• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

* Мемлекет мерейі

339 рет
көрсетілді

Қомақты саяси табыс Қазақстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сай­ла­нып отыр. Атал­ған Ұйымның Бас Ас­самблеясында 138 мем­лекеттің Қазақ­стан­ды қолдап дауыс бергенінің өзі елі­міз­дің халықаралық дең­гейдегі беделін көрсетеді. Еліміздің маңызды осы ұйымға мүше болғандығын ел тұрғындары үлкен жаңалық ретінде қабыл алды. Бұл тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында болып отырған айтарлықтай оқиға екені анық. Ширек ғасырдың ішінде мемлекетті қалыптастырудың бар­лық кезеңінен өттік және ел­дің іргетасын нығайта білдік. Енді дамыған елдердің қатарына қосылу мақсатын алға қойып отырмыз. Әлемнің 150-ден ас­там мемлекетімен достық-эко­но­микалық қарым-қатынас орнаттық. Көрші елдермен мәңгілік достық туралы шарт жасастық. Әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болдық. Енді міне, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне сайлануы­мыз үлкен маңызға ие екенін аң­ғаруымыз керек. Өйткені, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты және он тұрақты емес мүшесі бар. Аталған кеңеске мүше болған 15 ел әлем тағдырын айқындайды десек, артық болмас. Қазақстан 25 жыл бұрын өз алдына қойған мақсатына кезең-кезеңмен, табысты жетіп келе жат­қанын әлем жұртшылығы көріп отыр. Қабылдаған бағдарла­ма­ларды орындадық. БҰҰ Дек­ла­ра­циялары, бейбітшілікті қолдау жо­лын­дағы әлемдік маңызы бар басқа да халықаралық құжаттарды қа­был­дадық. Қандай мәселеге де үл­кен маңыз беріп қарадық. Мұ­ның сыртында, біздің Елбасымыз – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Әлем. XXI ғасыр» ат­­ты манифесін дүниежүзінің наз­а­ры­­на ұсынды. Онда ядролық қауіпсіз­дік мәселелері түгел қамтылған болатын. Елбасы халықаралық қару­сыздану үдерістерін жаңа тари­хи жағдайларға бейімдеу, соғыс­тар мен жанжалдардың алдын алу, орнықты әлемнің географиясын қалыптастыру қажет екенін атап көрсетті. Жер шарын ядролық қарудан азат құрлыққа айналдыру мақсатын алға қойды. Мемлекет бас­шы­сының атап көрсет­ке­ніндей, бүгінгі таң­дағы ең маңызды мәселе – ядролық және бас­қа да жаппай-қырып жоятын қару­дан толықтай азат әлемге қарай дәйектілікпен ілгерілеу. Бұл бағытта маңыз­ды қадам қазірдің өзінде жасалып отыр. 2015 жыл­дың 7 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасы бойынша Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларация қабылдады. Бұл соғыс қаруларынан азат әлемге қарай жасалған қадамның бірі болмақ. 1991 жылы әлемде алғаш болып Қазақстан Семей яд­рол­ық сынақ полигонын жапты. Біздің елдің бұл қадамын бейбітшілікті қолдайтын әлем жұртшылығы жоғары бағалап отыр. Осы орайда, Елбасы ұсынған манифесте қамтылған кешенді мәселелер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі­нің мақсат-мүддесімен толықтай сәйкес келіп отырғанын атап өтер едім. Егер біз бәріміз күн сайын Пре­­­зи­денттің өзі бастап, барлық ұйым­дар, барлық саяси партиялар, біздің қоғамдық институттар болып, ел тұрғындарының бір­лігін сақтау жолында еңбек етпе­ген болсақ, Қазақстандағы тұрақ­тылық туралы айтудың өзі мүмкін болмас еді. Біз бүгін қалыптасқан мемлекет болдық деп сенімді түрде мәлімдеп отырмыз. Сонымен бірге, бірлігі мықты халық болып қалыптастық деп те мақтанышпен айта аламыз. Біз қандай мақсат жолында алға басып бара жатқанымызды айқын білеміз. Мәңгілік Ел құру жолында қандай қадамдар жасайтынымызды анықтадық және оны қандай құқықтық кеңістікте жүзеге асыратынымызды да нақтылап алдық. Өйткені, Парламент біздің барлық реформаларымыздың заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етілуі үшін қызмет жасап келеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ішінде біз ішкі тұтастығымызды сақтай отырып, жаһандық мәсе­лелерге араласа алатынымыз­ға бірінші кезекте өзіміздің көзі­мізді жеткіздік, сондай-ақ хал­қы­мыздың және әлем жұрт­шы­лығының көзін жеткізе білдік. Елбасымыздың әлем алдындағы беделі өте жоға­ры екенін әлем­нің танымал саясат­керлері жаһан­дық мәсе­лелердің барлық пара­метрлері бойынша кеңесіп отыратынынан-ақ анық көруге болады. Әлемнің қай­бір түкпірінде дау, жанжалдар мен қақтығыстар болып, саяси дағдарыстар туындай қалған жағ­дайда, Нұрсұлтан Әбішұлының кемеңгерлік кеңе­сіне жүгінеді. Оны өмірде көріп жүрміз, Айталық, Украина мен Ресей, Ресей мен Түркия және басқа да аймақтар арасындағы саяси дағдарыстар мен түсініс­пеу­шіліктер болғанда, оларды тоқтам жасауға, барлық мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырған біз­дің елдің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қа­был­даған кез келген шешімді, ай­қын­даған міндеттерді енді біз де орындай аламыз. Ол үшін біз­дің тәжірибеміз де, барлық мүм­кіндігіміз де бар. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүше­лігіне сайлануы біртұтас хал­қы­мыздың толымды табысы және жарқын жетістігі дер едім. Бұл – қомақты саяси табыс. Бұл Қазақ­­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясаттағы рөлі мен еңбегін жоғары бағалау деп білемін. Бұл – Қазақстан хал­қының рөлі мен орнын танып-білуі. Қазақстанды әлемдегі ең жоға­ры халықаралық деңгейдегі тең құқықты саяси рөлі зор ел ре­тін­де тануы екенін баса айтар едім. Сондықтан мен еліміздің барша халқын осы бір айрықша оқиғамен құттықтаймын. Кім Қазақстанды өз Отаным деп сүйетін болса, сол үшін бұл үлкен мәртебе деп есептеймін. Ахмет МҰРАДОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі

Белестер биіктей береді

Қазақстан Тәуелсіздігінің ширек ғасырына қадам басқан сайын еліміздің ұлықтығын дәріптейтін оқиғалар легі қалыңдай түсуде. Біз мақтанатындай жағдайлар бар. Оны әлем қауымдастығы мойындап отыр. Қазақстан Республикасы Азия тобы мемлекет­тері­нің атынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіп­сіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануын мерей тізбесінің биігіне қосамыз. Тарихымызда бұрын болмаған оқиға кешегі 28 маусымда, Нью-Йоркте, БҰҰ Бас Ассам­блеясында өткен дауыс берудің нәти­жесінде мәлім болды. Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев осынау оқиғаға қатысты халқымызға арнаған Үндеуінде: «Бұл Кеңес – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен «халық­аралық бейбітшілік пен қауіп­сіздіктің басты жауапкершілігі» жүктелген, тұрақты жұмыс жасайтын орган. Еліміздің оған сайлануы – Қа­зақ­станның халықаралық арена­дағы беделі мен еңбегінің мойындалуы деген сөз», деп айрықша атап көрсетті. Мұның астарында елімізді аспандататын да, тұңғиық ойларға бойлататын да мәселелер жатқандығы белгілі. Өйткені, ұлан-ғайыр мерейге әлем тынысындағы аласапыран сәттер тізбегінде жетіп отырмыз. Біздің еліміз бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды жақтайтынын тәуелсіздік жылдарының бәрінде өзінің нақты істерімен дәлелдеп келеді. Бұл ғаламтор төріндегі жауапкершілігімізді еселей түспек. Яғни, Қазақстан ғажапстан дәуіріндегі ұмтылыстарымен көзге түсетін шақ туды. Бізге әлемдік қоғамдастықтың мұндай сенім көрсетуі мем­ле­кетіміздің қарқынды дамуына және береке-бірлігімізге тікелей байланысты болмақ. Қазір бейқам отыратын жағдай емес. Әлемдік қауым­дастық сенім мандатын жай­дан-жай бере қоймайды. Қазақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сінің мүшелігіне сайлануы халық тағдырындағы құбылыс түріндегі оқиға. Бұл Елбасының сөзімен айтқанда, тек біздің еліміздің ғана емес, сондай-ақ, бұған дейін еш­қа­шан халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауап беретін орган­да өкілеттілік етпеген бүкіл Орта­лық Азия субөңірінің де табысы. Ендігі жерде Қазақ елі жаһандық проб­лемаларды шешудің жолдарын іздестіруге сүбелі үлес қосатын болады. Тұрақты және қауіпсіз әлем – бұл азаматтарымыз бен балаларымыз үшін аса қажетті құндылық. «Нақ сондықтан Қазақстан болашақ қазіргіден де сенімдірек және игіліктірек болуы үшін өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып қалуға ұмтылатын болады. Біз жаһандық қоғамдастықтың назарын бұған дейінгі көкейкесті бастамаларымызға аудару ние­тін­деміз. Олар ядролық қару мен соғыс вирустарынан және жанжалдардан азат әлем құруға бағытталған». Нұрсұлтан Әбішұлы­ның осынау сөздері Қазақстан халқының жүрегінен шыққан пәтуәлі пікір деп санаймын. Осының барлығы әркімге де қатысы бар толғақты мәселелер екендігі анық. «Еліміз осынау зор сенімнің үде­сінен шығып, Қазақстанның әлем­дік аренадағы абыройы асқақ­тай түсеріне кәміл сенемін!», дейді біздің Президентіміз. Аталы сөздің асқақтататын ауанындағы халқымыз белестер биігінен көріне беретіні күмәнсіз. Боранбай БЕГАЛИН, мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағы Ақмола облыстық комитетінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты КӨКШЕТАУ
Соңғы жаңалықтар