• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

Қамалдың соңғы қаһарманы

408 рет
көрсетілді

Ұлы Отан соғысының ардагері 97 жастағы алматылық Ғаббас Жұматов «1941. Брест қамалы. Қазақстан» кітабының тұсауын кесті Жыл мезгіліндегі күннің ең ұзаратын мерзімі 22 маусым – тарихта 1941 жылғы неміс фа­шистерінің Кеңес Одағына тұт­қиылдан соғыс ашып, сұра­пыл жойқын шабуылды бас­таған күні болып саналады. Кеше Ал­матыдағы Қазақстан Рес­публи­касы Тұңғыш Президенті – Елба­сы Қорының ғимаратында ерекше кітаптың тұсаукесер рәсімі болды. Оның кейіпкері – Брест қамалын қорғаған қазақ жауынгері Ғаббас Жұматов ақсақал. – Өмір солай, қарақтарым, – деп сөз бастады майдангер. – Бресті қорғаған жауынгерлердің дені қазақстандықтар болғанын тарихтан білетін шығарсыздар. Мен, сіздердің алдарыңызда тұрған сол қамалдың ең соңғы көзі тірі қорғаушысымын. Өздері болашақ өмірін қиған өндірдей жас жауынгерлердің – жеңімпаз солдаттардың артында қалған жал­ғыз өкілімін. Тағдырым қан­төгісті оқиғаның аяусыз қасіретін келесі ұрпаққа өз аузымен жеткіз­сін деген шығар... Кітап авторына ризамын. Ресей, Польша, Германия, Белоруссия және Қазақстан архив­терінің дерек-жиынтығында Брест қамалын қорғауға 556 жауын­гермен бірге Брест бағытын­дағы майданда қосымша 200-ден астам қазақстандықтың шайқасқаны туралы да дерек бар. Қамалдың соңғы қаһарманы Ғаббас аға осынау тарихи мәліметтерді меңзегені болар. Өзі талай-талай қазақстандық жауынгерлердің аты-жөндерін ұмытпапты. Солардың арасында етене араласқан майдандас дос­тары алматылықтар – Әбдіразақ Мәмиев пен Владимир Фурцевтің есімдерін ерекше еске алды. Кітап авторы, белгілі ғалым Ләй­ла Ахметова төл шығармасы туралы былай деді: – «1941. Брест қамалы. Қазақ­стан» деп аталатын бұл тарихи-жылнамалық кітапқа мен өмірімнің 45 жылын арнадым. Ол кезде «Дружная ребята» атты пио­нер газетінің жап-жас тілшісі едім. Соңғы 7 жыл бойы тек қана әлемдік архивтерді ақтардым. Бүгін қолдарыңызға тиіп отырған бірінші том. Алдағы уақытта дәл осындай екі том баспаға әзірлену үстінде. Кітаптың шығуына қамқорлық жасаған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қо­ры­на алғысым шексіз. Тарихи шығар­маның осындай кең ауқым­ға ие болуына біздің батыр ағамыз Ғаббас Жұматұлының бірден-бір себепкер болғанын әрқашан да мақтаныш сезіммен айтамын... Тарихи бірінші том парақ­тарын аударыстырып тұрған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Мақтағали Бектемісовті әңгімеге тартқан едік: – Менің әкем Әбдімәжит ұзақ жылдар бойы соғыстың алғашқы күнінен хабар-ошарсыз кеткен бауыры Әбдірахманды сарыла іздеген еді. Ол үмітімізді Ләй­ла Сейсембекқызы Ахметова жақты. 333-ші атқыштар полкінің құра­мында Брест қамалын қорғау­да ағамыз ерлікпен қаза тауыпты. Мына кітапта оның қызыл әс­кер киіміндегі суреті, елге – Жар­кентке, жазған соңғы хаттары бар. Бүкіл бір ұрпақ жоғалтқанымызды тауып отырмыз. «Могиканның соңғы тұяғы» – Брест қамалының соң­ғы қаһарманы Ғаббас аға Жұма­тов­тың қолтаңбасы кітап авторы Ләйла Ахметовамен тең қойылып, тәбәрікке баланды. Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар