• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 15 Ақпан, 2022

Балалар аурулары кафедрасына есімі берілді

401 рет
көрсетілді

Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында клиникаға қарасты Балалар аурулары кафедрасына Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, еліміздің көрнекті ғалымы, тұңғыш медицина ғылымдарының докторы атанған қазақ әйелі, Қазақстанның педиатриялық мектебінің негізін қалаушы профессор-педиатр Нағима (Нина) Ахметқызы Барлыбаеваның есімі берілді.

Аталған іс-шара С.Асфен­дия­ров атындағы Қа­зақ ұлт­тық медицина уни­вер­­си­те­ті­нің медицина саласына зор үлес қосып, еңбек сіңір­ген дәрігерлер, профессорлар мен оқы­тушылардың есім­дерін мәң­гілікке есте қал­дыру мақ­са­тындағы «Тағзым» акциясы аясында атқарылды. Осы арада Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми ор­та­лығы С.Асфендияров атын­дағы ҚазҰМУ-дің кли­ни­калық базасы екенін еске сала кету керек. Ғылым, тәжірибе және білім тұ­тастығы қағи­да­ларын ұстана отырып, орта­лық­тың көптеген мамандары болашақ педиатрлар даярланатын балалар аурулары ка­фед­ра­сы­ның оқытушылары мен кли­никалық тәлімгерлері болып саналады.

Іс-шараға ҚазҰМУ ректоры, профессор Т.Нұрғожин, Нағима Ахмет­қы­зының шә­кірт­­тері, ұлы – С.Асфен­дия­ров атындағы ҚазҰМУ-дің нейрохирургия курсы бо­йынша жүйке аурулары ка­фед­расының профессоры, «Қа­зақстан Республикасының нев­рологтер қауымдастығы» қо­ғам­дық бірлестігінің пре­зи­денті Еркін Нұрғожаев, Пе­диатрия орталығының бас­­шы­лығы мен өкілдері, соны­мен қатар кафедра ұжымы мен жас дәрігер-резиденттер қа­тысты.

Нағима Ахметқызы 1924 жылы Семей қаласында дү­ни­е­ге келген. Қазақ меди­ци­­на институтын (қазір­гі Қазақ мемлекеттік медицина универ­стиеті) (1945ж), оның аспирантурасын (1951) бітірген. 1952-1965 жылда­ры Қазақстан Денсаулық сақтау минстрлігінің Педиатрия ғы­л­­ыми-зерттеу институтында бала ауруларынан сақтану және оларды емдеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері, мең­ге­рушісі, директордың орынбасары, 1965-1992 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина институтының кафедра меңгерушісі, 1971-1991 жылдары факультеттік, содан ке­йін госпитальдық педиат­рия кафедрасын басқарды, бір мезгілде 1968-1979 жылдары пе­диатрия факультетінің деканы қызметін атқарды.

Ол 1970 жылы «Педиа­трия» маман­дығы бойынша медицина ғылым­да­рының док­торы ғылыми дәреже­сі­нің және КСРО МҒА педиатрия ҒЗИ докторлық диссертациясын қор­ға­ған­нан кейін профессор ғылыми ата­ғын алған алғашқы қазақ әйелі. Учаскелік дә­рігерден профессорға дейін 60 жыл­дық еңбек жолын еңсеріп, Қазақ­стан­ның педиатриялық мек­те­бінің негізін қалады, Қазақ­станның жоғары білікті ұлт­тық ғылыми кадрларының ал­ғашқы өкілі.

Оның негізгі ғы­лыми ең­бек­­тері кардио­­логия мәсе­­ле­­леріне арналған. Н.Бар­­лы­­­бае­ва балаларда (соның ішін­де жаңа туған сәби­лерде) жү­рек-тамыр, бүй­­рек, өкпе ауру­ларының па­толо­гия­сы, миокардит, ги­перви­таминоз, рахит ауру­ла­­рының белгі­ле­рін анықтау, ем­деу және одан сақтану ерек­­ше­лік­терін зерт­теді.

Ғылымға және денсаулық сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін Қазақ КСР Жо­ғарғы Кеңе­сінің Құрмет грамотасымен, Денсаулық сақтау және Білім министрлігінің Құр­мет грамоталарымен, Ше­телдермен достық және мә­дени байланыстар жөнін­дегі Бүкілодақтық қоға­мы­ның Құрмет грамотасымен, «Денсаулық сақтау ісінің үз­ді­гі», «КСРО өнер­тап­қы­шы», «Ерен еңбегі үшін», «Ле­ниннің 100 жылдығына орай», «Әл-Фараби», «Еңбек ардагері», «Тың игеруге – 50 жыл» медальдарымен мара­пат­талған.

ҚазҰМУ-дің неонатология курсы бойынша бала­лар аурулары кафедрасына Қа­зақ­станның көрнекті педиа­трының есімін беру идея­сын елі­міздің бүкіл медицина қа­уым­дас­ты­ғы қолдады. Пе­диат­рия және балалар хирур­гиясы ғылыми орталығы атақ­­ты профессордың есімін мақ­та­ныш­пен алып жүрмек. Оның өмірі мен қызмет жолы, қазақ медицинасына қосқан сү­белі зор үлесі жас педиатр дә­­рі­герлерге өлшеусіз үлгі-өнеге бола береді.

 

АЛМАТЫ