• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2017

Ғалымдар реформаны талқылады

124 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Ғылым ордасы» РМК концерт залында «Конституциялық реформа – Қазақстан дамуының жаңа кезеңі» атты конституциялық реформаны талқылауға арналған семинар өтті. Семинарға еліміздің белгілі ғалымдары, ҰҒА академиктері мен ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары мен жетекші мамандары және БАҚ өкілдері қатысты. Еліміздің барлық қалалары мен аймақтарында қызу талқыланып жатқан жаңа реформа ғалымдар назарынан тыс қалмайтыны, бұл бетбұрыс тың бастамаларға серпін беріп, елдігімізді қуаттайтыны айтылды. Халқымыз өз дербестігінің 25 жылдығында айтулы табыстарға қол жеткізіп отыр. Бірақ, бүгінгі күннің талаптарына сәйкес, біздің алдымызда үлкен мақсаттар тұр. Сол себепті, біз заман сұранысына сай, басқару жүйесін реформалап, жауап­кершіліктерді нақтылап алуымыз қажет. Жаңа реформаның өзектілігіне тоқтал­ған еліміздің алдыңғы қатарлы ғалым­дары реформадағы мәйекті мәселелерді негізге ала отырып, заң жобасындағы президенттік өкілеттіктің бірқатар бөлігін Үкімет пен Парламентке беру, сонымен бірге, сот, прокуратура органдарының жұмысын жетілдіру сияқты үлкен ұсыныстарды кең көлемде талқылады. Жаңа технологиялық дең­гейге өту, экономикалық әрі әлеумет­тік даму моделін қалыптастыру жүйесі сөз болды. «Конституция кез келген мемлекет­тің ең негізгі құжаты. Оның өзгеріске ұшы­рап отыруы заңды. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, саяси дүние уақыт өте келе өзгеріп, жаңғырып отырады. Бұл біздің алға қарай ұмтылуымыз­ға үлкен септігін тигізбек» деді, жиын­да сөз алған философия ғылымдары­ның докторы Серік Нұрмұратов. Шараны ұйымдастырушылардың бірі, аталған ғылым ордасы басшысы­­ның орынбасары, тарих ғылымдары­ның кандидаты Нұрлан Сейдін: «Бүгін­гі жиынның басты мақсаты – жаңа реформаның мәніне үңіле отырып, еліміздің жарқын болашағына ғалым­дар тарапынан үн қосу. Елбасының бастамасын қолдап, оның іске асуына аз да болса өз үлесімізді тигізу», деді. Конституцияға енгізілетін өзгеріс­тер – мемлекетіміздің алдағы уақытта қарқынды дамып, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуіне жол ашатын бірден-бір амал. Осы ретте, Елбасының жаңа реформасы – экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттілікті арттырып, еліміздің қарыштап дамуына жол аша­тын айқын бастама деп баға берді жиынға қатысушылар. Семинар соңы «Ғылым ордасы» РМК ұйымдастыруымен белгілі ком­позитор, әнші, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев пен оның бір топ шәкіртінің қатысуымен өткен концерттік шараға ұласты. Арман ОКТЯБРЬ, журналист АЛМАТЫ