Пікірлер
«Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын»
Біреудің тасбауырлығынан түңілгенде айтылған бұл сөз халықтың көкейіндегісін дөп басқан соң, мәтелге айналып кеткен. Оны қазір көбіне үлкенді-кішілі шенеуніктерге қарата айтатын болдық.
26 Сәуір, 2021
Ұзын салқар тарих көшінің қай халыққа да беретін сабағы бар екені белгілі. Жетелілер тарихтың қайталанғанын көргенде, бүгінгі тынысында өткеннің ащы тұсын тұщытып, кермегін жұмсартып, запыранын емдеп, болашағының жарқын болуына соларды мысал ете отыра ұрпағын алға жетелейді.
23 Сәуір, 2021
Ертең, яғни 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күн. Осы атаулы күні әлемнің көптеген елі кітапқа, кітап оқуды ынталандыруға байланысты жалпыхалықтық сипаттағы мерекелер өткізіп жатады. Ал Қазақстандағы іс-шаралар тек кітапханалар деңгейінен аспайды.
22 Сәуір, 2021
Түрік ғұламасы Жәлаладдин Руми: «Жақсы адамның қабірін жердің бетінен іздемеңдер, ол өзінің туған халқының жүрегіне жерленеді», деген екен. Ал атам қазақ болса, «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» депті. Осындай аты да өлмеген, хаты да өшпеген жақсылардың бірі марқұм Ақселеу Сейдімбек еді. Жарықтық ұлт руханияты мен мәдениетіне үлкен үлес қосты. Небір келелі кездесулерде маңдайы жарқырап, салалы саусақтары күміс тұтқалы ақ таяғын қысып ұстап, кең залға селкеусіз көз тастап отырар еді. Қазір бұл күндер келмеске кетті. Бірақ елдің жүрегінде Ахаңның елесі қалды.
21 Сәуір, 2021
«Құрметті азамат» атануыма көмектесші...»
Осындай өтінішті алыс-жақын ағайындар ара-тұра айтып жатады.
20 Сәуір, 2021
«Мал ашуы – жан ашуы» (Ұры-қары жұртты қашанғы басынады?)
Қолындағы азын-аулақ малын күнкөріс көзіне айналдырып отырған ағайынды бүгінде ұры-қары басынып бітті. Бала-шағамның игілігіне, ас-ауқатқа жұмсаймын деп, дүниеқоңыздықпен емес, жан бағу қамымен көзіңнің қарашығындай сақтап, қыруар қаржыға жем-шөп сатып алып, қораңда бағып отырған немесе жыл он екі ай далада қарауылдап, қайырмалап жүрген малыңды қапыда ұры-қары қолды етсе, мұны қалай басынғандық, қорлағандық демейсің?!
19 Сәуір, 2021
Бас шаһар түтінге тұншығып тұр. Әсіресе таңертеңгілік және кешкі мезгілде мұржалардан шығатын қою көк түтін астана аспанын торлап, иісі қолқаны қабады. Әдетте қаламыздың аяғын жерге тигізбей мақтаймыз. Бірақ көк түтінге келгенде, үніміз шықпай тұр. Былтыр «Қазгидромет» РМК дерегіне сәйкес, Нұр-Сұлтан елдегі ең лас қалалардың қатарына қосылған еді. 2019 жылы елордада атмосфераға 108 мың тонна ластаушы зат таралыпты. Оның 33,5%-ы (59 мың тоннасы) – жылу-электр орталықтарына, 29%-ы – жеке секторға, 32,5%-ы ескі көліктерге тиесілі болған.
16 Сәуір, 2021
Жер тұтас болмай, ел тұтас болмайтыны белгілі ғой. Алаш жұртының бойындағы иммунитет Жерге кіндігімен біржола байланған. Басқа мәселеде осалдық танытқанымен, жер мәселесіне келгенде Мөденің ұрпағы бабасының аманатына адалдық танытып келеді.
15 Сәуір, 2021
Қай елдің телесериалын көресіз?
Кейінгі кезде ел телеарналарында отандық киноөнімдер жиірек көрсетіле бастағанымен, шетел фильмдері, әсіресе телесериалдары әлі де көп. Осыған орай, телекөрермендер тарапынан «Қай телеарнаны ашып қарасаң да, көбіне үнді, корей және түрік телесериалдары жүріп жатады. Оларды көрсетуді азайтып, қазақ тіліндегі телесериалдарды неге көбейтпейміз?» деген сұрақ жиі қойылады.
14 Сәуір, 2021
«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті Рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспеттесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күндердің қайырлысы – жұма, айлардың қайырлысы – Рамазан» деген екен.
13 Сәуір, 2021
Рухы биік ел ешқашан жеңілмейді
Жалпы, мемлекет құрудың негізі – экономика емес, руханият. Руханияты бай, рухы биік ел ешқашан жеңілмейді. Яғни ол өзінің тәуелсіздігін сақтайды. Өткенінен бейхабар халықтың рухани кемелдігін былай қойғанда, материалдық тұрғыдан да жарымайды. Сондықтан болашағының берік болуын ойлаған жұрт ұрпағын өткен тарихтың кемел үлгісімен суаруы тиіс. Осы орайда, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары – қазақ қоғамына сананы жаңғырудың жолын нұсқаған бағдаршам іспеттес құнды дүниелер.
12 Сәуір, 2021
Мемлекетті басқарудың жаңа моделі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 26 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында мемлекетті басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі «Ең алдымен адамдар» – адамға бағдарланған моделін қалыптастыру Тұжырымдамасы қабылданды. Алты бөлімнен тұратын бұл құжатта ағымдағы жағдайды талдаудан бастап, халықаралық тәжірибеге шолу мен мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары сараланған.
09 Сәуір, 2021
Осынша мөлшердегі кеңес ақшасы бала күнімнен жадымда ешқашан өшпестей сақталып қалды. Бұл – әкемнің ай сайын алатын зейнетақысының сомасы. Жасы қырықтан асқанында жаңадан құрылған ұжымшарға малшы болып кіргендіктен, зейнетке шығарда еңбек күні (қазіргі еңбек өтілі) аздық етіп, қарттық шағына мардымсыз нәпақа бұйырыпты. Ал сол кездегі жоғары оқу орнының тойып тамақ ішуге ақшасы жетпей, ашқұрсақ жүретін студентіне айына 40 сом стипендия төленгендігін ескерсек, бес жаннан құралған отбасының жалғыз асыраушысының табысының деңгейі қандай болғандығын бажайлауға болар.
08 Сәуір, 2021
Жылдан-жылға қарыштап дамып келе жатқан ақпараттық технологиялардың адам баласына беретін пайдасы көп. Тек соны ретімен сауатты түрде пайдалана білу керек. Ал егер оны қара басың ғана емес, қоғам мүддесі үшін пайдаланатын болсаң, пайдасы бірнеше қайтара еселеніп, қаншама адамға жағымды әсер ететін болады. Осының бір мысалын ортаға салғанды жөн көрдім.
07 Сәуір, 2021
Тамыр туралы тағылымды әңгіме көп. Тамыр – дегеніміз әуелі тарих. Кез келген тұлға тұғырының беріктігі оның тереңге бойлаған алтын тамырында, көне тарихының бай қазынасында болса керек. Алтын тамыр дегенде біздің есімізге әуелі тарихшы, ғалым Қойшығара Салғара түседі. Этнограф, жазушы Ақселеу Сейдімбек екеуі бір-біріне серт беріп, бас басылымда қатар қызмет ете жүріп біреуі «Күмбір-күмбір күмбездерді», екіншісі «Алтын тамырды» жазушылықтарынан мақсатты түрде бас тарта отырып жазып шығыпты. Бұл жанқияр ерліктің, жазу деген қасиетті өнерді ұлт болашағы үшін құрбан қылудың ар жағында қос қаламгердің нағыз алашшыл тұлғалары айқын көрінеді.
06 Сәуір, 2021
Түркістан – түркі өркениетінің тұтқасы
Тамырлас, тағдырлас түркі халықтарының ынтымақтастығы тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдары басталғаны белгілі. Азаттықтың арайлы таңында бірін-бірі танып, қолдап, бауырластықтың берік негізін қалаған туыс елдер әуелі мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастыққа мән берді.
05 Сәуір, 2021
Ғаламның болмысы жөнінде жиі талқыланатын тақырыптың бірі – параллель әлем. Бұл мәселе ежелгі гректерден бастап қазіргі ғалымдарды да әлі күнге мазалап келеді. Бір қызығы, оның мысалын күнделікті өмірден де байқауға болады.
05 Сәуір, 2021
Бір күні ерлі-зайыпты шымшықтардың ұясында ұрыс шығып шоқысып қалыпты деседі. Олардың күңкілдесіп жатқанын аң мен құстын тілін түсінетін Сүлеймен патша есітіп тұрды. Ұрғашы шымшық «күйеуінің» айтқанына көнбей, қашып жүрген көрінеді. Сонда кіжініп тұрған еркек шымшық жүндерін күдірейтіп: «Егер мен қаласам, Сүлеймен патшаның сәлдесін шешіп алып, теңізге лақтырып жіберем. Сен маған қарсы келетін кімсің?» деп айқайға салып жатыр дейді.
02 Сәуір, 2021
Алматыдан автобустар түнде аттанады...
Әлдеқандай шаруамен Алматыдан Шымкентке жол жүретін болдық. Жолаушы тасымалдайтын көліктердің күндіз де ағылып жататыны белгілі, алайда, «атар таңға жүрсең де, батар күнге жүрме» дейтін кешегі қисын бүгінге жүрмейді, автобустар Алматыдан түнде аттанады.
01 Сәуір, 2021
«Аңсаған сәби» тамаша-ау. Тек...
Қазақ – балажан халық. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп, қатты айтса да, текке айтпаған. Сәби сүю бақыты бұйырмаған ағайынын аяғандықтан, көп баласының біреуін оның бауырына салатын игі дәстүрі болған. Сол дәстүр көп бала туу «сәннен» шығыңқырап, өзімшілдік өктемдік құра бастаған қазіргі заманда ұмытылып та бара жатқанға ұқсайды. Әйткенмен, «Алпамыс батыр» жырындағы Байбөрі бай мен Аналық бәйбіше сынды бір перзентке зар болып, әулие-әнбилердің басына түнеп, бармаған жер, баспаған тауы қалмаған мұңлық отбасылар үшін жарық дүние есігін ашпай жатып, «көкек» аналары қатыгездікпен бас тартқандықтан, Сәбилер үйін паналауға мәжбүр болған бүлдіршіндерді асырап алу немесе экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) арқылы аңсаған арманға жету жолы табылды.
31 Наурыз, 2021