• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Шілде, 2016

Британия неге Еуроодақтан бас тартты?

403 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның Еуроодақтан ат құйрығын үзгісі келетіні туралы ниеті кеше мен бүгін аяқ астынан пайда бола салған жоқ. Сондықтан бұл жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдануының өзі табиғи нәрсе тәрізді көрінді. Бірақ соңғы сәтке дейін ешкімнің де оның қорытындысы осы бастаманы көтерушілердің қалағанындай болып шешіледі деп күтпегені анық. Алайда, мұның сенімсіз ал­ма­ғайып тірлік екені әу бастан белгілі еді. Бұған тәуекел еткен ел­дің премьер-министрі Дэ­вид Кэ­мерон кейін өзін үлкен ұят­қа қалдыратын шараға қадам бас­қанын кеш сезінген сыңайлы. Айналып келгенде, ойланбай жа­салған осы қадам Британия үкіметі басшысының саяси мансабының да түбін шешіп кеткелі отыр. Ен­ді алдағы күзде оның бұл би­лік тізгінінен айырылғалы тұрғаны ешкімге де жұмбақ болмай қал­ды. Ал Кэмеронды ақыл-парасатпен астаспаған мұндай көзсіз тәуекелге апарған оның өзін соңынан жұрт­ты ерте алатын қабілеті күшті көш­басшы етіп көрсеткісі келген пенделік пейілі еді. Ол, сөз жоқ, көптің зор қолдауын алып, өз бе­делі­мен сайлаушылардың басым дау­сын жиып алатынына сенімді болған. Әйткенмен, мүмкіндігін асыра бағалап жіберген екен. Осы арқылы шын мәнінде са­ли­қалы себеп пен парасатты пайымнан гөрі эмоциялық-пафостық патетикаға көбірек жүгінетін даурықпа популист, екенін көр­сетіп алды. Әйтпесе, британ қоғамы Еу­ропа одағына сын көзімен қарай­тынын баяғыдан бері білдіріп келе жатқан еді. Мұндай көзқарас, әсіресе, 2004 жылы Еуроодақ ке­ңейтілгеннен кейін жүдә кү­шейе түсті. Британиялықтар сол сәттен бері одаққа қатысты нәр­­селерді түгел сынай бастады. Одаққа кіргелі тәкаппар Еу­ропаның тө­решілдігіне тап келген олар енді өз шенеуніктеріне бұрынғысынша ықпал жасаудан қалғандарын, бұлардың өздерінен гөрі Брюссель әкімдеріне көбірек құлақ асатындарын мойындай алмады. Бұл көп жылдық пар­ламенттік демократиясының тарихы қалып­тасып қалған ел үшін ақылға сыйымсыз нәрсе болып көрінді. Осы тұста Кэмерон өзін жұрт­­­­­­қа өздігінше шешім қабыл­дай алатын көрнекті тұлға етіп көрсеткісі келді. Сонымен, бір мезгілде ол Брюссельді ашықтан-ашық бопсалау жолына түсіп, Ұлыбританияға ЕО шеңберінде ерекше мәртебе беру мәселесі төңірегінде сауда­ласуға кірісіп кет­ті. Осы арқылы жұрт наза­рын өзіне көбірек аударып, елдің Еуроодақтағы мүшелігі статусын сақтап қалуға үміт артты. Бірақ британиялықтар оның бұл тыраштанған әрекетіне көзінің қиығын да салған жоқ. Сол кезде премьер-министр мен оның жақтастары әр сауалдама сайын қайда бұ­рыларын білмей жүрген 10 пайыздан 20 пайызға дейінгі аралықтағы «адас­қан топты» өздеріне қарай тартып алуға күш салып бақты. Бірақ аталмыш топпен жұмыс жасауда пәлендей бір тапқырлық та көрсете алмады. Мұның орнына Дэвид Кэмерон: «Brexit, бәлкім, Путинді бақытты ететін шығар», деген сияқты ке­кесінді-келемежді пікір айтып, бұл іске титтей де қатысы жоқ, адамды ауызға алып, өзін салиқалы сая­саткерден гөрі ауыл-үйдің жел сөзіне бейім боз­баланың кейпінде көрсетіп алды. Ал сарапшылар расында қазір оның терең саясаттың, бі­лікті білгірліктің адамы емес, әл­декімдерге арқа сүйеп, айбат көрсетуге қайыл, тұлға екенін жарыса айтысып жатыр. Бұл ретте олар Бри­тания үкіметі басшысын кезінде олақтығы мен өз құнын білмегендіктен, Кеңес Одағын кенеттен таратып алған Михаил Горбачевке қатты ұқсатып отыр. Билік басында қайткенде де ұзақтау уақыт болуды көксеген Кэмерон сол бір сын сағаттары соғып тұрған күндерде өз халқына үндеу арнады. Мұнда оның «мен егер британиялықтарға референдум жолымен өз пікірлерін білдірулері мүмкіндігін жасап берсем, олар менің осы ние­тім­ді дұрыс түсініп, өзіме қолдау көр­сетеді, сөйтіп, одақта қалу жағына дауыс береді, осы­­­лайша ымыраластық­тың ақылға қонымды саясаты ар­қылы Лондон­ның мүд­десі мен еуропалық де­­мо­­кра­тизмнің қағидаттары да сақ­талып қалады», деген ой­да болғаны анық байқалады. Алай­­да, баяғы Горбачев сияқ­ты ол да өз жұртының жан дү­ниесін жете білмейді екен. Бри­таниялықтардың жер бетінде өзгеше жұмақ аумақ орнатып бе­руге уәде еткеннен танбайтын бірлескен Еуропаға, барлық сая­си партияларға қатысты нәрсе­лердің бәрінен баяғыдан бері әбден жалығып біткені оған мәлім болмай шықты. Ал шын мәнінде, мұның бәрі жылдан-жылға халықты кедейлендіріп, ұлтты қорлауға алып бара жатыр еді. Бұған бір дәлел, Британия өзі Еуроодаққа мүше болған 1973 жылдан 2015 жылға дейін оған 3,5 триллион фунт стерлинг төлеп, аймақтық субсидия түрінде кері қарай бар-жоғы 170 миллион фунт қана қайтарып ала алған. Әлбетте, мұны Бри­тания жұртшылығы сезбей қал­мады. Ал Еуроодақ бұл же­тім­сіздіктің орнын ештеңемен толтыра алған жоқ. Мұның үстіне, Лондон одақ­тың басқа көптеген елдеріне қарағанда, өндірістік-қаржылық жағынан одан айтарлықтай тә­уелсіз еді. Бұған ЕО-ға кірмесе де, әртүрлі интеграциялық жо­­балардан тыс қалмай келе жат­қан, халқының бақуаттылығы тұрғысынан әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы ел­дер­дің сапынан орын алатын Нор­вегия мен Швейцарияның үлгісі Ұлыбритания халқына ты­ныштық бермеді. Оларды бәрінен де қатты қиналдырғаны Брюссельдің шектен тыс төре­шілдігі, «өзімбілемдікке» салынатын өктемдігі болды. Мұның бәрінің соңынан бұларға көші-қон дағдарысы, босқындар проб­лемасы қосылып, шыдамның ақырғы шегін үзіп жіберді. Осы орайда Ұлыбританияның да күні тарауға қарап келе жат­қанын айтып жатқан жұрт аз емес. Бұған сайлау аяқталған бой­­­да өз елінің тәуелсіздігі тура­лы референдум өткізетіндерін хабарлап үлгерген Шотландия мен өздерінің тарихи отаны – Ирландиямен қосылу мәселесін көтерген Солтүстік Ирландия мы­­­салдары себеп болды. Егер дәл сондай дауыс беру тағы жүр­гізілер болса, шотланд жұрты мұ­ның алдындағыға қарағанда, мәселені мүлдем басқаша шешіп алуы әбден мүмкін. Сол сияқты Белфастың да дауысы қатқыл шығуы ғажап емес. Мұның бә­рі, әлбетте, Ұлыбритания аумағындағы бұл тарихи облыс­тар тұрғындарының Brexit-ке, яғ­ни Британияның Еуропа ода­ғынан бөлініп шығуына қар­сы екендіктерінен туындап отыр. Ал Британияда сайлау учас­келері жабылғасын екі сағаттан кейін: «Егер біз ЕО-дан кетіп қал­сақ, не болады?» деген сауалды қоюшылардың қатары бірден 2,5 есеге дейін өсіп кеткен. Осы кез­де көтерілген: «ЕО дегеніміз не?» деген сұраққа да одақты жақ­таушылар нақты жауап бере алмады. Жалпы, Еуроодақ елдері қай-қайсысының азаматтары бол­сын, оның институттары жұ­мыстары жөнінде оншалықты терең біле бермейтіні байқалады. Соның ішінде ЕО-ға қашаннан үрке қарайтын бри­таниялық­тар өздерін ешқашан сол үлкен қауым­дастықтың бір мүшесі ретінде сезіне алмаған екен. Мә­­селен, референдумға дейінгі жиналған қоғамдық пікір Аль­бион жері тұрғындарының 40 пайызы ғана өздерін Еуроодақ қауымына әйтеуір бір қатысы бар деп есептеген. Қалған 60 пайыз ЕО-ны оншалықты бір өзіне етене ұйым санамаған. Сарапшы­лар мұндай үрдістің Британияға ғана қатысты емес екенін де айта бас­тады. Бұдан бөлек, ЕО-ны на­­си­­хаттап жүрген саясаткерлер мен бизнесмендердің өзі оның бо­­лашағына оншалықты бір та­бандылықпен сене бермейді. Тағы мынадай бір қызықты дерек: референдум науқаны ке­зінде Brexit-ке қарсылар оған 7 миллион фунт стерлинг қаржы жаратса, оны қолдайтындар нә­бәрі 2 миллион фунт қана ақ­ша жұмсаған. Осының өзі бар мә­селені пұл шеш­пегенін, одақта қалғысы келгендер шығарған шығынның 3,5 есе көп болғанына қарамастан, олар­дың жеңіліс тауып қалғанын көрсетеді. Келесі бір маңызды нәрсе, Ұлыбритания қазіргі таңда сау­да саласында Еуроодақтан да гөрі Ұлттар достастығы ел­дері­мен және АҚШ-пен көбірек ын­тымақтас болып келеді. Соның негізінде британиялықтар Ұлт­тар достастығының бюд­жетіне ЕО-ға бергеннен екі есе көп қаржы төлеп тұрады. Бірақ соған қарамастан, бұл мөлшерді түсіріп, азайту жөнінде елде еш­қашан мәселе көтерілген емес. Мәселен, Британия әлдебір мәселе жөнінде Еуроодақпен және Достастық құрамына кіретін әлдеқандай африкалық елмен қатар келіссөз жүргізіп жатса, Лон­­дон қашаннан Еуроодақтағы емес, Достастықтағы әріптесі жа­­ғына шығып кетеді. Осының өзі Ұлы­британияның саяси ам­биция­сы қайда екенін анық көр­сетіп береді. Біріккен корольдік осы тұс­та Азияға қарай бет бұрған ха­лықаралық тренд көшінің де басында тұрғысы келеді. Ол Дос­тастықтағы лидерлік рөлін енді сары құрлыққа да таратпақ мақ­сатты ұстанады. Британия АҚШ-пен ынтымақтастығы арқа­сында да өте көп пайда тауып отыр. Оған әзірге Еуропа рыногы да есігін айқара ашып тұрады. Осының бәрі арал-мемлекеттің жаңа әріптестер іздестіру бағытында әрекеттеріне біраз еркіндік бе­реді. Ал алдағы болашақта Ұлы­­­британияға Еуроодақ пен жаңа рынок арасындағы алтын көпір, жалғастырушы желі болу бақыты да бұйыруы әбден мүмкін. Дегенмен, Лондонның Еуроодаққа қайта оралуы мә­се­лесі жөніндегі әңгіменің ба­сы ашық. Сарапшылардың бағам­дарынша, бұл әзірге мүмкін емес. Қазіргі күндері елде Brexit-ке наразы жұрттың көптеген мың адамдық шерулері қайта-қайта өтіп жатқанына қарамастан, одақ­­­қа қайта қосылу жөнінде қайталама референдумның өту ықтималдылығы жоққа тән. Таяу жылдарда оның өте қоюы не­ғайбыл. Бұған керісінше, қазір Британияның жолын қуып, Еуро­одақтан шығу жөнінде референдум өткізбек болып отырған біраз елдің қарасы топталып қал­ды. Олардың алғашқы қата­рында Чехия, Венгрия, Гре­кия сияқты мемлекеттер аталып отыр. Бі­­рақ арнайы шешім шық­пағаннан кейін бұлардың осы жолды ұстанғанына бәс тігу қиын. Дегенмен, көптеген сая­сат­кер Еуроодақ құрамынан Ұлы­­­­британияның шығуы аталған одақтың ыдырауының басы болатынын алға тартады. Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар