Пікірлер
Жылқыны атып жығуға дейін жеттік-ау...
Ұлы Абай өз заманында көрші жұрттардың тынымсыз қарекетіне қарап, қамсыз жүрген қазағының жайбарақат тірлігіне қарны ашып: «Не ғылым жоқ немесе еңбек те жоқ, ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай...» деп ашына жазғаны мәлім. Содан бері бір жарым ғасырдан аса уақыт өтсе де халқымыз өз бойындағы керітартпа кемшіліктерінен әлі түгел арылып болмағаны анық.
15 Наурыз, 2022
Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты екіжақты, қарулы және саяси-идеологиялық соғыс деп атауға болады. Астарында экономикалық қызығушылықтың жатқаны да белгілі.
14 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі жылдың алдында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру жайлы айтып: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілегін жедел әрі тиімді қарастыратын тұжырымдаманы іске асыру – бәрімізге ортақ міндет», деген болатын. Президентіміз жоғарыдағы мәселені жылдың басында тағы да еске салып: «Біз халық үніне құлақ асатын мемлекет құрамыз. Бұл – асыра айтқандық емес. Шын мәнінде, мемлекет өз азаматтарының пікірін мұқият тыңдауы қажет» деді.
13 Наурыз, 2022
Жалғызсыраған баламен сөйлесіңіз
Мына аласапыран өмірден мән табу, өз орныңды табу бала түгілі, кейде үлкен адамдарға да оңай емес. Тағдырдың түрлі талқысын жалғыздық кешкенде, түсіністік таппағанда ересектердің өзі де көтере алмай қалады. Жазмыштың қандай сынағы болса да дем беретін, сүйейтін, жігерлендіретін жанашыр біреудің болғаны әркімге керек.
10 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастыру міндетін алға қойып: «Жаңғырған қоғам жат әдеттерден біртіндеп арылуы керек. Ысырапшылдық пен даңғазалық қоғамның да, адамның да абыройын төгеді. Жауапсыздық, немқұрайдылық бүкіл елді қасіретке ұшыратады. Ал бос сөзділік пен бөспелік, мақтаншақтық қоғамның дамуын тежейді. Бұл туралы ұлы Абай «Өңкей жалған мақтанмен, шынның бетін бояйды» деп ашық айтқан. Бұл мәселе бүгінгі таңда да өзекті болып отыр», деген болатын.
09 Наурыз, 2022
Алаш қызы ғарышқа қашан ұшады?
Әлемге мәшһүр әйгілі өлкенің бәйгілі жұрты болған соң, өзгелер жеткен биіктен өзімізді де көргіміз келеді. Әзірше біздің елге бағынбай тұрған белестің бірі – қайсар қыздарымыздың ғарышқа жол сала алмай жүргені. Біздің бұрымдылар үшін ғарыштың шынымен алыс болғаны ма?
07 Наурыз, 2022
Әлеуметтік желілерде Тұңғыш Президентке жəне оның отбасына қатысты әртүрлі пікір айтылуда. Мұның астарында өткір əлеуметтік мəселенің жатқандығы белгілі. Оның түп-тамыры – теңсіздікте.
06 Наурыз, 2022
Кеше еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданғанына отыз жыл толды. Бұл – еліміздің дүниежүзіне тәуелсіз мемлекет ретінде танылып, биік мінберде терезесі тең мүше ретінде мойындалған мерейлі мезеті. Осыған орай БҰҰ арнайы Декларация жариялап, біздің ынтымақтастығымызға жоғары баға берді.
04 Наурыз, 2022
Үкімет мүшелері кімді тыңдайды?
Көзі қарақты оқырманның жадында болар, осыдан екі жылдан астам уақыт бұрын «Egemen Qazaqstan»-да (2019 жылғы 10 желтоқсан) жарияланған «Темір жолды жағалап топ бала жүр» атты мақалада Қызылорда облысының Арал ауданындағы Сексеуіл кентін қақ жарып өтетін темір жолдың бір жағында тұратын 360 оқушы күн сайын мектепке 13 рельстің үстімен қатынап, бастарын бәйгеге тігіп жүргені сыналған болатын.
03 Наурыз, 2022
Ата-бабаларымыз әлімсақтан ұстанып келе жатқан ислам дінінде «хуббул-уатан минәл-иман» деп айтылатын мағынасы терең риуаят, яғни өсиет бар. Бұл ұғымды қазақша тәпсірлесек, «елді, отанды, жерді сүю – иманнан» дегенді білдіреді екен. Демек пенде баласының елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі һәм адал махаббаты жүрегіне сіңген иман қуатымен өлшенбек. Абайша айтсақ, «Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін, Харекет қыл, пайдасы көпке тисін, Көптің қамын әуелден тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін». Дана атамыздың мына сөзін тәпсірлер болсақ, иманы кәміл, ықыласы кемел адам ғана елін, жерін, Отанын сүйе алары хақ.
02 Наурыз, 2022
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, жасөспірімдер арасындағы суицид саны бойынша Қазақстан әлемде 12-орында тұр. ІІМ-нің мәліметінше, өткен жылы 250-ге жуық жеткіншек өз өзіне қол салмақ болған. 164 баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болса, 84-і қыршыннан қиылған...
28 Ақпан, 2022
Жаңа өмірді, тың кәсіпті, тамаша дағдыны, жақсы әдет пен пайдалы істі «алдағы дүйсенбіден бастаймын» деп дүдәмал ойдың жетегінде жүргендер көп. Әлбетте, түпкі мақсат өзгеру ғой. Өзгерген дұрыс. Бірақ ол үшін дүйсенбіні күтудің не қажеті бар? Психологтер айтпақшы, өзгеріс осы сәттен басталмаушы ма еді?
27 Ақпан, 2022
Қазіргі таңда Қазақстан бойынша барлығы 7 550 мектеп бар болса, оның 2 075-і аралас мектеп екен. Орыс тілі мен қазақ тілі қатар жүретін мектептерде бүгінде 1 522 520 бала білім алып жатыр. Мәселен, елордада өткен жылы 8 мектеп ашылған. Оның тек екеуі қазақ, ал қалған 6-ауы аралас мектеп. Бұл мектептерге 15 мыңға жуық қазақ баласы барып жүр. Осылайша ел астанасындағы екі тілді білім ошағының саны 50-ден асып кеткен. Ойлантатын сан...
24 Ақпан, 2022
Ел тұтас болмай, жер тұтас болмайды
Қазіргі кезде барлығымызды ең алдымен еліміздің тыныштығы, тәуелсіздігіміздің баянды болуы мазалайды. Аласапыран мынау кезеңде, дүние күніне қырық құбылып жатқан тұста, тоғызыншы территорияның тұтастығы мен халқының амандығы ең маңызды мәселеге айналды. Алыптар айқасының арасында қосаққа кетіп қалмай, «ақырын жүріп, анық басып» өз мақсатымызды жүзеге асырып, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып алсақ, бабалар аманатының жүзеге асқаны.
23 Ақпан, 2022
Шаршы метрге байланған шаңырақ
Былтыр елімізде 48 002 отбасы ажырасыпты. Айырылысқандар сол жылы тіркелген 90 873 некенің 53 пайызын құрайды. Бұл – негізі азайғаны. 2019 жылы 60 мыңға жуық шаңырақ шайқалған. Бұған әртүрлі себеп бар шығар. Бірақ енді ғана шаңырақ көтерген жұпқа ең алдымен не керек? Әрине, баспана қажет. Қазір көп жас отбасына 1 шаршы метр де арман болған. Неге?
22 Ақпан, 2022
Бүгінгі қоғамымыздағы өрекпіген көңіл күй соңғы бірер айдың ішінде орнай қалғандай көрінеді. Бірақ оның өзегінің тарихы ертеректен бастау алады әрі туындау себебі көп. Осы көп себептің ең бастылары – халықтың өз елінде жүріп, өгейдің күйін кешкені, арман-мақсатын үмітсіздікке байлап берген қоғамдық-әлеуметтік теңсіздіктің, әділетсіздіктің орнауы, жалпы, мемлекеттік даму жолының көңіл көншітпегені және ұлттық қазба байлығымызды өндіру ісіндегі ашықтықтың жоқтығынан туындаған күмәнді көзқарас.
21 Ақпан, 2022
Бірде әріптес ағамыз стимул деген сөздің түп мағынасы туралы кім не біледі деп сұрап қалды. Ынталандыру деген мағынаға саятын шығар деп едік, сөйтсек ол сөздің әуелгі мағынасы ынталандырудан гөрі ызаландыруға көбірек келеді екен. Латын тілінен тікелей аударғанда stimulus деген сөз – мал айдайтын үшкір таяқ, пілді піскілеп жүргізетін, испандықтар қызығып тамашалайтын коррида ойынында бұқаны одан сайын ызаландырып, шабынан түртпектейтін таяқтың атауы болып шықпасы бар ма? Естімеген елде көп деп бір күлісіп алдық.
20 Ақпан, 2022
«Ұстаз деген шәкіртінің шырағын жаға білуі керек. Мен Сұлтанның шырағын жаға алмадым». Бұл – өзіміз жақсы білетін «Менің атым Қожа» фильміндегі Рахманов ағайдың бала кезімізден құлағымызға сіңісті болып кеткен сөзі. Дәл осылай өзін жазғыратын Рахманов ағай біздің санамызда шәкірт алдындағы жауапкершілігін терең сезінетін нағыз ұстаздың бейнесінде сақталып қалған. Оқушы күнімізде мейір-шапағатын төгіп, сабағын ынты-шынтысымен, ерекше ықыласымен беретін мұғалімімізді Рахманов ағайға ұқсатып жақсы көретінбіз. Қазір осындай ұстаздар бар ма екен?
17 Ақпан, 2022
Естеріңізде ме, жаңажылдық «Әзіл әлемінде» шоумен Тұрсынбек Қабатов Канн фестивалінің жеңімпазы Самал Еслямованың қарапайымдылығын қалжыңмен қағытып өтемін деп көптің сынына қалды емес пе? Актрисаның сыртқы түр-келбеті мен киімін «Бауырсақ пісіріп тұрып келе салған сияқтысыз» деген қарадүрсін сөздермен қағытып өткен Қабатовтың қалжыңы көрерменнің көңіліне қаяу түсірген еді.
16 Ақпан, 2022
Халықтың қадір-қасиетін, дәстүрі мен тәжірибесін, пәлсафалық, әлеуметтік көзқарасын, қаһармандық рухын, ата кәсібін, тілін, діни, даналық қағидаттарын, тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мінезін жете түсінбейінше, көреген, бекзат, намысты көшбасшы атану қиын.
15 Ақпан, 2022