• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2016

Жас талапты жалақымен ынталандырса...

338 рет
көрсетілді

Жастар газеті болғандықтан шығар, біздің редакцияға өн­дірістік іс-тәжірибеден өтуге келетін студенттер қатары өте көп. Тіпті, қайбір жылы сонау Астанадан бір студент қыз арнайы келіп, қазақ тілін тереңірек білу мақсатында екі айдай жұмыс істеп кетті. Қазір де редакциямызға оннан астам студенттер күнделікті келіп, тәжірибе жинақтауда. Не­гізінен М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік уни­вер­си­тетінің студенттері және Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінен келген бір студент бар. Олар осы маусым айы­ның аяғына дейін жұмыс істейді. Араларында өте белсенді, маман­дығын жан-тәнімен сүйетін, бо­лашағынан үміт күттіретін жас­тар бар. Жалпы, бұл үрдіс болашақта журналист болсам деген жастар үшін өте пайдалы. Шынын айту керек, тәжірибеден өтуге келген студенттер арасында редакция мен баспахананы айыра алмайтын, газеттің дайындалу, басылу үдерісін мүлдем білмейтіндері де баршылық. Өзімнің жеке пікірім, журналистика мамандығын оқытатын оқу орындары өз студенттерін алғашқы курстарда міндетті түрде газетте іс-тәжірибеден өтуді міндеттеу керек сияқты. Бұл телеарна ұжымы жас журналистерге бағыт-бағдар бере алмайды деген сөз емес. Телеарнаның да студенттердің біліктілігін арттырудағы рөлі өте зор. Бірақ, енді қалыптасып ке­­ле жатқан жас тілші ақпарат дайындауда оператор, монтажер, режиссерге тәуелді болмай, дербес жұмыс істеп, өз ойын, өз пікірін тиянақтап, дамытуды үйренуі қажет. Жасыратыны жоқ, қазір бар­­­­лық ақпарат құралдарын­­да өндірістік іс-тәжірибеден өтуге келген жастарға ешқандай жал­ақы төленбейді. Тіпті, қаламақы төлей­тіндері де некен-саяқ. Бұл енді өте қиын мәселе. Қазір журналист мамандығын даярлайтын оқу орындары көп. Жалақы төлеймін десеңіз, солардың бар­лығы өз студенттерін арнайы жолдамамен қаптатайын деп отырғаны анық. Әрине, жалақы төлеу студенттердің қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Екі ай ішінде олар кәдімгі штаттағы қызметкер сияқты ең­бек етіп, осы салада күн көріп кете алатынына сенімдері беки түсер еді. Бәлкім, мемлекеттік тапсырыспен бе, әлде бюджет арқылы бөлу керек пе, әйтеуір, жыл сайын әр редакцияда ең болмағанда 4-5 студенттің тәжі­рибеден өтуіне қаржы қарас­тыру керек сияқты. Мүмкін, бұл қаржыны сол оқу орындарына бөлу қажет шығар. Сонда сол лимитке ілігу үшін студенттердің өз мамандықтарына деген құл­шыныстары арта түсер еді. Әри­не, оқу орнының басшы­лығы ол қаржыны журналистика саласында талаптанып жүрген ең үздік студенттерге беруі тиіс. Дәулет ТӨЛЕНДІ, Жамбыл облыстық «Арай» жастар газеті бас редак­торы­ның орынбасары Жамбыл облысы
Соңғы жаңалықтар