Редакция таңдауы
«Сарыарқада Ақсораң ең биік тау, Жаңаарқада Ақселеу таудан биік» (Бағдат Мүбәрак) дейтін жұрт белгілі этнограф, ғалым, жазушы Ақселеу Сейдімбектің тойы Жаңаарқада өтетінін естіп, елдің түкпір-түкпірінен жиылған екен. Өле-өлгенше ұлт мұрасын түгендеп, халқының қасиетін ардақтап өткен тұлғаның 80 жылдық мерейтойына орай республикалық ғылыми конференция ұйымдастырылып, жыр додасы өтіп, ас беріліп, балуандар белдесіп, ат шаптырылды. Аудан орталығында ашылған ескерткіші туралы әңгіме басқа. Кешелі бері аудан әкімі Юржан Бекқожин бастап бұл ескерткіш алынып, жаңадан қалыпталатынын мәлімдеді. Ақаңның тойына барған елдің көңілі сонда барып орнына түскендей.
13 Қыркүйек, 2022
Бағдарламаның бірегей мүмкіндігі
IT-мамандарды даярлау, сөйтіп бұл саланың озық жүйеге айналуы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Президент 2025 жылға таман 100 мың жоғары білікті IT-маман даярлап шығу туралы ерекше міндет жүктеп отыр. Әрине, бұл оңай іске асырыла салар шаруа емес.
13 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында еліміздің өркендеп, дамуына байланысты бірқатар маңызды бағытты айшықтап берді. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласы мен шағын және орта кәсіпкерлік туралы айтқан ойлары құптарлық.
13 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында айтылған мәселелер қоғам арасында қызу талқылануда. Жолдаудың қай кезде де ел дамуына септігін тигізер маңызды құжатқа айналғаны белгілі.
13 Қыркүйек, 2022
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында елордада бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұған арнайы заманауи этностық музыка жанрында ауқымды жоба әзірленген.
13 Қыркүйек, 2022
Бірнеше күннен кейін басталатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезін халықаралық қоғамдастық жіті қадағалап отыр. Діни тұлғалар мен саясаткерлердің өзара диалогі форматында өтетін жиынға зор үмітпен қарайтындар жетерлік. Рухани күш-жігер арқылы әділетті үстем етуге ұмтылатын мұндай жиындардың әлемдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауда рөлі ерекше. Осы орайда, бұған дейінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезіне шолу жасап көрген едік.
12 Қыркүйек, 2022
Тұран жолбарысы: ескі де жаңа мекеніндегі ауқымды жұмыстар
Жуырда Ресей Федерациясының Владивосток қаласында жолбарыс аңын сақтап қалуға арналған екінші халықаралық форум өтті. Осы жиында Қазақстан түз тағысын қалпына келтіру бағдарламасын ұсынды.
12 Қыркүйек, 2022
Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Ұлттық экономика министрлігі Жолдауда айтылған әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалай жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімдеді. Бұл мақсатта құзырлы орган жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, мемлекеттік басқаруды жаңғырту секілді үш бағыт бойынша жоспар құрып, іске кіріскенін хабарлады.
12 Қыркүйек, 2022
Ашық стратегия – игілікті қоғам
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің стратегиялық даму жоспарларын халыққа ашық жариялауымен ғана емес, оның орындалу технологиясын мәлімдеудегі айқындығымен көрініс тапты. Қолға алынатын реформаның нақты бағыттары аталды.
12 Қыркүйек, 2022
Елімізде ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамытудың ұлттық орталығы құрылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен жиында мәлім болды.
12 Қыркүйек, 2022
Электронды сауда проблемасы қалай шешіледі?
Биыл бөлшек саудадағы e-commerce (электронды сауда-саттық) үлесі төмендеп жатыр. Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасованың айтуынша, 2022 жылдың қаңтар-шілдесінде электронды сауда үлесі 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеген. Әдепкі 7 айда жалпы бөлшек сауда көлемі – 7,5 трлн теңге, соның ішінде электронды сауда нарығының көлемі 654 млрд теңгені құраған.
12 Қыркүйек, 2022
Қазақстан QR-кодтардың бірыңғай банк жүйесіне көшеді. Бұл туралы еліміздің бас қаласында өткен e-commerce Day форумында хабарланды. Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасованың айтуынша, 2021 жылы ведомство осы мәселе бойынша жұмыс істеген. Жоба толық іске қосылған жағдайда клиенттер сатып алу ақысын барлық қазақстандық банктермен жұмыс істейтін бірыңғай терминалдар арқылы төлей алады.
12 Қыркүйек, 2022
Көзайым көріністер: Әзербайжан мұрағатынан Ахмет Байтұрсынұлының суреттері табылды
Жақында Әзербайжанның Баку қаласына ғылыми іссапарлап барып, ондағы мұрағаттардан 1926 жылғы Бүкілодақтық І түркітанушылар съезінің құжаттары мен фотосуреттерін, кино және аудиожазбаларын іздестірдік. Жолымыз оңғарылып, съездің кинохроникасын, беймәлім архивтік құжаттары мен фотосуреттерін таптық. Басты жаңалық – бүгінде ЮНЕСКО аясында мерейтойы аталып жатқан ағартушымыз Ахмет Байтұрсынұлының қысқа бейнекадрда 7 рет көрінетінін байқадық.
12 Қыркүйек, 2022
«Айқап» журналында 1912 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Білімділерге бес сауал» атты еңбегі жарық көргені белгілі. Бүгін біз ірі тұлғаның бесінші сауалы жөнінде аз-кем тоқтала кеткенді жөн көрдік.
12 Қыркүйек, 2022
Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «41-жылғы келіншек» атты оймақтай болса да, әйел жанының қалтарыс-бұлтарысына терең бойлаған әңгімесін оқығанда, көз алдыма өзімнің туған әжем келеді. Менің әжем де – соғыстың жесірі. Атам 1942 жылы әскерге алынып, адам қаны қисапсыз төгілген Сталинград майданында із-түзсіз хабарсыз кеткен. Міне, содан бері сексен жыл өтсе де ешқандай дерек жоқ. Әжем соғыс жылдарында колхоздың қара жұмысын атқара жүріп, екі қызы мен бір ұлын ешкімнен кем қылмай жеткізіп, атамнан «бір жақсы хабар болады-ау» деген үмітпен өмір сүріп, 75 жасында дүниеден озды.
12 Қыркүйек, 2022
Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасында 8 қыркүйек – Халықаралық сауаттылық күніне арналған «Қағазға тіл бітірген...» атты мазмұнды көрме болып өтті. Мәдени іс-шараға халықаралық дипломатиялық корпус пен оқу орындарының, қоғамдық және академиялық кітапхананың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
12 Қыркүйек, 2022
Рим Папасының мессасына 3 мыңнан астам адам қатысады
Рим Папасы Францисктің қатысуымен өтетін мессаға 3 мыңнан астам адам қатысады. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысында бюджеттен 96 млн теңге ұрланған
Қостанай облысындағы қаржы мониторингі агенттігінің департаментінде 96 млн теңге бюджет қаражатының ұрланғаны туралы хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2022
Еңбекке қабілетті 9 млн қазақстандық тегін курстардан өте алады
Қазақстанда Әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде азаматтарды жаппай оқыту және білім беру сапасын жақсарту негіздері қалыптастырылып, заңнамалық деңгейде бекітіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
12 Қыркүйек, 2022
Елордада Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында бүкіл отбасы үшін ғылыми демалыс өтті. Елімізде алғаш рет өткізілген бұл PRO.NRG FEST ғылым, өнер және технологиялар фестиваліне жиналғандардың қатары қалың болды. Оған 4 мыңнан аса қатысушы жиналды. Бұл Қазақстанда STEAM-білімді дамытатын «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасы бойынша жүргізілді.
12 Қыркүйек, 2022