• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2017

Жағдайың қалай, жеңіл өнеркәсіп?

712 рет
көрсетілді

Әрбір өңірдің өзіне тән тіршілігі мен табиғаты бар. Ежелден кәсіппен айналысып, егін салып, жақсылық пен ырысты қара жерден күткен халқымыз үшін еңбек ешқашан таңсық болған емес. Сол сияқты Жамбыл өңірі де ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласында қарқынды жұмыс істеп келеді.

Таразда былғарыетік тігіледі...

Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялық-инновация­лық даму басқармасы­ның мәлі­метін­ше, өткен жылы жеңіл өнер­кәсіп саласындағы өнім көлемі 2004,3 миллион теңгені құраған немесе 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 168,7 пайыз болған. Аталған саланың өнер­кәсіптегі үлесі – 0,6 пайыз. Сала бойынша былғары бұйым­дарының өндірісі 2,5 есеге, аяқ-киім өндірісі 37,8 пайызға артқан. Жалпы, Жамбыл облысы елі­міз бойынша тері өңдеу және аяқ киім тігу саласында аты шыққан өңір. «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС бас директорының орын­ба­­сары Шамухтар Шаю­нусов­ біз­­бен әң­гімесінде кәсіп­орын­ның бү­гін­гі таңдағы тыныс-тір­­­ші­­лі­гін жан-жақты баяндап бер­ді. – «Тараз былғары аяқ киім» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еліміздегі бірден-бір аяқ киім шығаратын ірі өндіріс орны болып саналады. Тоқырау кезеңін біздің зауыт та басынан өткерді. Дегенмен, ізденіс пен еңбектің нәтижесінде негізі 1961 жылы қаланған Жамбыл былғары комбинаты 2002 жылдан бастап «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС болып қайта құрылып, отандық өнім өндіруді қолға алды. Мәселен, мемлекеттік тапсырыспен 2013 жылы 36 мың жұп аяқ киім шығардық. Осыдан-ақ өндіріс орнының қаншалықты қауқарлы екенін аңғаруға болады, – дейді Шамухтар Қарабайұлы. Іргелі кәсіпорын өткен жылы 6,5 миллион дециметр былғары жұмсау арқылы 135 мың жұп аяқ киім шығарған. Енді ағымдағы жылы өнім көлемін 150-200 мың жұп аяқ киімге жеткізу жоспарда бар. Жалпы, Жамбыл облысы елі­міз бойынша тері өңдеу және аяқ киім тігу саласында аты шыққан өңір. «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС бас директорының орын­ба­­сары Шамухтар Шаю­нусов­ біз­­бен әң­гімесінде кәсіп­орын­ның бү­гін­гі таңдағы тыныс-тір­­­ші­­лі­гін жан-жақты баяндап бер­ді. – «Тараз былғары аяқ киім» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігі еліміздегі бірден-бір аяқ киім шы­ғаратын ірі өндіріс орны болып саналады. Тоқырау кезеңін біздің зауыт та басынан өткерді. Дегенмен, ізденіс пен еңбектің нәтижесінде негізі 1961 жылы қаланған Жамбыл былғары комбинаты 2002 жылдан бастап «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС болып қайта құрылып, отандық өнім өндіруді қолға алды. Мәселен, мемлекеттік тапсырыспен 2013 жылы 36 мың жұп аяқ киім шығардық. Осыдан-ақ өндіріс орнының қаншалықты қауқарлы екенін аңғаруға болады, – дейді Шамухтар Қарабайұлы. Іргелі кәсіпорын өткен жылы 6,5 миллион дециметр былғары жұмсау арқылы 135 мың жұп аяқ киім шығарған. Енді ағымдағы жылы өнім көлемін 150-200 мың жұп аяқ киімге жеткізу жоспарда бар. Бірақ, өнім көлемі қаншалықты ауқымды болғанымен, тапсырыс­тар­дың аздығы бұл күнде кәсіп­орын үшін мәселе болып тұр. Тап­сы­рыс­тардың аздығынан кәсіп­орын өз өнімдерін Алматы қаласына және Тараз қала­сын­дағы «Ауыл-Береке» базары­на, сондай-ақ, қаладағы ірілі-ұсақ­ты дүкендерге ғана шыға­руға мәж­бүр. Бүгінгі таңда базар­лар­дан отандық аяқ киімді табу да, оны тұтынып жатқан халық­ты кездестіру де қиын. Сауда­гер­лер де сапасы жоғары, бағасы да қолжетімді отандық аяқ киім­нен гөрі, шетелдік өнімдерге ел­дің қызығушылығының жоға­ры екенін айтады. Тіпті сауда­гер­лер­дің айтуынша, Тараз тұр­ғын­дары­ның көпшілігі аяқ киім кәсіп­орнынан хабарсыз. Бұл мә­селеде өнімдердің сапасы күмән ту­дырмаса да, жарнама жағы жетіс­пей тұрғаны анық байқалады. Мәселен, кәсіпорын жанынан ашылған сауда нүктесінде зауыт­тың жиырмаға тарта өнім түрі қойылған. Бағасы да 9000 теңге мен 14000 теңгенің аралығында екен. Зауыт мамандары өздері тұты­­нып жүрген тауардың онда­ған жыл­дарға дейін шыдас бере­ті­нін сенімді түрде айтып отыр. Алайда, тапсырыстардың азды­ғы­нан және тұрғындар сұранысының төмендігінен кәсіпорында әлгін­дей мәселелер туындауда. Кеңес­тік кезеңде тері илеуден бастап, дайын өнім берудің толық тізбегі бойынша жұмыс істеген зауыт ілгерідегі қуа­тын­да болмаса да, оның бүгінгі тір­лігі жоқтан гөрі жоғары екені даусыз. Жеңіл өнеркәсіпті дамытуда маман­дар күші де айрықша ма­ңыз­ға ие. Бұл күнде Тараз был­ғары аяқ киім зауытында 340 адам жұмыс істейді. Өндіріс ор­ны­ның басты артықшылығы – шикі­зат­тан бастап, дайын өнімге дейін­гі жұмыстардың барлығынан тәжі­рибесі жоғары. Зауыт «Вет-блю», «Краст» деп аталатын жар­­ты­лай фабрикаттар, былғары тауар­лар, жұмыс және арнайы аяқ киім­дер шығаруға да маманданған. Шығарылатын өнім түрінің сексен бес пайызға дейінінің отандық құрамға ие болуы көңілге қуаныш ұялата­ды. Сондай-ақ, аталған кәсіпорын былғары бұйымдарын жергілікті халықтан сатып алса, тиісті қосалқы материалдар мен хими­каттарды шет мемлекет­тер­ден экспорттайды. Алайда, соңғы жылдары мемлекет­тік тап­сы­рыстардың қысқарғаны себеп­ті, шығарылатын өнім көлемі де әлдеқайда азайған екен. Бірақ кәсіпорын жұмысын одан әрі жан­дандыруды көздеп отыр. Биыл­ғы жылдан бастап Ресей мем­лекетінен модельер, Украи­на­дан аяқ киім және былға­ры техно­логы және Пәкістан­нан былғары технологы маман­дарын алдыртып, жұмыс жасауда. Сондай-ақ, кәсіп­орын Ресей мен Еуропаның бір­қатар мемлекеттерімен де бай­ланыс орнатқан.

Мата шығаруға мүмкіндік бар, бірақ...

Аласапыран кезеңде біржола жабылып қалу қаупі туындаған өндіріс орындарының қатарында «Фабрика ПОШ-Тараз» кәсіпор­ны да бар еді. Еліміздегі жүнді алғашқы өңдеу фабрикасы болып саналатын бірден-бір кәсіпорын кезінде 37 мың тоннаға дейін жүн өңдеген және облыс бюджетінің 30 пайызын құраған ірі құрылым. Еліміз бойынша Ақтөбе, Семей және Жамбыл қалаларында жұ­мыс істеген жүнді алғашқы өң­деу фабрикасы қазіргі таңда Тараз қаласында ғана бар. Кезін­де сұраныстың жоқтығынан тір­лі­гі тығырыққа тірелген кәсіп­орын бұл күнде өңірдегі жеңіл өнеркәсіптің дамуына өз үле­сін қосып отыр. Ал «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС бас инженері Бақыт Сүйінбаевтың айтуынша, кәсіпорынның басты жетістігі – кадрларды сақтап қалуы. – Бұл күнде фабрика Ресей, Қытай, Украина және Белорус­сия мемлекеттерімен жақсы байла­ныс орнап отыр. Кезінде Орталық Азия­­дағы мемлекеттердің бар­лы­ғы да жүнді Жамбыл қала­сы­­на алып келетін. Тіпті, биязы жүн­ді қойлардың өнімдері де Авс­тра­лия, Жаңа Зеландия мемле­кет­тері­нен жеткізілетін. Енді қазір де көп­теген мәселелер шешімін тауып, жұмысты жанданды­рып жа­тыр­мыз, – дейді Бақыт Сүйінбаев. Мемлекеттің жеңіл өнер­кәсіп­ке деген жан-жақты жа­на­­шыр­­лығының нәтижесінде «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-не қаражат бөлініп, нәтижесінде кәсіпорын­ға Италия мемлекетінен заманауи технологиялар енгізілді. Ал 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Жамбыл облы­сына арнайы келіп, кәсіпорынды қосып берген болатын. Ал жүнді шүйкелеу, тарақтау, түту, шаң-то­заң­нан арылту технологиясы бү­гін­де қарқын алып тұр. Елі­міз­де биязы жүнді қойлар көптеп өсі­рі­ле­тін­діктен, фабрика бүгінде екі мың тоннаға дейін жүн өң­деу­ге қауқарлы. Ал екі мың тон­на шик­із­аттан мың тонна бия­зы жүн шықса, одан әрі тереңірек өң­­деу нәтижесінде 700-800 тон­на­ға дейін таза өнім шығады екен. Сон­­дай-ақ, кәсіпорын 2013 жылы жіп иі­ру технологиясын толықтай игерді. – Иірілген жіп те жартылай өнім. Одан соңғы процесс, енді біз мата шығаруымыз керек. Қазақ­станның ешқандай қала­сы­нан мата өнімі шықпайды. Сон­­дық­­тан да мата өндіруді қолға алсақ деген ниетіміз бар, бірақ оған жете алмай отыр­мыз. Мата шығару технология­сын игеру­ге 3,5 миллион доллар қа­жет бо­лып отыр. Бүгінгі таңда Үкі­мет кәсіп­орындардың алдына инвес­торларды тарту мәселесін қойды. Сол бойынша бізде де инвесторларды тарту жұмыстары жүр­гізілуде. Мәселен, орта есеп­пен алатын болсақ, елімізде 2 миллион мектеп оқушысы болса, біз алдағы уақыттарда 2 миллион шаршы метр мата шығаруымыз керек. Бұл өнімдер мектеп оқу­шы­ларының мектептегі бірыңғай киім үлгісін тігуге жұмсалса тіпті, дұрыс болар еді. Бүгінгі таң­да біздің өнімдерге Қытай мем­ле­кетінен сұраныс бар. Сон­дай­-ақ, көрші Қырғызстан мем­леке­тін­де текстиль өте жақсы дамы­ған. Егер қаражат мәселесі шеші­мін тапса, бізде мамандар күші де жеткілікті. Біраз маман­­дары­мыз­ды Италияға оқуға жібер­­дік. Сон­­дай-ақ, кез келген техно­ло­гия­­­ны өз күшімізбен игере ала­тын жағдайға жеттік, – дейді бас инженер Бақыт Сүйінбаев. Аталған кәсіпорынның жұмы­сы қанша қарқынды болғаны­мен, бұл күнде өңделген өнім түр­лері өзге мемлекеттерге тек шикі­зат күйінде кетіп жатыр. Мәселен, Қытайға жүн жуылған, тазарған күйінде барады. Әлемдік саудаға экспортталатын жуыл­ған жүннің бір келісі 3-4 доллар болса, ТОПС технологиясы арқылы шүй­келенген, тарақталған, түтіл­ген жүннің бір келісі 8 дол­ларға баға­ланады. Сондай-ақ, иірілген жіптің бір келісі 10-11 долларға дейін жетеді. Ал еліміздің базарларын жаулаған қытай­­лық өнімдер өзіміз­ден алын­­ған шикізат арқылы екі есе ба­ға­ға киім-кешек болып қай­та­ды. Сол себептен де, бүгінгі таң­да кәсіп­орын инвесторлар тар­ту мәсе­лесін бірінші орынға қо­йып отыр. Бұл күнде «Фабрика ПОШ-Тараз» кәсіпорны маусым кезін­­де 200 адамға дейін қам­тама­­сыз ете алады. Ал мата тоқу про­цесі жүзеге асырылса, жұ­мыс­шы­лар саны 500-ге дейін ар­та­тын болады. Бұл бірінші кезек­те өңір­дің жеңіл өнеркәсібін дамы­тып қана қоймай, өз кезегінде жұ­мыс­сыздар санының азаюына да ық­пал ететіні сөзсіз. Ал бүгін­де қыс мез­гілінде зауытты электр­мен, жылу­­м­ен қамту үшін біраз қара­жат кете­тін­діктен, үнем үшін жұ­мысты бір мезгіл тоқтатуға мәж­бүр. Ал наурыз айында жұмыс қайта жан­данып, жұмысшылар жөндеу, жаб­дықтау, дайындау жұмыс­тары­на кіріседі. Қыс мезгі­лі­н­де де жұмыс­шылар күші қарап жүрмей, елі­міздің оңтүстік өңір­леріне шығып, биязы жүнді қой­ла­рдың жүніне тапсырыстар қабылдайды.

Түйін

Бүгінгі таңда Жамбыл облы­сы­ның жеңіл өнеркәсібіне үлес қосып отырған қос бірдей кәсіп­­­­­орын­ның тыныс-тіршілігі ха­лық­­­тың көз алдында. Алайда, тұ­тыну­­­шылар тарапынан отан­дық өнім­дерге деген сұраныс­тың аз­дығы, сондай-ақ, қара­жат­тың бол­мауынан тиісті техноло­гия­лар­­дың әлі де енгізілмей жатуы – өнеркәсіптегі өзекті мәселе. Жалпы, облыстағы жеңіл өнер­кәсіп­тің өніміне деген сұра­ныс шет мемлекеттерден де күн санап артуда. Ендігі кезекте инвесторлар тар­тып, тиісті техно­логияларды ен­гі­зіп, өз елімізде өнім өндіру ісі жол­ға қойылса, бұл өмір бойғы игі­лік­тің себеп­шісі де болуы мүмкін. Жамбыл облысы Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар