• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2016

Келісім кепілі

350 рет
көрсетілді

болып табылатын Ассамблеяның әралуан этностардың мүддесін біртұтас ұлттық мақсатқа біріктірушілік ұстанымы жергілікті жерлерде жемісті жалғасып келеді Елбасы «Қазақстан халқы Ассам­блеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атауымен өткен ХХІV сессиясында: «Қазақстан халқы Ассамблея­сы – Тәуелсіздік жемісі. Ассамблея кез келген сын-қатер төнген кезде және Тәуелсіздіктің барлық кезе­ңінде әрдайым биіктен табылды. Оның тарихында біздің ұлттық өрлеу дәуірінің кезеңдері мен нақты нәтижелері көрініс тапқан», деп атап көрсеткен болатын. Иә, еліміз егемендік алғаннан бері басты игілігіміз – достыққа қылаудай кір­шік жұқпастан өз жарасымын тауып келеді. Осы уақыт аралығында ұлтаралық, конфессияаралық тең құқықтылық қамтамасыз етіліп, қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлік ауқымы ортақ арнаға тоғыс­тырылды. Облыстық Қазақстан халқы Ассам­блеясының ХХІ сессия­сын ашқан өңір басшысы Ерік Сұл­танов өз сөзін Президент алға қой­ған міндеттерден бастап, аза­маттардың теңдігі мен этносаралық қатынастар тұрақтылығы мәселесіне қатысты ұсақ-түйек болмайды деген пайы­мын алға тарта отырып жалғастырды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа функциялық бағыттарына орай жергілікті құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер алдына тың талаптар қойды. Меценаттар қо­ғамдастығының қызметін, даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен шешетін медиаторлар желісін дамыту, мемлекеттік рәміздерді қазақ­стандық патриотизм атрибуттары ретінде азаматтардың қолдануы аясын кеңейту, отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани құндылықтарды ны­ғайту, тағы басқа мәселелер бойын­ша қоғамның барлық әлеуметтік қырларында үйлестірушілік, бас­тамашылық рөл жүктелді. «Сессияда «Мәңгілік Ел» Пат­риоттық актісінің қабылдануы ұр­пақтар арасындағы сабақтастықты одан әрі баянды етуге ұмтылдырады. Бұл орайда алдымызда Мәңгілік Ел ұғымының темірқазығы іспеттес жеті тұғырын өскелең ұрпақ бойына сіңіру секілді кең ауқымды жұ­мыстар тұр», деп атап көрсетті Ерік Хамзаұлы. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық мең­­герушісі Наиль Салимов «Қайы­рымдылық қызмет туралы» жаңа заң шеңберінде меценаттық қозға­лыстардың жанданғанын, оның бір мысалы ретінде «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасына 200 мың адам қатысып, 284 іс-шара өткізілгенін жеткізді. «100 нақты қадам» Ұлт Жос­пары аясында «Мейірімділік керуені» акциясы өз жалғасын тауып келеді. Тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған жандарға, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек­тер берілетінін айтты. Ресейдің Омбы облысынан арнайы келген Алтынай Жүнісова өзінің сөзінде жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруге құлшындырып отырған Елбасының саясатына тәнті екенін жеткізді. №17 ұлттық жаңғырту мек­те­бінде сабақ беретін Петимет Авха­дованың ізгі бірлікке, ырысты ынтымаққа үндеген сөздері жалынды шықты. «Світанок» украин мәдени бірлестігінің төрағасы Александр Плотко мен «Дослук» татар-башқұрт» ұйымының мүшесі Сайдаш Ғайсинге Қазақстан хал­қы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі тапсырылып, ел бірлігін, мәдениетаралық үнқатысуды нығайтудағы, қа­зақ­стандық патриотизмді қалып­тас­тырудағы үлестері орынды баға­ланды. М.Жұмабаев ауданын­дағы «Видергебурт» неміс мәдени ұйымының мүшесі Александр Гамершмидт облыс әкімінің ал­ғыс хатымен марапатталды. Өзге белсенділер де сый-сияпатсыз қал­мады. Сессия соңы түрлі этнос өкіл­дерінің ән кешіне жалғасты. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»  Солтүстік Қазақстан облысы 
Соңғы жаңалықтар