Пікірлер
Қай кезде болсын, қарама-қайшылыққа толы мына қоғамда кей елдер тіпті қоқыстың өзін кәдеге жаратып, орасан пайда тауып жатқанда, енді бір елдерде ең нашар экологиялық сценарий орын алып отыр.
28 Қыркүйек, 2021
Шекарашылар элиталық әскер болса...
Шекара – елдің шебі. Ол ит тұмсығын батырмақ түгіл, ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қасиетті жерімізге көз алартқан дұшпан бұзып өте алмайтындай, болаттай берік болуға тиісті. Әйгілі саяси жетекші Василий Клочковтың сөзін сәл өзгертіп айтсақ, Қазақстан – кең-байтақ, бірақ шекарадан шегінетін жер жоқ, артта – туған ел.
26 Қыркүйек, 2021
Кейінгі уақытта киноөндірісінде классикалық туынды деп мойындалған бүкілхалықтық құрметке ие белгілі «бренд» фильмдерді заманға лайықтап қайта экрандау үрдісі күрт қанат жая бастады. Бұл үрдіс қауіпті ме, әлде бір қарауға қызық па, танымал фильмді қайта түсірудің көрерменге пайдасы бар ма, әлде зиянды ма, бұл тарапта ешкім нақты байлам жасай алмайды. Алайда Голливуд бастап, Ресей қоштаған кино әлеміндегі жаңашыл үрдістен Қазақстан режиссерлері де тысқары қала алмайтынын танытып үлгерген-ді.
23 Қыркүйек, 2021
«Адамды бағалаңдар тірісінде!»
Қазақ спорты әбден ішінен бүлініп, тоқырауға ұшыраған көрінеді. Жылдар бойы қордаланған сыздауық-проблеманың жарылатын сәті биылғы Олимпиада жылымен тұспа-тұс келді. Токиода елдің Гимні шырқалған жоқ. Күміс медаль да қоржынға түспеді. Сөйтсе, спорттың айналасында ұлт мүддесінен гөрі жеке бастың қамын көбірек ойлайтындар қаптап жүр екен...
22 Қыркүйек, 2021
Ауыл және ауыл шаруашылығындағы халыққа қарағанда қалада тұратын және ауыл шаруашылығымен шұғылданбайтын халық санының басым түсуі – қазіргі урбандалудың басты ерекшеліктерінің бірі.
20 Қыркүйек, 2021
Кіші Талдыкөлдің Манхэттеннен несі кем?
Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы кезінде оқырманға ақпарат жеткізу үшін Нью-Йорк қаласына барған едік. Осы сапарымызда америкалықтардың бетон ғимараттар мен әсем табиғатты үйлестіре білгеніне куә болдық.
16 Қыркүйек, 2021
Қазақ тілінің қолданыс аясын қайтсек кеңейтеміз, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін не істеу керек деген мәселе төңірегінде түрлі пікір-ұсыныс ортаға салынып жатады. Соның бірі әлемдік деңгейдегі кинокартиналарды жас ұрпақтың ана тілінде тамашалауына мүмкіндік туғызу дер едік.
15 Қыркүйек, 2021
Саяси жаңғыру – қоғам қолдауына зәру
Ата Заңымызда Қазақстан өзін демократиялық мемлекет ретінде орнықтыратынын жариялады. Тәуелсіздікті нығайтудың бастапқы кезеңінде саяси қатынастарды демократияландырудан гөрі экономиканы либерализациялауға басымдық беруге тура келді.
14 Қыркүйек, 2021
2021 жыл. Маусым айы. «Берлин-Карлхост» музейі. Гитлерлік Германияның Кеңес Одағына қарсы соғыс бастағанына 80 жыл өткенде Герман Федеративті Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штанмайер бұрынғы кеңестер құрамында болған, қазіргі тәуелсіз мемлекеттердің дипломаттары алдында қасап қырғын жасап, миллиондаған адамның ғұмырын қиып, тұтқынға түсудің азабын өткеріп, жетімдік пен жесірліктің тауқыметін тартқызған алдыңғы ұрпақтың күнәсі үшін кешірім сұрады.
09 Қыркүйек, 2021
Шамамен жиырма шақты жылдың алдында теледидарды қосып қалсам, марқұм Шераға, қазақ рухының қанжары Шерхан Мұртаза сөйлеп жатыр екен. Жарықтық мұртын көкке шаншып алып, қынабынан суырылған жалаң қылыштай ызғарлы жүзбен: – «Байқаймын, қазіргі жастар ширығуды білмейді, ширыға алмайды, ондай қабілеттен айырылған, бұл қасірет», деді марқұм. Қайсар қаламгердің осы сөзі көкейімде жатталып қалыпты. Әсіресе, «ширығу» жайлы айтқаны.
08 Қыркүйек, 2021
Ұрпақ тәрбиелеуден артық ұлы іс жоқ
Қазақта аш жүрсең де, тоқ жүрсең де туған жерден ірге ажыратпай, халықпен бірге болуға үндейтін, өз еліңнің шотын шауып, шаруасында жүруің үшін намысыңды қайрап, жігеріңді жанитын «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» немесе «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген сынды нақылдар баршылық. Алайда бүгінгі қоғамымызда мұндай нақыл сөздерге құлақ аса қоймайтындардың қатары жыл сайын өсіп бара жатқандай.
07 Қыркүйек, 2021
Көзбен көргенді көпшілікке айтып, қуаныш пен қайғыңды әлеуметтік желідегі достарыңмен бөлісу бүгінде ешкімге таңсық емес. Ұйқыдан ояна салып мессенджерді тексеру, инстаграмда түстену, фейсбукте жұмыс істеу, тик-ток қарап жатып ұйқыға кету елдің үйреншікті әдетіне айналды. Әлеуметтік желінің өмір салтымызға сіңіп кеткені соншалық, шынайы өмір мен желінің аражігін ажырату қиын болып тұр.
03 Қыркүйек, 2021
Тастай берік, гүлдей нәзік адамзат баласының басына тиген пандемия соққысы қаншалықты есеңгіретіп жіберсе де, әлем біртіндеп ес жинап, өзінің күш-жігерінің сарқылмағанын, Жер шарында әлі талай жарқын сәттер болатынын дәлелдей бастады.
27 Тамыз, 2021
Өткенде қазақтың аяулы тұлғасы, ұлт батыры Жұмабек Тәшеновке елорда төрінде ескерткіші орнатылғанда мұқым қазақ қатты қуанды. Шаттанған жұрт тіпті еңселі ескерткіштің әр деталін өздерінше сөйлетіп, тамсана тамашалап, бір-бірінен естері шыға сүйінші сұрасты. Шынында да, қазақтың бес бірдей облысын, шұрайлы қонысын жат қолынан арашалап қалған арысқа қойылған тұғырлы мүсін кәдімгідей рухыңды оятады.
26 Тамыз, 2021
Адам баласының ең ақымақ өкілдеріне берілетін «Дарвин сыйлығы» дейтін бар. Эволюция атасы Чарльз Дарвиннің құрметіне аталған бұл «атақ» ақымақтығымен өзін өзі жер жастандырып, адамдардың генофондын тазартқандар үшін тағайындалады. Бірақ өзінің түбіне өзі жеткендер мұндай сыйлыққа ие болғандарын білмей өтеді.
25 Тамыз, 2021
«Өзге елде сұлтан болсаң», несі айып?..
Сербияның ұлттық валютасы – динарында Николо Тесланың бейнесі бедерленіпті, оны осы елге жолымыз түскенде көрдік. Өз дәуірінен оза туған даңқты ғалым өмірінің басым бөлігі Францияда, АҚШ-та өткен екен. Қартайған шағында Нью-Йорктің көшесінде такси қағып кетіп, ауыр жарақат алып, ақыры содан оңала алмапты.
24 Тамыз, 2021
Өңірлердегі «идеолог» орынбасарлар кімдер?
Жолымыз түсіп, Түркістан облысындағы Арыстан баб кесенесіне тәу ете барған сайын сол арада жерленген көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков марқұмның қабірі басына да барып, дұға бағыштаймыз. Кешегі Кеңес заманында ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді сақтап, өркендетуге елеулі еңбек сіңірген ерен тұлғаның рухы алдында еліміздің әр түкпірінен келген азаматтар тағзым етіп жүреді екен. Әсіресе Өзбекәлі ағамыз бір кезде облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы болған Торғай өңірі тұрғындарының оған деген құрметі мен сүйіспеншілігі ерекше көрінеді.
20 Тамыз, 2021
Жапонияда санасы әлі қатып үлгермеген баланың өз қалауы бойынша таңдаған музыкалық аспабын жете меңгеріп шығуына қатты мән беріледі екен. Мұндай қадамға барудың себебін сұрағанда, мамандар ұлттық мәдениетке баулудың бірден-бір кілті музыка өнерінде екенін, ал өзінің музыкалық аспабының үнімен сусындап өскен жеткіншектің жан-дүниесі тау суындай мөлдір, кіршіксіз таза болып қалыптасатынын, сол себепті бұл атадан балаға мирас болып келе жатқан қалыпты үрдіс екенін алға тартқан.
17 Тамыз, 2021
«Ел болса, ер туғызбай тұра алмайды» дейді. Елдіктің өзі неде? Әлде санның көптігі сапаға ықпал етіп, ішінен озық ойлы ерлері іріктеліп шыға ма екен? Мәселе санымыздың аздығында, бодандық қамытын көп жыл іліп жүргенімізде, ұлыққа ғана бас ұрып, өз араңнан шығып өрге қарай өрмелегенді етектен тартқан іштарлықтың құрты жеген бос кеуек кеудеге айналғанымызда ма? Құлдық сана ма кедергі?
16 Тамыз, 2021
Күллі жаратылыс уақытқа тәуелді. Сол сияқты ақыл-парасаты кемел адам баласы үшін ең қымбат, ең құнды дүние – уақыт. Мысалы, сіз 63 жыл өмір сүріп, күніне сегіз сағат жұмыс істесеңіз, барлық ғұмырыңыздың 21 жылы жұмыс істеуге кетеді екен. Тәулігіне сегіз сағат ұйықтасаңыз, тағы бір 21 жыл ұйқыға кетеді. Оның сыртында алты жыл тамақ ішуге, бес жыл әртүрлі сапарларға, бір жыл телефонмен сөйлесуге, сондай-ақ қазіргі әлеуметтік желі дамыған заманда ең аз дегенде күніне үш сағат смартфонға үңілер болсаңыз, 63 жыл ғұмырыңыздың сегіз жылы тек телефон шұқылаумен өтеді деген сөз.
13 Тамыз, 2021