• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

«Дәйексіз шығындардан зардап шегіп жатыр»

327 рет
көрсетілді

– дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов «Атамекен» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен жалған кәсіпкерлік туралы бапты алып тас­тауды ұсынды. Ұлттық палатаға жыл басынан бері жалған кәсіпкерлік жөнінде 150-ден астам шағым түскен. Бас прокуратурада өткен кеңесте «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов, көп бизнес субъектілеріне жағымсыз әсерін тигізіп, аса өзекті мәселе ретінде Палата басшылығының айрықша назарында тұрған жалған кәсіпкерлік жайын саралады.  Оның айтуынша, қазіргі уа­қытта күн тәртібінде өткір тұрған түйткіл, жалған кәсіпкерлікке байланысты жауапкершілік болып отыр. Себебі, өз ісіне адал кә­сіпорын иелерінің жалған «әріп­тестерімен» қазыналық (фис­кал­дық) қарым-қатынасы сын кө­термейтін жағдайға жеткен. Мысалға жыл басынан ҰКП тарапына Қазақстанның барлық дерлік аймағынан 150-ден астам шағым түскен. Бұл жердегі ке­леңсіздік мынадай сипатта өр­біген. Жалған кәсіпкерлік бо­йынша қылмыстық процесс барысында әділдік пен тергеудің толықтығы тұрғысында заң талаптарын орындау ақсауда. Сонымен қатар, заңды тұлғаларды тіркеудің күшін жоюдың теріс тәжірибесі қолданылып, контрагенттермен барлық мәмілелер іске жарамсыз деп танылуда және де тиісінше контрагенттерге қосымша сомалар есептелуде. «Мәселен, Қылмыстық-про­­­­­­цессуалдық кодекс, Са­лық кодексі, Жоғарғы соттың «Жалған кәсіпкерлік жайлы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері» нормативтік қаулысы аясында, қылмыстық процесс кезінде жалған кәсіпорынның контрагенттермен жалған мәміленің заңсыздығын дәлелдеп, сот үкімінде көрсету талап етілуде. Дегенмен, тәжірибе жүзінде бұл шарт сақталмайды. Келісімдердің жалғандығы немесе жарамсыздығы мұқият зер­деленбеуі салдарынан бизнесін адал жүргізіп отырған кәсіпкерлер бірден сот үкіміне енгізіліп, са­лық пен айыппұл төлеу сынды дәйексіз шығындардан зардап шегеді. Сондай-ақ, салық ор­гандарының бастамасы­мен істі қарауға артық уақытын жұмсағысы келмеген прокурорлар, айыптау үкімін тоспас­тан күдікке ілінген компанияның тір­келуін жарамсыз деп тану жайлы қуыным талап береді. Тіркеудің күші жойылғаннан кейін салық ме­кемелері жарамсыз мәмілелерге қатысты бұл кәсіпорынның бар­лық контрагенттеріне үстемелете салық салу жайлы ескерту жі­­береді. Адал кәсіп иелері аза­мат­тық процеске қатысуға шақы­рыл­майтындықтан, сотта өз құ­қығын қорғау мүмкіндігінен айырылған. Қосымша қаржы төлеу керектігі жайлы тек кейі­нірек мемлекеттік кіріс орындарының құлақтандыруынан біледі», – деп мән-жайды жан-жақты түсіндірді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары. Кеңеске қатысушыларға Ал­маты қаласы Алмалы аудандық соты жаза ретінде 5000 айлық есептік көрсеткіш, яғни 10 млн. теңгенің маңайында айыппұл тағайындаған Е.С.Минаков ісі таныстырылды. Оның қарамағындағы компания контрагенттері еліміздің төрт аймағын мұнай өнімдерімен қамтамасыз ете отырып, барлық салықтар мен акциздерді төлеген. Әр өнім партиясы заң талабына сай рәсімделген. Дегенмен, сотқа дейінгі тергеуде куәгерлер толыққанды сұралмаған, тергеу шаралары да салғырт жүр­гізілген. Сот отырыстарында адал қызметтегі контрагенттердің жалған кәсіпорындармен мәмі­лелері құқықтық тұрғыда баға­ланбаған. «Атамекен» ҰКП атынан Бас­қарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов бірқатар нақты ұсыныстарды ортаға салды: Қылмыстық кодекстен 215-бапты (жалған кәсіпкерлік) алып тастау, оның орнына Ресейдегі сияқ­ты, заңды тұлғаны заңсыз құру және заңды тұлғаны құру үшін құжаттарды заңсыз пайдалану, яғни жалған тұлғалардың құ­жаттарын пайдалану деген құрамдар енгізу; Прокуратура органдары заңды күшіне енген үкімдер бойынша (жалған кәсіпкерлік деректер бойынша) оларға контрагенттер­мен жасалған мәмілелердің шы­на­йы­­лығын не шынайы емес­­тігін белгілеу бойынша тер­геу­лерді әділ­­­дігі тұрғысынан талдау жүр­гізу; Прокуратура органдарына жалған кәсіпкерлік көріністері аң­ғарылғанда, заңды тұлғаны тіркеуді жоққа шығару бойынша қуыным өтінімдерін беруден бас тартуы; Мемлекеттік кірістер коми­тетінің түпкілікті сот шешімін шығарғанға дейін адал кәсіп­керлерге қатысты шектеу шараларын қолданбауы; Адал контрагенттердің құқық­тарын қорғау тәжірибесін әзірлеу үшін ШҚО және Қызылорда облысы прокуратура органдарының жұмысын мысал ретінде алып, облыстық прокуратуралар жанынан мемлекеттік кірістер органдары, ӨКП өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық штабтар құру; Жоғары соттың кейбір нор­мативтік актілеріне түзетулер жасау. «Нұр Отан» партиясы жанын­дағы Кәсіпкерлікті қолдау жө­ніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев заңнаманың кейбір нормаларын мемлекеттік ор­ган­­дардың орындағаны туралы хабарлады. Ол Кеңестің жұмысы кәсіпкерлікті дамытуда кедергілерді жою тетіктерін құруға, жүйелі проблемалар мен әкімшілік кедергілерді анықтап, жоюға және оларды шешу жолдарын әзірлеуге, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу себептерін, жағдайларын талдауға олар­дың алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қабылдауға бағытталғанын атап өтті.  Алдаберген КЕМПІРБАЕВ
Соңғы жаңалықтар