Пікірлер
Бүгінде халықаралық қоғамдастық қоршаған орта мәселесіне ерекше көңіл бөліп отыр. Әлемнің бұған алаңдауы бекер емес. Ғалымдар климаттың өзгеріп, жаһандық жылынудың адамзатқа тигізетін зияны туралы талайдан бері айтып келеді.
12 Тамыз, 2021
«Ол – оңбаған, бірақ өзімдікі»
Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімдерінің бірі тапсырған шаруасын шала атқарған іс басқарушысына өз орынбасарының көзінше қатты зекіп ұрсып, кабинетінен қуып шығыпты. Сонда орынбасары: «Бәленшеге, жүйкеңізді жұқартатын мұндай қызметкерді неге ұстайсыз? Пысықтау біреуді алмайсыз ба?», дейді. Бір стақан су құйып ішіп, ашуын басқан әкім: «Ақылың өзіңе. Өйткені команда деген ұғым бар. Иә, ол – оңбаған, бірақ өзімдікі», депті. Осы сөз іле жергілікті шенеуніктер арасында таралып, олар ауыздарынан тастамай айтып жүретін нақылға айналып кеткен.
11 Тамыз, 2021
Сүлеймен патшаның жүзігінде: «Бәрі де өтпелі. Бұл да өтеді» деген жазу болған екен дейді. Сүлейменнің жүзігін кім тағып көріпті, бірақ әрбір адам осы бір ойды, сезімді өз өмірінде әйтеуір бір кешіреді. Бұл – көңілдің күйі, адам өмірінің көңіл күйі ғой. Уақыттың көңіл күйі. Ұланғайыр даланың қайсыбір шоқысында отырып «Ахау, арман, дүние – жалған» деп аһ ұрған қазақтың, «дүние – бір қисық жол бұраңдаған» деп шерлене ыңылдаған қазақтың қай перзенті де осы күйді кешкен, кешіп те келеді, кеше де бермек.
06 Тамыз, 2021
Елімізде жол-көлік оқиғаларынан болып жатқан адам шығыны мына әлемді жайлап, құтымызды қашырып тұрған коронавирус індетінен көз жұмып жатқан жамағаттың санынан кем түспей тұр. Яғни жол апаттарынан қаза тапқан отандастарымыздың қатары қалың. Бұл – демографиялық жағдайы мәз емес еліміз үшін үлкен шығын.
04 Тамыз, 2021
Елорда іргесіндегі Қосшы ауылына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «облыстық деңгейдегі қала мәртебесінің» берілуі жол, жарық, жылу секілді әлеуметтік проблемалардың асқынуы салдарынан жиі шу шығарып жататын қосшылықтардың көңілін біраз көншітіп тастағандай.
03 Тамыз, 2021
Тойды тоқтатпай төніп тұрған тажалдан құтыла алмаймыз
Ресми мәліметке жүгінсек, коронавирус алғаш тіркелген сәттен бастап індеттің covid-19 (ПЦР+) түрін 572 576 адам жұқтырып, одан 473 344 адам жазылып шықса, қайтыс болғандар саны 5 866-ға жетіпті. Сондай-ақ осы кезде індеттің covid-19 (ПЦР-) бойынша 60 893 адам сырқаттанып, оның 54 550-ы сауықса, 3 711 адам бақиға аттаныпты.
02 Тамыз, 2021
Ырым-тыйым деген болмаушы ма еді...
Қазақтың ырым-тыйымдарын халқымыздың ұлттық болмысынан бөліп қарау мүмкін емес. Олардың адам мен қоғамның әлеуметтік тіршілігін қамту деңгейінің жоғары болғаны соншалық, қазақ халқына осыншама жерді игеріп, оған ие болып және ұлт ретінде алға жылжуына мүмкіндік берді.
30 Шілде, 2021
Нарық заманының қыспағы ма, қазір жеңіл жолмен қомақты қаржыға кенелгісі келетіндер көбейді. Жанды қинамай, көл-көсір байлыққа ие болғысы келгендер күмәнді ұйымдар құрған қақпанға түсіп те жатыр. Бірақ тауы шағылып, беті қайтып жатқан адамдар көрінбейді. Біріншісінің тұзағынан шықса, екіншісіне ұрынып жатады. Тек былтырдың өзінде он мыңдаған адам қаржы пирамидасына алданып қалған. Уәкілетті органдар 2020 жылы жалған қаржы ұйымдарына қарсы 217 қылмыстық іс қозғап, оның 116-сын сотқа жөнелткен.
29 Шілде, 2021
Бұрыннан бар ма еді, әп-сәтте-ақ айтқан сөзіңді әлемге таратып жіберер әлеуметтік желі пайда болған соң қарға түскен көмірдей көп көрініп қала ма, бізде бірін-бірі айыптауға, кемшілігін көпке көрсетуге, кемістігін елдің алдында ашуға құмартып тұратын бір әдет пайда болды.
28 Шілде, 2021
Қорқудан қалдың ба, қазағым?..
Былтыр коронавирус пандемиясы үдеп тұрған кезде осы індет ошағы болған Қытай елінде аса қатерлі дертпен күрес қалай жүргізіліп жатқандығы көрсетілген бейнежазба көзіме түскен еді. Онда полицейлер мен санитарлық-эпидемиялық қызмет мамандары көшеде бірлесе іс-қимыл жасап, көлік жүргізушілерін тоқтатып, денелерінің температурасын өлшеп жүргендігі бейнеленген.
27 Шілде, 2021
Ел басына күн туған қандай қиын-қыстау заман болсын, қазақ халқының қайырымды, қамқор қалпынан айнымағанына тарих куә. Алапат індет шартарапты шыр айналдырған қазіргі шырғалаң шақта да болмысымызға біткен шарапатшыл, мейірбан сияқты асыл қасиетімізден ажырап қалмағанымызды көріп отырмыз. Ағайынның ғана емес, адамзаттың амандығы қайғы болып тұрған алмағайып кезеңде жақыныңа жанашыр болу құр ұран күйінде қалмай, іс жүзінде ізгі амалдарға бастап жатқаны рас.
26 Шілде, 2021
Ауылдан анасы дайындап жіберетін құрт-майды табыс көзіне айналдырып, аз нәпақамен екі үйлі жанды бағып жүрген отыздың ішіндегі келіншек тіршілік тауқыметі жасытқан даусымен өткен өмірі мен болашақта болуы ықтимал қорқынышы туралы айтып отыр.
23 Шілде, 2021
«Газетпен шыбынды және... министрді «өлтіруге» болады». Өркениетті мемлекеттерде ертеректе айтылған осы сөз бүгінде біздің елде де өмір шындығына айнала бастағандай ма, қалай? Мәселен, жуырда «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының меншігіне өтіп, бағыт-бағдарына қазіргі заман талабына сай өзгеріс енгізіліп жатқан «Казахстанская правда» республикалық газетінде жарияланған, Солтүстік Қазақстан облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден көшіп келген қоныс аударушыларды қабылдау ісінде өрескел кемшіліктерге жол берілгендігі өткір сыналған мақалаға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен кешенді тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде аталған өңірдегі Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметтерінен босатылып, облыс пен аудандық деңгейдегі бірқатар басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
20 Шілде, 2021
TikTok мәдениетті қалай матады?
Байқасақ, мәдениетке енетін жаңалықтар жымын білдірмей мысықтабандап келіп, мықтап тұрып орнығып алғаннан кейін нәтижесін бір-ақ көрсетеді екен.
19 Шілде, 2021
Әлем болып күресіп, әлі келмей жатқан бір мәселе бар. Бұл – бесіктен белі шықпағандардың жастайынан темекіге үйір болуы. Келешекте қос өкпесі күркілдеген шылымқорлар да, денсаулығы дімкәстар да осылардан шығады. Болашақты қорғап, темекіні қойдыру үшін мемлекеттер, халықаралық, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдар түрлі қадамдарға барып жатады. Бірақ түбегейлі халқына темекіні тастатқызған ел бар ма?
16 Шілде, 2021
Биыл елімізді үлкен саяси сынақ күтіп тұр. Бұл – ауыл әкімдерін сайлау. Бұған басымдық беруіміздің, саяси сынақ ретінде ерекше атап көрсетуіміздің бірнеше себебі бар.
15 Шілде, 2021
Осыдан жиырма жыл бұрын елордаға көшіп келгенімізде бір шаруаның ретімен қала іргесіндегі Қосшы ауылына барғаным есімде. Сол кезде ол бір кеңшардың орталығындай ғана шағын ауыл екен. Ауылдың орталық бөлігінде Хрущев, Брежневтер заманындағы бес қабатты төрт-бес үй тұрды. Қалғанының бәрі жатаған үйлер еді. Уикипедия деректеріне қарағанда, 1999 жылы мұнда 1742 адам болса, 2009 жылы тұрғындар саны 4527 адамға жеткен. Ал қазір кент туризмді дамытуға лайық көз тартарлық шағын қалаға айналып үлгерген.
14 Шілде, 2021
Әл-Фарабидің айтуынша адам баласы жаратылысынан қабілетті болады, соның арқасында оның әрекеттері, жан аффектілері және ақыл-парасаты тиісінше жақсы болады немесе жақсы болмай шығады. Осыдан келіп адам не тамаша немесе оңбаған әрекеттерге барады. Мұны тудыратын күйді ғұлама мінез-құлық деп атайды. Мінез-құлықтың дұрыс немесе бұрыс қалыптасуы әдеттерге байланысты, қайталанған әдеттер мінезге айналады.
13 Шілде, 2021
Ертеректе әжептәуір аты шыққан театр режиссері бір өңірде жаңадан ашылған облыстық қазақ драма театрының директорлығына тағайындалды. Ол әу басында жас әртістер ұжымын алға жетелеп, біршама шығармашылық жетістікке қол жеткізгенімен, көп ұзамай жаманаты естіле бастады.
12 Шілде, 2021
Қазақ журналистерінің телеграм чатында бір әріптесіміз: «Қала күніне орай мерекелік эфирге Саммит, Азиада, Бәйтерек есімді балаларды шақырамыз» деп хабарлама беріпті. Мұндай есімдер шынымен де бар ма деп ойлап қалдық басында. Іле интернетті ақтарып, статистиканы қарасақ, расымен Қазақстанда Саммит деген есімі бар 22 ер бала, Саммита атты үш қыз және 15 Саммитхан бар екен.
08 Шілде, 2021