• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

Декларация тапсыру кезең-кезеңімен жүзеге асады

495 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысы өтіп, оған өзге партиялардан сайланған депутаттар да шақырылды. Жиналысты ашып жүргізіп отырған Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фрак­ция­сының жетекшісі депутат Гүлмира Исимбаева күн тәртібіне қойылып отырған мәселелердің депутаттық корпус үшін, әсіресе алдағы шілде-тамыз айларында өңірлерге сапарға шығуларына байланыс­ты халықпен кездесулерде қойылатын сауалдарға жауап берудегі маңыздылығына орай оған «Ақжол», «Коммунистік халық партиясының» және Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттардың шақырылғанын жеткізді. Шынында да күн тәртібіне қойылған 3 мә­селенің ең алғашқысы– Қазақстан Респуб­ли­касында кірістер мен шығыстарға салықтық декларацияны енгізу туралы мәселенің алдағы 2-3 жылдың жүзінде еліміздегі азаматтарды түгелдей дерлік қамтитынын ескерсек, депутаттық корпустың фракциялық отырысқа бұлайша кең көлемде жиналуы ақталады да. Қаржы вице-министрі Ардақ Теңге­баев­тың айтуынша, жалпыға бірдей декла­ра­циялауға көшудегі басты мақсат – көлеңкелі экономикамен және жемқорлықпен күрес бойынша жеке тұлғалардың кірістері мен мүліктеріне тиімді бақылау жүйесiн құру, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жиналуын қамтамасыз етуде мемлекеттiң рөлiн күшейте түсу. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Жалпыға ортақ декларациялау кәмелеттік жасқа толған барлық азаматтарға, оралмандар мен тұрғылықты мекенжайға ие тұлғалардың бәріне қатысты болса, ал шетелдіктер мен кәмелеттік жасқа толмағандар үшін егер оларда мүлік болғанда немесе Қазақстаннан табыс табатындай жағдайда декларация тапсыруға міндетті екенін жеткізген ол депутаттар алдында әрі қарайғы сөзін төмендегіше жалғады: «2017 жылдың 1 қаңтарынан басталатын бiрiншi кезеңде жалпыға бiрдей декларациялау субъектiлерi келесi тұлғалар болып табылады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңда айқындалған тұлғалар және олардың жұбайлары. Ол қазiр де декларация тапсырып жүрген – мемлекеттiк қызметшiлер, депутаттар, соттар, ұлттық банк қызметкерлерi. Келесi тұлғалар – ұлттық компания, холдингтердiң әкiмшiлiк персоналы. Үшiншi топ – мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң қызметкерлерi. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елiмiздiң қалған халқы осы жүйеге кiретiн болады. Жалпы, бiрiншi кезеңде 1,8 млн. адам декларация тапсырса, екiншi кезеңде шамамен 11 млн. адам осы жүйеге қосылады деп болжанып отыр», деді А Теңгебаев. «Нұр Отан» партиясы фракция­сы жетек­шісінің орынбасары Нұртай Сабильянов: «Декларациялар жобасына тоқта­латын болсақ, біріншіден, активтер мен мін­деттемелер туралы декларация – 16 беттен, кірістер мен мүліктер туралы декларация – 42 беттен, ал жеке тұлғаның кірістері тура­лы қысқаша декларация 2 беттен тұрады екен. Яғни қарапайым халыққа оларды тол­тыру оңайға соқпайды. Және көптеген мәлі­меттерді анықтау, салыстыру көп уақыт­ты қажет етеді және олар сәйкеспейтін жағ­дай­да алғашында ескерту беріліп, ал жыл ішін­де ондай сәйкессіздіктер қайталанса, азаматқа 64 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер азаматтың еңбекақысы 40-50 мың теңге шамасында болса, онда ол бұл айыппұлды қалай төлейді? Сондықтан, айыппұл мөлшерін азайтқан дұрыс», деген ойды жеткізді.