15 Шілде, 2011

Жаңа жұмыс орындары – жаңа мүмкіндіктер

449 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Бүгінгі таңда еліміздің азамат­тарын, соның ішінде, ауыл тұр­ғын­дары мен ауыл жастарын тұ­рақты жұмыс көздерімен қамту түйткілді мәселе күйінде қалып отыр. Статистика мәліметтеріне сү­йенсек, бүгінгі таңда халқы­мыздың 16,5 пайызы «өз күнін өзі көріп жүрген адамдар» қата­рында. Олар мал-жанымен өз күн­дерін көріп, көбі ауласында еңбек етіп жүрген ауыл тұрғын­дары. Бұлар қалайша мемлекет қамқорлығынан шет қалуы керек?! Олар да біздің мемлеке­ті­міздің бір бөлшегі емес пе?! Осындай аталмыш олқылық­тардың орнын толтыратын күн де жетті. Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың тікелей тапсырмасымен әзірлен­ген «Жұмыспен қамту-2020» бағ­дарла­ма­сы өз жұмысын бастап та кетті. Өз бетінше қарекет етіп жүрген адам­дар, жұмыссыздар мен аз қам­тылған тұрғындарды жұмысқа ор­наластыруды қарас­ты­ратын атал­­мыш бағдарлама аясында елімізде жұмыссыз­дар­дың саны аза­йып, ауыл тұрғын­дары мен жас­тары­на көмек көр­сетіліп, қалып­тас­қан ахуалды шешуге мүмкіндік береді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қа­зақстан халқына Жолдауында биыл­ғы «Еліміздегі жұмыссыз адам­­­дардың санын азайту – бү­гінгі күннің басты талабы. Үкі­мет осы мақсатта халықты жұ­мыспен қам­ту­дың түбегейлі жаңа страт­е­гия­сын әзірлеуі қажет», деген бола­тын. Осылайша, Елбасы­ның тап­сыр­масымен әзірленген жоба үш кезең, үш бағыт бо­йын­ша жүзеге асы­ры­латын болады. Бағдарла­ма­ның аты айтып тұр­ған­дай, бағдар­ла­ма жос­пар­ланған ондаған жыл­дар ішінде мың­да­ған жаңа тұрақ­ты жұмыс орын­­дары ашылып, осын­шама адам тұрақты жұмыс көз­дерімен қам­­ты­латын болады. Бағ­дарла­ма­ның бірінші бағыты аза­­маттардың тұр­ғылықты жері бо­йынша жұмыс­қа орналасуына жәр­демдесу арқы­лы олардың жұ­мыс­пен тұрақты және нәтижелі қам­тылуын қамта­ма­сыз етуді көз­дей­ді. Сонымен қа­тар, бұл бағыт өз бетінше жұмыс­пен айналы­су­шылар, жұ­мыссыздар жә­не табы­сы аз адам­дарды қам­ти­тын бола­ды. Ал, екінші бағыт­тың мақ­саты жеке ісін ұйым­дас­тыру ар­қы­лы азаматтар­дың эко­но­микалық белсенділігін арт­тыру болып отыр. Бұл ретте, жеке ісін ұйымдас­тыру­ды қалай­тын және оған мүмкіндігі бар азаматтар бағ­дарламаның қа­ты­суш­ы­лары бола алады. Жеке ісін ауылда ұйым­дастыруды қалай­тын­дарға да мүм­кіндік беріледі. Бағ­дар­­ла­ма­ның соңғы бағыты – бағ­дар­ла­маға қатысушылардың жо­ға­рыда ай­тыл­ған екі бағыттан өткен соң жалдамалы еңбекпен немесе жеке іспен айналысуға нақ­ты мүм­кіндігі болмаған жағ­дайға арналған. Шындығын айту керек, елімізде бұрын-соңды мұндай ау­қымды жоба болмаған. Тұңғыш рет қолға алынып отыр. Мемлекеттік бағдар­ла­маның бір қуан­тар­лығы – ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақ­сар­туға басым­дық­тың берілуі. Бұл ретте, кәсіп­тік білім алуға қолже­тім­ділігі шек­теулі болып, ресми еңбек ры­ногында іс жүзінде бәсе­кеге қа­білетсіз болып келген, осы ар­қылы алаңдаушылық тудырған ауыл жастарының да проблемасы жолға қойылатын болады. Аталмыш бағдарлама аясын­да, жоғарыда атап көрсеткені­міз­дей, Үкі­мет ауыл өнеркәсібін жаң­ғыр­тып, оған жаңа тыныс бермек. Өз ісін бастаймын, бұрынғысын жал­ғас­тырамын деушілер, тіпті дип­лом­сыз жүрген адамдарды бюд­жет қаржысына оқытып, біліктілігін арт­тырамын деушілерге қол ұшын созады. Мұнымен қатар, қара­пайым тұрғындарды ай­мақ­тар­дың эконо­ми­калық әлеуе­ті мен мүмкін­дігін ес­керіп, аудан, тіпті облыс дең­ге­йінде лайықты жұмыс­пен қам­ту мақ­сатында көшіру де қа­рас­тыры­лып қойған. Жаңа тұр­ғы­лықты жер­ге қоныстанып, орын тепкен аза­маттар жалдамалы тұр­ғын үй­мен де қамтылады. Ол үйді уақыт өте са­тып алуға да құқылы. Тағы бір ерек­ше атап өтер жәйт – бір мекеннен екінші мекенге көшу, оқу курс­тары, жолақы сынды барлық шы­ғын­дарды Үкімет өзі өтейді. Құрылыстарды қаржылан­дыру немесе біркелкі жалдамалы үй алу 2011 жылы бюджет неси­лерінің есе­­бінен, ал алдағы жыл­дары рес­публикалық бюджеттің мақсатты трансферттерінен жүзе­ге асады. Үй­­­ді өтеу құқығымен жалдау әр­кім­­нің өз еркінде. Оған қоса, егер бағдарламаға қатысу­шы­ның жаңа орындағы кірісі күн­көріс мини­мумінен төмен бол­са, онда жалға алушының жал­дама­лық төлем­дерін төлеу мерзімі 2 жылға дейін ұзар­тылатын болып отыр. Хал­қы­мызда «Алдыңа ас қой­дым, екі қолыңды бос қой­дым» деген мәтел бар. Жұ­мыссыз жүрген адамдарға жаңа мүмкіндіктер берілді. Елбасы тап­сыр­масымен әзірленген жаңа бағ­дар­лама өз жұмысын бастап та кетті. Ендігі кезек қарапайым халықта. Мұхтар ИБРАИМОВ.