22 Шілде, 2011

Елдер арасындаєы ықпалдастық әлеуеті

290 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Газеттің өткен нөмірінде хабарлағанымыздай, Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Брюссельдегі сапарынан кейін, Лондон мен Берлин қалаларында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Ержан Қазыханов Ұлы­­бри­та­ния астанасы – Лондонда алдымен Таяу Шығысты реттеу жө­ніндегі халықаралық квартет­­­тің арнайы өкілі, осы елдің бұ­­рынғы премьер-министрі Тони Блэрмен, «Стратфор» корпо­ра­ция­сының бас­шы­ла­рымен және Лорд­тар пала­та­сында осы елдің бір­қатар белді саясаткерлерімен кездесулер өткізді. Қа­зақ­­­стан министрі, сон­дай-ақ өзі­нің бри­­­тан­дық әріптесі Уильям Хейгпен кездесуі осы күнгі іс-шараның ең бас­­тысы болды. Сауда-эко­­но­ми­калық және гу­манитарлық салалар­дағы, парла­ментаралық дең­гейдегі өзара ық­пал­дастық, халық­аралық сипат­та­ғы кең көлемді мәселелер бой­ын­ша Астана мен Лондонның ұста­ным­­дарының ұқ­сас­тығын атай келіп, екі елдің сыртқы саясат ве­дом­ство­ларының басшы­лары екі­жақты қарым-қа­ты­нас­тардың қа­зіргі да­муы деңгейіне шынайы ри­за­шы­­лықтарын білдірді. Сон­дай-ақ, кездесу бары­сында тараптар эко­­но­ми­­­калық саладағы ын­тымақ­тас­­­тыққа тоқтала отырып, екі елдің үкімет­тері қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар жө­нінде пікір алмасты. Екі ел эко­номикаларының қиылы­суының қа­зіргі жағдайы Ұлы­бри­танияның Қазақстан эко­но­ми­ка­сы­на инвестиция құйып отыр­­ған жетекші инвесторлар қата­­­рын­да сақ­талып қалуы­на мүмкіндік беруде, деп атап өтті осы туралы Ержан Қа­зыханов. Қазақстан Сырт­қы істер министрі Президент Нұрсұлтан На­­­зар­ба­евтың Ұлыбри­тания Премьер-министрі Дэвид Кэ­меронға екі­жақ­­ты қарым-қатынас тари­хын­да ал­ғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келу жөнінде жол­даған шақы­руын растады. Бұл екі жақтың пікірінше, ынтымақтас­тықтың барлық салаларына ай­тар­лықтай серпіліс берер еді. Ал өз кезегінде Уильям Хейг өзара тиімді сауда-эконо­ми­калық ық­пал­дастықтың зор әлеуеті бар еке­нін атай келіп, Лондон бар мүм­кін­дікті толығымен қолдануға ұм­ты­лып отырғанын жеткізді. Та­рап­тардың атап өткеніндей, өзара тиімді ынтымақтастықтың да­муы­на ағымдағы жылдың күзінде Астана мен Лондонда қазақ­стан­дық-британдық сауда-өнеркәсіп­тік ке­ңе­сінің отырысын және қа­зақ­стан­дық даму форумын өткізу ай­тарлықтай септігін тигізуі қажет. Бұдан кейін екі мемлекеттің ми­нистрлері саяси және сауда-экономикалық салалардағы бірлескен жобалар шеңберіндегі жұ­мыс­тың тиімділігін арттыруда Қа­зақстан мен Ұлыбритания ара­сын­дағы ке­лісімдік-құқықтық ба­за­сын кеңейту мүмкіндіктерін қа­растырды. Тарап­тардың назарынан екі елдің гумани­тар­лық саладағы ынтымақтастығы да тыс қалған жоқ. Осыған бай­ла­нысты Е.Қазыханов пен У.Хейг қа­зіргі күннің өзінде британдық жо­ғары оқу орындары қазақ­стан­дық әріптестерімен, соның ішінде Назарбаев Университетімен ты­ғыз қарым-қатынас орнатып от­ыр­ғанын және Ұлыбританияның «Болашақ» бағ­дар­ламасы бой­ын­ша қазақстандық студенттерді қа­былдаған ірі реципиент екенін атап өтіп, білім беру саласында ын­ты­мақтастықты әрі қарай дамы­ту­дың зор әлеуеті бар екеніне ри­зашылық білдірді. Кездесу бары­сында, сондай-ақ екі елдің министрлері жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерімен қоса, қа­зіргі заманғы халықаралық қа­ты­нас­тардың өзекті мәселелері бой­ынша да пікір алмасты. Әңгі­мелесуші тараптар екі елдің ядролық қару­сыз­дану және оны таратпау жөніндегі міндеттер бойынша өзара ықпал­дас­тықты одан әрі нығайта беруге нық сенімде екендіктерін білдірді. Сол күні Лондонда еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қа­зыханов Лордтар Палатасын­да­ғы дөңгелек үстелге қатысып, он­ың барысында Қазақстан мен Ұлыбри­танияның саяси және сау­да-эконо­микалық салалардағы ын­тымақ­тас­тықтың тереңдеуі және кең ау­қым­дағы халықаралық мә­селелер тал­қыға салынды. Оған қатысушы­лар­дың алдында сөз сөйлеген Е.Қа­зыханов Қазақстан­ның ИЫҰ төр­аға­лығындағы ба­сым­дықтарымен та­ныстырып, өң­ір­дегі жағдайға қатыс­ты өз пікірін білдірді. Бұл басқосуда ин­вес­ти­ция­лық ынты­мақ­тастықты дамы­туға, Қазақ­стандағы іскерлік кли­матты одан әрі жақсартуға, технология сала­сын­дағы өзара ықпал­дастық бола­шағына баса назар аударылды. Қазақстан Республикасының Сырт­қы істер министрі Ержан Қа­зыхановтың Берлинде Германия Фе­деративтік Рсепублика­сы­ның Сырт­қы істер министрі Гидо Вестервеллемен кездесуі де жемісті болды. Тараптар екі елдің достық және өзара сенімге құ­рыл­ған қаты­настарының соңғы жыл­дары жоға­ры қарқынмен да­мы­ғанын атап өт­ті. Өйткені, Қа­зақ­стан Еуропа Ода­ғы үшін ма­ңызды әріптес болып саналады. Гидо Вестервелле өз сөзінде екі ел арасындағы ықпал­дас­тық әле­уетті арттыру үшін өзара қарым-қаты­нас­тарды дамыту өз дең­гей­інде жүр­гі­зіліп келе жатқа­ны­на назар аударды. Оның атап өту­ін­ше, Қазақстанмен арадағы әріптес­тік, әсіресе, шикізат секторында ерекше рөл атқарып келеді. «Қа­зақ­стан құқықтық жағынан сенімді, транспорентті және ин­вестицияға өте тартымды. Бұл өте маңызды. Тек қана эко­номика, со­ның ішінде шикізат са­ласындағы әріптестік қана емес, Қазақстан – Германия уни­верситеті жобасы білім сала­сындағы ынтымақтастыққа жақсы мысал бо­ла алады», деді Гидо Вес­тервел­ле. Ол сонымен қатар, өзде­рінің де осы жобаға ынта та­ңытып, он­ың нәтижелі жүзеге аса­тынына сенім білдірді. Ержан Қазыхановтың Еуро­па­ға, оның ішінде Германияға министр ретіндегі жасаған алғашқы сапары екенін айта кету керек. Министрдің айтуынша, қазіргі таң­да Қазақстан мен Германия арасында айтарлық­тай келісімдік-құқықтық база қа­лып­тасқан. Еліміз қауіпсіздік сала­сында өзара ықпалдастықты дамы­туға мүд­де­лі. Білім беру, технология, инвестиция, сауда және мә­де­ниет сала­ларындағы өзара қарым-қатынас­тардың орнауы Қазақстанда тұ­рып жатқан этностық немістер елдерді байланыстырушы болып отыр. «Біз бұл байланыстарды өте жоғары бағалаймыз. Былтыр Германия канцлері А.Меркель Қазақ­стан­ға сапармен келді. Осының барлығы екі ел арасындағы ынты­мақтастықты дамытудың нәти­же­сі», деді Ержан Қазыханов. Министр бұдан соң еліміздің 2020 жылға дейін ішкі жалпы өнімін екі есеге дейін арттыруды көздеп отырғандығын тілге тиек ете келіп, 2015 жылы жан басына шаққандағы табысты 15 мың дол­ларға жеткізуді мақсат етіп қой­ғандығынан хабардар етті. Бұл жерде Германияның қолдауы өте ор­ын­ды болмақ. Сондықтан да Қа­зақ­стан келесі жылдан бастап визалық режімді оңтайлы етудің жолын қарастыруға кіріскелі отыр. Кездесу кезінде тараптар Ау­ғанс­тан мәселесіне қатысты да пікір алмасты. Қазақстан осы елдегі жағ­дайдың тұрақтануына, эко­но­ми­ка­лық жағынан айығуына мүд­делі ел ретінде Ержан Қазыханов герма­ния­лық әріптесінің осы мә­се­ле­ге байланысты конферен­ция­ға шақы­руын қабыл алды. Ислам ынты­мақтастық ұйымына төраға ретінде еліміз Еуропамен, соның ішінде Германиямен өзара ық­пал­дасатын болады. Осылайша мұ­сыл­ман әлемі мен Батыс ара­сын­дағы қарым-қа­тынастарды нығай­туға атсалыса­тын­дығын айта келіп, Е.Қазыханов Қазақстан Гер­ма­нияның БҰҰ Қау­іпсіздік Кеңе­сінің тұрақты мүшесі болуға деген ұмтылысына қолдау білдіретіндігін атады. Сөзінің со­ңында Қа­зақстан сыртқы саясат ве­дом­ство­сының басшысы өз әріптесі Г.Вестервеллені өзіне ыңғайлы кез­де Қазақстанға сапармен келіп қай­туға шақырды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.