Пікірлер
Еске алу күні – Аза тұту күні емес пе?
Жыл сайын 31 мамырда елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Шын мәнінде, оның Аза тұту күні екенін ата-бабалары репрессияға ұшыраған адамдар болмаса, басқалар онша сезінбейтін сияқты. Бар болғаны – басшыларымыз бастап, басқаларымыз қостап, нәубет құрбандарына арналған ескерткіштер мен мемориалдық тақталарға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіз тұрып қайтатынымыз рас.
14 Сәуір, 2022
«Мұғалім – мектептің жүрегі». Жүрек әу бастан тазалық, адалдық, ізгілік сияқты қасиетпен астасқан ұғым ретінде қалыптасқандықтан, ұстаздарды дәл осындай сипатқа лайық көріп, қадір тұтамыз. Бірақ кейінгі кездері кейбір мұғалімдердің біліктілігін көрсетер тұста қараулық жасап, беделіне нұқсан келтірер әрекетке баруы тазалықпен тұтасқан тұлғаға деген түсінігімізге сызат түсіріп жүр.
13 Сәуір, 2022
Адамның жаны жақұттай жарқырап, рухы салтанат құрар болса, сыртқы дүниесі де сәулеленіп, ізгілік пен мейірімге малынып тұрары анық.
12 Сәуір, 2022
Ұлтымыздың ұлылығын, өткені мен бүгініне өзек болған барша құндылығын, рухани және материалдық байлығын, тарихи тұлғаларымызды айтып мақтанып келеміз. Әрине, бұлардың барлығы мақтануға тұрарлық дүниелер, оған сөз жоқ. Бірақ осылайша құр мақтанудан аса алмай келе жатқанымыз белгілі.
11 Сәуір, 2022
Психологияда «Стокгольм синдромы» деген термин бар. Ғалымдар бұл терминге тұтқынның басқыншыға симпатия, тіпті аяныш сезімін білдіруді сипаттайтын психологиялық феномен деп сипаттама беріпті. Бір қызығы, осы «Стокгольм синдромы» қоғамнан жиі байқалады.
10 Сәуір, 2022
Елдің экономикасы тығырыққа тіреліп, теңселе бастаған сәтте Үкімет өкілдері мен жергілікті тауар өндірушілердің аузынан «тұтынушылық патриотизм» деген сөз шыға бастайды. Соңғы күндері аталған сөз құлағымызға жиі шалынатын болып жүр.
07 Сәуір, 2022
Қоныс аударушылардың баспана «жыры»
Қазіргі алмағайып заманда көршілес алпауыт елдің кең-байтақ жеріміздің солтүстік бөлігіне көз алартқан кейбір саясаткерсымақтарының «сандырақтарын» естіген сайын теріскей жақтан ызғар ескендей ытырынып, қазекемнің баяғыда-ақ сақтық қыла айтқан «Бос жатқан жер жау шақырады» деген нақыл сөзі еріксіз еске түседі.
06 Сәуір, 2022
Жуырда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әлеуметтік желідегі парақшасын ашты. Үш күннің ішінде Үкімет басшысының парақшасына 23 мыңға жуық желі қолданушысы жазылды. Әрине, бұл ресми аккаунт болғандықтан жазылым бойынша көрсеткіштерді белгілі блогерлермен салыстырудың қажеті жоқ. Маңыздысы, алғашқы күннің өзінде-ақ желідегі жұрт 1200-ден астам пікір қалдырып үлгерген.
05 Сәуір, 2022
Әкем мені жаздың күндері таңда әңгелектің иісімен оятатын. Сабаққа асықпайтын демалыстың кезінде де ерте тұруды маған ол осылай үйретті. Бірде олай оятпады.
04 Сәуір, 2022
Ауызекі тілде сөйлегенде қысқарған сөздердің орыс тіліндегі нұсқасына көбірек жүгінетініміз баршаға мәлім. Әсіресе түрлі күрделі атауларды, министрліктер мен мемлекеттік, қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдардың қысқартылған атауларын айтқанда атымызға қамшы салдырмаймыз. Тіпті қазақ тілінің сойылын соғып жүрген журналистердің өзі осыған келгенде «айтуға жеңіл», «үйренген ауыз» дегенді желеу етіп, жалпақшешейлік танытып жүр.
03 Сәуір, 2022
Телеарналарға түбегейлі өзгеріс қажет
Интернет желісінің дамуы адамзатты ақпаратқа қарық қылды деп айтуға болады. Қазір ежелден дамып келе жатқан газет-журналдар да, бертінірек дамыған теледидарлар да осы интернет ішіне еніп отыр. Газет пен теледидар негізінен көп жағдайда саясатқа қызмет етсе, яғни белгілі бір мақсаттарға сәйкес әзірленетін ақпараттарды ұсынса, интернет адамға ақпараттарды таңдау құқын береді. Сондықтан оның сипатын халықтық деп атауға болады.
31 Наурыз, 2022
Күллі мұсылман баласына парыз етіліп, ішіне аса маңызды ораза құлшылығы сіңірілген «айлардың сұлтаны» Рамазан келіп жетті. Бұл ай – пайғамбар үмбеті үшін рухани жаңару айы. Яғни Жаратушы ие өз құлын осы айда жаңарту үшін, ол нәпсісін тізгіндеп, иман ләззатын сезе алатын халге жетуі үшін, ораза деген амалды таңдады. Сөйтіп, бізге бір ай бойы ораза ұстауды бұйырды. Бұл жерде біз біле бермейтін бір керемет дүние – ораза ұстаған кезде жүрегімізде, жан-дүниемізде рухани жаңару жемісі пісіп жетіледі. Осы арқылы адам баласы кемелденеді.
30 Наурыз, 2022
Күре жол үстінде күн сайын болып жатқан жол-көлік апаттары кім-кімді де болсын ойландырмай қоймайды. Бір ғана деректі келтіре кетейік. Қаңтардың төрт күнінде жол-көлік апатынан 21 адам қаза болған. Төрт өңірде тіркелген қанды оқиғалар бір сәтте бірнеше отбасын жалмап кетті.
29 Наурыз, 2022
Кейде даңғазалық пен дарақылыққа келгенде біздің ел алдына жан салмайтын сияқты көрініп кетеді. Мынаны қараңыз, пандемия мен дағдарыс алқымынан алып тұрған 2021 жылы 20 мың қазақстандық көліктерге арналған «әдемі нөмір» үшін жалпы сомасы 6 млрд-тай теңге жұмсапты. 2020 жылмен салыстырғанда бұл екі еседей артық көрсеткіш. Демек әлемді тығырыққа тіреген экономикалық қиындықтың өзі қазақстандықтардың «өзгелерден дараланамын» деген ниетіне кедергі бола алмапты.
27 Наурыз, 2022
«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты бағдарламалық құжатта Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ағымдағы ішкі және сыртқы саяси ахуалға терең, егжей-тегжейлі талдау жасау арқылы қоғамда түбегейлі өзгерістердің қажеттілігіне баса назар аударды.
24 Наурыз, 2022
Қала құрылысына қатаң тәртіп қажет
Кейінгі кезде Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары тұрғындарының өздері тұрып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің қасынан қосымша құрылыс салуға қарсы наразылық білдіруі жиілеп кеткені мәлім. Осыған орай Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мегаполистердің әкімдеріне қала тұрғындарының өтініштеріне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатып, олардың орнына әлеуметтік объектілер, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беруді тапсырыпты.
23 Наурыз, 2022
Кейбір жағдайда көшпенділер танымында материалдық құндылықтарды да қазынаға телу бар. Демек қазақтың қазына туралы пәлсапалық байламы – қарапайым тілмен айтқанда, қоғамдық дамудың ұстындарына жататын материалдық һәм рухани құндылықтар. Яғни жеті қазына дәл мынау дейтіндей нақты тоқтам жоқ. Бірақ бұл ұғым халқымыздың ежелгі танымына сіңірілген – «жеті қабат көк», «жеті қабат жер», т.б. тұжырымдары негізінде «жеті» санына тұрақтап, басты құндылықтарды әртүрлі жеті жікке бөлгенінен аңғаруға болады.
20 Наурыз, 2022
Ел Президентінің парасаты мен пайымы, сөзі мен ісі қабысатынына жұртшылықтың көзі жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы тоқетер сөзі ұзақ уақыт назардан тыс қалған қазақы өңірлерді тоқ қылар қадамның басы болғай. Қаймана қазақтың тілегі осы. Семей, Талдықорған, Жезқазған, Қапшағай орталықтары болатын Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстары сияқты жаңа әкімшілік аумақтарды құру жөніндегі ұсыныс шын мәнінде бұқараны бір серпілтіп тастады.
18 Наурыз, 2022
Әр халықтың өз бесік жыры болады. Сол бесік жыры – ұлттық болмысты қалыптастырудың алғашқы факторы. Баланың болмысы, табиғаты, таным-түсінігі, дүниені қабылдауы мен сезім-түйсігі бесік жырынан бастау алатынын аңғару қиын емес. Бесік жырында сол халықтың салт-санасы, тарихы мен тағдыры, арманы мен үміті тұрады. Дүниеде барлық ұлы музыкалық шығармалар, халық композиторларының туындылары, тіпті танымал әндер де бар адамзат баласына ортақ дүниеге айналып жатады. Қазақтың әнін біздің Димаш Құдайберген арқылы қырық халықтың ыңылдайтыны секілді, біз де дүние халықтарының әндерін айтып, тыңдап, көңіл бағында көктем құстарын сайратып жүреміз. Тек, бесік жыры ғана ортақ болмайды екен. Әр халықтың өзіне ғана тән бесік жыры бар, ол – сонікі, жалғыз сонікі.
17 Наурыз, 2022
Бұл Жолдаудың кезекті Жолдаулардан өзгеше болғаны анық. Сондықтан тарихи құжатта еліміздің алдағы бірнеше жылғы даму стратегиясы мен болашаққа бағыты ұсынылды деуге толық негіз бар.
17 Наурыз, 2022