Пікірлер
Қазір қымбатшылық қысымы ақпанның ақ түтегіндей қарапайым жұртты қысып, қолына тиген теңгесі шақша басына тартса, сіңірленген аяғы шығып, айласы құрып отырғандай.
28 Мамыр, 2021
Осыдан отыз жылдай уақыт бұрын, біздің жастық шағымызда, мен туып-өскен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылында 23 соғыс ардагері бар еді. Жеңіс мерекесі кезінде кеуделеріне орден-медальдерін сылдыратып осы ардагерлер көшеге шыққан кезде ауылымызды ерекше салтанатты жағдай кернеп алатын.
27 Мамыр, 2021
Бүгінде әлеуметтік желіден туындап жатқан әлек аз емес. Әлеуметтік желі желі емес, желім болып тұр. Жаман әдет жабысқыш келеді емес пе? Батыстың қаңсығын балаларымыз таңсық көретіні сонша, жылтыраққа жапа-тармағай жабыса кетеді. Бұрын ерсі қылық істеген адам жазаланатын еді, қазір жарнамаланатын болды. Бақсақ, осы күні хайп деп, пранк деп, ар мен ұяттан емін-еркін аттай беретіндердің аты озып тұр екен.
26 Мамыр, 2021
Елорда көшелерімен таңертең жұмысқа келе жатқанымда Сарыарқаның інжу-маржаны атанған шаһардың сұлу көркіне қарап, көңілім көтеріледі. Тек жолшыбай қаптаған қонақүйлердің маңдайшаларындағы қазақ тіліндегі жазуларға көзім түссе, еріксіз бас шайқап, көкейімде «Бұл қалай?» деген сауал туындайды.
25 Мамыр, 2021
Адам өзін өзі тонай ма? Қарапайым қисынмен түсіндірсеңіз де, тереңге тартсақ та, алдымен кісі өзін тонайды. Уақытымызды тонаймыз. Қалатұғын сай үшін, өлетұғын тай үшін денсаулығымызды, көңіл күйімізді, иманымызды тонаймыз. Бірақ қанша тонасақ та тоймаймыз. Арамызда ақшасынан басқа дымы жоқ кедейлер көбейіп барады. Бұлар – кедейдің де кедейі.
20 Мамыр, 2021
Қазақстандық қоғамдық сана күрделі және шашыранды. Оған әлеуметтік-экономикалық саладағы түрлі келеңсіз үрдістердің теріс әсер ететіні сөзсіз. Сол үрдістердің бірі ретінде халықтың өз қажетін өтеуі үшін, негізінен, несие алуға тәуелділігін айтуға болады. Сондай-ақ нарық монополияланып, сыбайлас жемқорлық пен қылмыс бой бермей, басқару жүйесіндегі қабылданған шешімдерді іске асырудағы сапасыздық пен монополистердің сөз байласуы қалыпты жағдайға айналды.
19 Мамыр, 2021
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтар күнгі халыққа Жолдауында: «Мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті» деуі, сөз жоқ болашақтағы мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы болатын.
18 Мамыр, 2021
Креативті индустрия дамыған елдердің бәсі биік болатын заман есігімізді қағып тұр. Сондықтан IT-білім беру ісін ең өзекті мәселелердің қатарына жатқызуымыз керек. Халыққа, оның ішінде жасөспірімдер мен жастарға IT-білім беруді мемлекеттік тұрғыда кеңінен қолдау қажеттігі айқындала түскен қазіргі кезде бұл бағыттағы шабан қимылды уақыт кешірмейді.
17 Мамыр, 2021
Адам бойында тумысынан не табиғатынан біте қайнасып жатқан асыл қасиеттер болады. Бірақ ол арнасынан асып-тасып жатқан жоқ, саф алтындай сирек кездеседі. Сол қымбат құбылыстардың жиынтығын ұлт шеңберінде талант түзеді. Тәңірі берген талант – адамның жанына бітетін айрықша алғырлық қана емес, ол тұтастай мемлекеттің мақтанышы, халықтың қазынасы.
16 Мамыр, 2021
Жер-жаһан, адамзат тұтастығының, тыныштығының сақшысы – мейірім. Бұл, әлбетте, әуелден естіп жүрген «Әлемді мейірім құтқарады» деген ұғыммен үндес екені анық. Ал осы мейірім тұнған мекен, бейбітшілік бесігі – отбасы. Сондықтан бүкіл дүниенің бүтіндігіне басымдық беретін БҰҰ 1993 жылдан бастап 15 мамырды халықаралық отбасы күні деп бекіткен.
14 Мамыр, 2021
Жаңа мыңжылдық басында Германия экономикалық қиындыққа тап болып, Еуропадағы қораш елге айналған-тұғын.
13 Мамыр, 2021
Көңіл деген қызық құбылыс. Менің ойымша, осы күнге дейін оның ұшығына жеткен ешкім жоқ. Бірақ көп адам оның өте қасиетті дүние екенін біледі. Сондықтан адам көңілін қалдырмауға тырысады. Өз көңілін де таза сақтауға ұмтылады. Көңілін қалдыратын жерге, ортаға көп жоламайды.
12 Мамыр, 2021
«Екі күймек бір жанға әділет пе?»
Әділетсіздікке жаны төзбей осылай деген абыз Абай егер әке-шешесі алапат аштықта опат болған, ағайын-туысы қызыл қырғында қуғын-сүргінге ұшыраған, өзі әскерге алынып, қан майданда тұтқынға түскен, тозақ көріп, «легионға» алынған, концлагерьден қашып, партизандар қатарына өткен, соғыс біткеннен кейін қайта сотталып, итжеккенге айдалған, сосын өмір бойы «сенімсіз, сатқын» саналған қайран қазақты көргенде қандай теңеу айтар еді?
11 Мамыр, 2021
Орта ғасырда өмір сүрген атақты оқымысты Әбу Лайс Самарханди ислам әдептері жайында жазған еңбегінде: «Бір қауымның (халықтың) жер бетінен жойылып кетуіне себеп болатын дүниенің бірі – арақ. Өйткені ол сау адамды жындыға айналдырады», деген екен. Сол сияқты мұсылман ғұламаларының «арақ ішкен адамның бойында 40 күнге дейін иман болмайды» дейтін заңды пәтуасы бар. Бұл дүние қазіргі таңда медицина тарапынан да дәлелденіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, ішімдік қолданған адамның қанында алкогольдік зат 40 күнге дейін сақталатыны анық.
11 Мамыр, 2021
Әсілінде «дені дұрыс» кезек алға жылжиды. Бірақ жұртшылық балабақша орындарын әділ үлестіреді деп сенген indigo24.kz балабақша кезегі кері кетіп тұр.
06 Мамыр, 2021
Әйгілі Гете де жетпіске келіп шау тартып, мына дүниенің жақсылығынан да жамандығынан да қажып, жанын нұрға бөлеп, тынымсыз жүрегі сая табатын самал іздегенде қолына шығыстың жауһарлары түседі. Ақын тосыннан тапқан олжасын былайша суреттейді: «Дүниенің теріскейі тарылып, Батыс батпаққа батып, Оңтүстік те ыдырап, патшалардың алтын тағы құлап жатқан мына шақта Шығысқа ұмтыл. Қаймағы бұзылмаған әлемнің самалымен сергіп, өміріңді жаңартып қайта жаса». Бар мағынасы осы бір жолдардан сезілетініндей, Гетенің көзқарасы, болмысы, дүниетанымы жаңаша түрленіп, осы әсерде жазылған «Батыс-Шығыс диваны» өзін Шығыс жұлдыздарының қатарына қоюға құқық берді.
05 Мамыр, 2021
«Жеріңнің аты – еліңнің хаты» дегенмен...
«Сырт көз – сыншы» ғой, Омбы қаласында тұратын бір ағайын бертінде жеңіл көлігімен Петропавлға келе жатып, жолшыбай кездескен елді мекендердің атауларына назар аударғанда жағасын ұстағанын айтқаны бар. Сөйтсе Омбыдан Қазақстанның мемлекеттік шекарасына жеткенше қазақ тіліндегі көне атаулар жиі кездесіп, біздің елдің аумағына өткенде Булаево, Полудино, Николаевка, Явленка, Заречное, Новоникольское болып, жалғаса берген екен.
04 Мамыр, 2021
«Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев стратегиялық дамуымыздың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытын саралаған Жолдауында халыққа осындай үндеу тастаған болатын.
29 Сәуір, 2021
Қазақ детективін қашан оқимыз?
Детектив деп аталатын, шым-шытырық оқиғалар желісіне құрылған әдебиеттің ерекше жанрының дүниеге келуі Эдгар Аллан По есімімен тікелей байланысты екені көпшілікке мәлім. Осыдан 160 жыл бұрын әйгілі қаламгердің «Морг көшесіндегі өлім» шығармасы детективтің бағын ашып, уақыт өте келе Артур Конан Дойль, Агата Кристи, Джеймс Хедли Чейз, Уилки Коллинз, Чарльз Диккенс секілді талантты жазушылар оны одан әрі дамыта түсті.
28 Сәуір, 2021
Қазақ халқының «бәлшебектерден» көрмегені жоқ. Әуелі күштеп отырықшы етеміз деп қолындағы малын бір емес, бірнеше рет жинап алды. Діліне қиянат жасады. Рухын жаншып, дәстүрінен айыруға білек түре кірісті.
27 Сәуір, 2021