Пікірлер
Түп тарихымызда түркі баласына тегін келген, арғы ата жолында алаш жұртына арзанға түскен ештеңе болған жоқ. Біз бәрінің өтеуіне қанымыз бен жанымызды берген халықпыз. Басымызды бәйгеге тігіп, байрағымызды алған жұртпыз. Егесіп жүріп, егемен болған елміз.
09 Қаңтар, 2022
Жалақысы мардымсыз полицей жұртқа жақын болып жарыта ма?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында құқық қорғау жүйесін толық реформалауды аса маңызды міндеттердің бірі ретінде алға қойып, соның ішінде полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналып, «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиістігін атап көрсетті. Президент тапсырмасына сәйкес бұл саланы реформалау қолға алынып, бірқатар оң өзгеріс жасалды.
23 Желтоқсан, 2021
Айдан айдың айырмасы жоқ, әлбетте. Әйтсе де, алты Алаш үшін ардақты, қазақ үшін қастерлі де қымбатты бір ай бар, ол – желтоқсан! Терең тарихымызды тұтас тергемей-ақ, тек соңғы тоқсан жылдың төңірегінде ой қорытсақ, желтоқсан ерліктің, еркіндіктің һәм елдіктің айы екеніне көз жеткіземіз!
20 Желтоқсан, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында: «Арғыда сақ, ғұн бабаларымыз, беріде қаһарман түрік аталарымыз аласапыран замандардағы алақұйын дауылдарға төтеп беріп, Ұлы далада ұлық ұлыс құрды.
08 Желтоқсан, 2021
Тұлға тағылымы һәм тәуелсіздік толғауы
Тәуелсіздіктің ордалы отызжылдық белесінде еліміздің әр азаматы бостандықтың қадір-парқы туралы, әлемдік қауымдастықта айшықты орын алған әлеуетті де қуатты мемлекетіміздің қоғамымыздың әр мүшесіне тигізген шапағаты мен шарапаты жайында ой-тебіреніске беріліп, бір сәт толғаныста жүруі табиғи жайт. Өйткені әркімнің азаттықтың арайлы таңы, аспан түстес алып көк туымыздың саясы жайында айтар ойы, сабақтар сыры бар. Әйткенмен осы бір тарихи мезгілде қара орман халқымыз аңсаған арайлы азаттықты сүйіншілеп жариялап, тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаған азаттық архитекторы, Елбасы Н.Назарбаевтың ақжарма лебізін білгісі келетіні анық. Өйткені Елбасы тәуелсіздікті жариялап қана қоймай «отыз жыл бойы халқын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, қатарға қосқан» тұғырлы тұлға екені әмбеге аян.
07 Желтоқсан, 2021
«Уақытша отбасы» жақсы-ау, бірақ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек», деп, ел болашағы – жас ұрпақ тағдырына жанашырлықпен көңіл бөлді. Осы орайда, әсіресе, демографиялық ахуалы мәз емес өңірлердің шалғай түкпірлерінде орналасқан, келешегі күңгірт шағын ауылдардағы шәкірттерге сапалы білім беру мәселесі ойландырмай қоймайды.
06 Желтоқсан, 2021
Жерімізді қорғау – ортақ борышымыз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жария еткен «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары – ұлтымыздың қазіргі жан-жақтан қауіп-қатер төндіріп тұрған жаһандану сынды жеті басты айдаһардың өңешіне жұтылып кетпей, «Мәңгілік ел» болуы үшін жас ұрпақтың қолына ұстатқан қуатты жеті қару іспетті.
02 Желтоқсан, 2021
Елбасының жаһандық бастамалары туралы айтқанда түбі бір түркі дүниесінің ынтымақтастығына қосқан өлшеусіз үлесіне тоқталмай өту мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі сөзіміз осы тақырыпқа арналады.
30 Қараша, 2021
Күні кеше Елбасы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында «мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – әр азаматтың парызы» деп атап көрсетті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті бұған дейін де: «Қазақстанның келешегі – қазақ тілінде», дегені белгілі. Бұдан артық қалай айтуға болады.
25 Қараша, 2021
Елбасы Н.Ә.Назарбаев жақында өткен Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.
24 Қараша, 2021
Көңіл шіркін шексіз мұхит секілді. Бірақ оның да сарқылатын, таусылатын кезі бола ма деймін. Бәлкім біреулер: «мынау не деп сандырақтап тұр, көңіл таусылушы ма еді, көңіл қалушы еді ғой. Көңілдің таусылғаны несі» деп уәж де айтар. Бәлкім солай да шығар. Бірақ маған қазіргі қазақ өмірінде жүріп жатқан өзгерістер көңілдің тақа таусылмаса да азая түскенін, суала түскенін білдіретіндей сезіледі. Мұны, әсіресе өткен мен қазіргіні салыстырған кезде айқын көруге болады. Мәселен, кезіндегі қазақ көңілімен бай қазақ еді. Оның көңіл кеңдігі өзінің шетсіз-шексіз сайын даласындай, ал тазалығы көк аспанындай болатын. Сол көңіл қазір бар ма? Жоқ секілді...
22 Қараша, 2021
Мемлекет басшысы араға апта салмай Алаш көшіне екі рет назар аударды. Ел Президенті әуелі Түркі мемлекеттері ұйымының тарихи жиынында Алтайдан Анадолыға арпалыспен жеткен ағайынды қамқорлыққа алған Аднан Мендерестің рухына тағзым етіп, қазақ халқының атынан бауырлас түрік жұртына ақжарылғап алғысын білдірген еді. Ал кеше отыз жыл бұрын елге ағылған ұлы көш жайында сөз қозғап, оны атаулы күндер тізбесіне қосуды тапсырды.
18 Қараша, 2021
Келісімшартты соңына дейін оқисыз ба?
Осы сұрақты айналамдағы біраз адамға қойдым. Таңғалдырғаны – көзі ашық, көкірегі ояу, жоғары білімі бар азаматтардың өзі келісімшартқа онда не жазылғанын оқымай-ақ қол қоя беретіндіктерін мойындап отыр. Арасында тіпті осы салғырттықтары үшін сорлап қалғандары да бар. Ал «Неге оқымайсыз?» деген сауалымызға біразы ерінетіндіктерін айтып ақталды. Енді бірі «оқығанмен, бәрібір түсінбейміз» деп жалтарса, үшіншілері «бір көз жүгіртіп, шолып шығамыз» деп, немқұрайдылықтарын жуып-шайғандай жауап берді. Түйгеніміз – адамдар әлі күнге дейін келісімшарттың маңыздылығын түсіне қоймаған.
18 Қараша, 2021
Ауырмайтын жол іздейін десең де...
Адамның ойындағысы бола бермейтіні бесенеден белгілі. «Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, діттеген жеріңе қоңырайып барып, кейде қордың күйін кешіп, қабағың қабаржып қайтатын кездер де болады.
17 Қараша, 2021
Нәтижесі болмаса, несіне оқытамыз?
Кезінде белгілі журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Шаймерденов бізге өзі басқарған тіл саясаты мәселелерімен айналысатын ведомствоны Мәдениет министрлігінен алып, Білім министрлігіне бермейінше, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту қиынға соғатынын айтқан еді. Арада он шақты жыл өткенде марқұм Ербол ағаның кейінгілерге қалдырған өсиетіндей болған сол ойы іске асып, кеудеміздегі ана тіліміздің келешегіне деген үміт оты маздай түсті.
15 Қараша, 2021
«Күміс кездік сүйкімді» дегендей, көптен бері қоғамда қызу пікірталасқа негіз болған Pfizer вакцинасының алғашқы легі елімізге жеткізілді. Pfizer вакцинасының 46 800 дозасы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған қоймасына орналастырылды. Бұл партия алып шаһардың барлық емханалық ұйымына бөлінбек.
12 Қараша, 2021
Атам қазақта ежелден бері айтылып келе жатқан «Елге ел қосылса – құт» деген сөз бар. Бұл ұғымның астарында алуан-алуан сыр жатқанын біле бермейміз. Яки елге ел қосылса құт болатындығына бірінші себеп, «терең батырады, көп қорқытады» деп бұрынғы аталарымыз айтқандай, әуелі халықтың саны көбейді де, этнос ретінде жаңарған бұқараның қарым-қуаты артып, уақыт өте келе саннан сапаға көшеді. Даңғыл жырау Махамбеттің «Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік...» дегені тәрізді.
10 Қараша, 2021
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді неге білмейді?
Үкімет дайындап, Парламенттің қарауына ұсынатын заң жобалары орыс тілінде әзірленетіндіктен, қазақ тіліндегі аударма мәтіндерінен шикіліктер шығып жататыны жайлы сынды сол құжаттарды бірінші болып қарайтын Мәжіліс депутаттары да, қоғам өкілдері де айтудай-ақ айтып келеді. Алайда одан шыққан нәтиже жоқтың қасы. Себебі заң жобаларын дайындаумен айналысатын мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің көбі мемлекеттік тілге шорқақ екендігі жасырын емес.
09 Қараша, 2021
Қоғамда «Жемқорлық неден туындайды?», «Жемқорлар қайдан шығады?» деген сұрақтар жиі талқыланады. Бірі жемқорлықты жоқшылық туындатады десе, енді бірі бұл дертті ынсапсыздықтың асқынған түрі дейді. Түйені түгімен жұтып жатқандардың бәрі аш-жалаңаш жүрмегендері түсінікті жайт. Алайда қолына сәл билік түссе, ебін тауып екі асап қалуды ойлайтындардың әрекетін қалай түсіндіруге болады?
08 Қараша, 2021
Қоғамдық құндылықтар, адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғалғанда, бұрынғымен салыстырып қарап, бүгінгіге көбіне көңілтолмаушылық байқалып жататыны бар. Мұндайда «Заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме?» дейтін жаттанды сауалдың қойылуы да заңдылыққа айналғаны қашан?! Қалай дегенмен де заманды жасайтын да, заманда жасайтын да адам. Ал уақыт өткен сайын буын алмасып, жаңа адамдар, жаңа көзқарастар туады.
04 Қараша, 2021