Үндістан құрамасымен кездесуден бастайды. Турнирге төрт топқа бөлінген 16 команда қатысады. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.
12 Қыркүйек, 2019
Алматы облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Батыржан Құлаймергенұлы Байжұманов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
12 Қыркүйек, 2019
«Вайнах» салт-дәстүр күнін тойлады
Алматы қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан вайнахтары: Бірлік пен жасампаздық» атты қазақ жерін мекендеген шешен және ингуш этностарының мәдениет пен салт-дәстүр күніне арналған мерекелік жиыны болып өтті. Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстанның шешен және ингуштарының «Вайнах» орталығы ұйымдастырған мерекеге республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, зиялы қауым, облыс бөлімшелеріндегі ардагерлер және өңірлердегі белсенді жастар шақырылды.
12 Қыркүйек, 2019
Аида Балаева Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын жеке қабылдайды
Президент көмекшiсi — Қазақстан Президентi Әкiмшiлiгiнiң Өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
12 Қыркүйек, 2019
Данияр Елеусінов пен Решард Хикс жекпе-жегін қайдан көруге болады?
14 қыркүйек күні Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) америкалық боксшы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) жұдырықтасады. Бұл Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы сегізінші кездесуі.
12 Қыркүйек, 2019
Онкологиядағы әлемдік медицина майталмандары Қазақстанға келеді
Алдағы 15-17 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында Онкологиялық Бүкіләлемдік көшбасшылар Саммиті (World Cancer Leaders' Summit 2019) өтеді. Аса ауқымды шара «Hilton Expo Hotel» және «Expo Астана» Конгресс орталығында өткізіледі деп ұйғарылған.
12 Қыркүйек, 2019