Пікірлер
«Мың бір түнді оқыдыңыз ба, мырза?..»
Осы сауалды министрлер мен әкімдерге қойсақ, біразы: «Иә, оқыдым» деп жауап берсе, көбі басын шайқап, көзімен жер шұқып қалатын сияқты. Себебі әйгілі ертегідегі түн жамыла жұрт танымай қалатындай қарапайым киініп, Бағдат шаһарын аралап, халықтың шынайы жағдайын, шын пікірін білуді жөн көрген Һарон Рашид халифа сияқты анда-санда «аспаннан жерге түсіп», қағаз бетіндегі және іс жүзіндегі ахуалды салыстырып жүрген шенеуніктер шамалы-ау.
03 Қараша, 2021
«Жеті жарғыны» неге жоқтай береміз?
Халқымыз үшін қадірлі Ұлт, Тіл, Тәуелсіздік дейтін үш қасиетті ұғымның тұғырын бекітіп, тамырын тереңдете түсетін Заң деген түсінік бар. Өйткені заң қай тілде сөйлеп, кімнің жоғын жоқтаса, түбінде сол ұлтқа қызмет етеді. Ал тәуелсіз мемлекетте заңмен бекітілген әрбір норма сол ұлттың кәдесіне жарауы қажет. Бір қарағанда, жалпақ жұртқа түсінікті қарапайым аксиома...
02 Қараша, 2021
Зау көкке мойнын созған зәулім үйлерге көз салғанда сан алуан күйді кешесіз. Біздің балалығымыз өткен бәкене бойлы бес қабатты сұр үйлерді сүріп өткендей, жадағай өмірді жарып шыққандай, жаңа заманның белгісіндей асқақ та сәнді үйлерге қарап тұрып, кеудеңді қуаныш кернесе, кейде көп терезелерден кезектесе жанып-өшіп жатқан шамдарға қарап, адамдардың қилы тағдыры жайлы ойға батасыз.
01 Қараша, 2021
Таңбалау және бизнестегі байбалам
Сырттан тасығанымыз, өзіміз өндіргеніміз бар, сөрелердегі тауарларды түгелдей таңбалау қаншалықты қисынды? Осы мәселе қозғалса болғаны, өндірушілер неге байбалам салып шыға келеді? Шындығында тауарларды таңбалау бағалардың қымбаттап, өнімнің азаюына алып келуі мүмкін бе?
28 Қазан, 2021
Шенеуніктер «гигантоманиядан» қашан айығады?
Бұдан бірер жыл бұрын жолымыз түсіп, Рим қаласында болғанымызда италиялықтардың үнемшілдігіне қайран қалғанбыз. Мәселен, жылына жер-жаһаннан миллиондаған турист келетін көне де ғажайып қаланың ертеде кеспетас төселген алаңдарының уақыт өте келе сәл ғана сәні тайған тұстарын біз сияқты, «қонақтардан ұят болады» деп ауыстыра бермейді екен.
27 Қазан, 2021
Тәуелсіздікті енді алған алғашқы жылдардағы саяси әлеуметтік ахуалды жас буын жақсы білмейді. Жалпы кез келген адам не нәрсеге болсын біржақты үкім айтпағаны дұрыс. Бірақ сол кездегі жағдай туралы бүгінгі аға буын, зиялы қауым әлдебір сұмдықтарды абайсызда өздері айтып қалғанда не деріңді білмей қаласың.
26 Қазан, 2021
Өткен аптада Мәжілісте Қылмыстық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Құжатқа сәйкес, өлім жазасына қатысты бірқатар бап алынып тасталмақ. Бұл – гуманизмге жол ашатын маңызды қадам екені сөзсіз.
22 Қазан, 2021
Сына қаққандар сотта жеңіліп қалды
Жақында Нұр-Сұлтан қаласында Жанат Малгелдинов есімді адвокат елорданың ең көрікті жері Ботаникалық саябақты бойлай салынған Түркістан көшесінен тұрғын үй тұрғызбақ болған компанияны соттың бірінші сатысында жеңіп шықты. Осы жаңалықты адвокаттың өз аузынан естігінде басында таңданып қалдық. Әрине, бұл таңданысымыздың да себебі жоқ емес еді.
20 Қазан, 2021
Жуықта жолымыз түсіп елорданың ескі бөлігіндегі «Сапаржай» автобекеті маңында орналасқан «Қайырымдылық» орталығына бардық. Кіреберістегі қоршау – кеңсенің қасында бір топ адам тұр. Дені – жастар. Олар ортаға тасталған тілдей қағаздарды бір-бірден суырып әкетіп жатыр. Бұл қағаз-тізімде қалада тұратын жетім-жесір немесе жоқшылыққа тап болған кедей отбасылардың мекенжайы жазылып, оларға нендей көмек қажеттілігі көрсетіліпті. Мұнда жиналған қайырымды азаматтар қағазда жазылған тізім ішінен қолайлысын таңдап алып, шамасы келетін істерге тегін көмек жасауға талпынып жатқанына куә болдық.
19 Қазан, 2021
Өңірлердегі жемқорлықты ауыздықтау амалы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсыра отырып: «Үнемделген қаражаттың есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көбейтетін боламыз. Еңбекақысы аз мемлекеттік қызметтің қоғам үшін пайдасынан зияны көп», деген болатын. Президенттің бұл сөзі қазіргі өмір шындығына сүйеніп айтылғандығына шәк жоқ.
18 Қазан, 2021
«Измдердің» бәрін исламға телуден сақ болайық
Елдің бәріне мәлім, батыстық бұқаралық ақпарат құралдары ислам десе, оның соңына экстремизм, терроризм, фундаментализм дегенді қосып айтпаса ішкен астары бойына жұқпайтындай. Оған тіпті бой да үйреніп барады. Бірақ адамзат тарихындағы қанды қасап қырғындарға көз жүгіртіп көрейікші.
14 Қазан, 2021
Түнеу күні қым-қуыт тірліктің қуыс-қуысымен, жауын-жауынның арасында жұмыс орнымызға жақын жердегі кітап дүкеніне бас сұқтық. Кейде қалтаңда артық ақшаң болмаса да сол бір жып-жылы дана да момын, кемел де керемет мекенге жалқы сәт болсын жолай кіріп-шыққың келіп тұрады ғой. Біз де сол сағынышпен, сол аңсармен ақылдың асыл қазынасы үйілген ақ зер бөлменің есігіне ендік.
13 Қазан, 2021
Той – офлайн, журналистер – онлайн
Елде эпидемиялық жағдай тұрақталды. Карантин шаралары да жұмсарды. Бұрынғыдай қатаң локдаун жоқ. Тіпті қазақтың тойына да рұқсат берілді. Бірақ шенеуніктер мен журналистер арасындағы байланыс қана әлі онлайн күйінде тұр.
13 Қазан, 2021
Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында әрбір тірек ауылға баратын жалпы ұзындығы 27 мың километр жергілікті жолдар жөнделіп, олардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 95 пайызға жеткізу көзделген. Қазір өңірлерде осы мақсатты орындау жолында қыруар жұмыс атқарылып жатқандығы жайлы жағымды хабарды жиі естіп, ауылдағы ағайындардың көбінің жандарына батып, жанайқайларын шығарып келген күрмеулі мәселенің түйіні тарқатыла түскеніне қуанып отырған жайымыз бар.
12 Қазан, 2021
«Бешбармақ» – бұрмаланған атау
Қазіргі таңда үлкен қалаларда, одан қалды халық жиірек қоныстанған кенттерде «Бешбармақ» немесе «Бесбармақ» дейтін атауға ие асхана, дәмхана, мейрамханалар баршылық. Тіпті дүкен сөрелерінде самсап тұрған «Бесмармачная» атты кеспелер мен ұн жаймаларына көзіміз үйренгелі қашан. Қызық болғанда бұл терминді шетелдіктер, одан қалды тарихи санасы бұлыңғырланған өз ағайындарымыз ұлттық құндылық ретінде қабылдайды. Бірнеше жылдың алдында Ташкент шаһарына жолымыз түсті. Қала орталығындағы үлкен асханадан ас ішуге бардық. Мәзірдің дәл басында «Қазақтың ұлттық тағамы» деген титул тағынып баяғы «Бешбармақ» бедірейіп тұр.
11 Қазан, 2021
Өркениетті елдер нарықтық қарым-қатынасты бетімен жіберіп отырған жоқ. Бәрі де мемлекеттік мүддені қорғау мақсатында экономиканы реттеу мәселесімен терең айналысады. Бұл – бүгінгі күннің талабы. Мұны кейнсшілдік дейді, яғни экономиканы мемлекет реттеуді жақтайтын экономикалық саясат.
08 Қазан, 2021
Жастар жылы деп жарияланған 2019 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға 3 мың пәтер сатып алу құқығынсыз жалға берілгені мәлім. Сөйтіп ірі мегаполистерде еңбек етіп жүрген соншама жас отбасылар мен жалғызбасты қыз-жігіттер қабырғаларын қайыстырып жүрген баспана мәселесін уақытша (бес жылға) болса да шешіп, қуанып қалды.
07 Қазан, 2021
Биыл туғанына 90 жыл толған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Нені аңсаймын» атты жырында «Сені аңсаймын, қайнаған ақ бас таулар, Ақ бас таулар – самайын ақ басқандар. Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар, Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар» дейтін бір шумақ тіркесі бар. Осында айталған «өре» атауы жайлы тәпсірлесек...
06 Қазан, 2021
Біздің халық қызық қой, жоқ жерден шу шығара салады. Токиодағы отандық спортшылардың төмен көрсеткіштеріне бола, спортшыларды былай қойғанда, спорт функционерлерін, жаттықтырушыларды жерден алып, жерге салды ғой. Қазақстан 8 қола медаль алып, 83-ші орында қалып қойды деп шыр-пыр болады. Қола да болса медаль ғой, бір медаль алмағандар да бар шығар тегі. Сөйтсе, Токио Олимпиадасындағы сүреңсіздікке ешкім кінәлі емес көрінеді. Бар кінә пандемияда?!.
03 Қазан, 2021
Әлемде ағайынгершілікті, туыстықты қатаң сақтай отырып, ұлт тұтастығы мен қоғам бірлігін реттеп келген жұрттың бірі − қазақ халқы. Мысалы, бабаларымыздан жеткен «Абысын тату болса ас көп...» немесе «Ағайынның азары болса да, безері жоқ» дейтін құнды тәмсілдер ұлтымыздың ағайынгершілік болмысынан хабар берсе, мұсылман үмбетінің пайғамбары Мұхаммед: «Кім ризық-несібесі көбейіп және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайынгершілік қарым-қатынасын күшейтіп, туған-туысына қарайлассын» дейтін аса құнды өсиет қалдырғаны бекер емес.
29 Қыркүйек, 2021