Соңғы жаңалықтар
Тұлға • 25 Маусым, 2010
Қазақ ырымшыл. Әсіресе, жас нәрестесіне ат қойғанда алдына жан салмайды. Тіпті тайпа, ру аттарын қоюға бейіл. Адай, Әлім, Жаныс, Ботбай, Арғын, Қуандық, Сүйіндік тәрізді аттарды жалғастыра беруге болады. Жүнісов Арғын ағамызға да осылай орта жүздің аға баласының есімі бұйырған екен. Осыдан 82 жыл бұрын. Әйгілі металлург, болат балқытудың асқан шебері Арғын ағамызды Теміртауға арнайы іздеп бардым. Себеп те бар, орайы да келіп тұр. Қазақ Магниткасына 50 жыл толады таяуда.