Руханият
Сәдірқызының сәулелі белесі
Қоңыртөбенің баурайына жайғасқан Ақтерек ауылынан түлеп ұшқан қаламгер, есімі елге танымал журналист-жазушы, Ақпарат саласының үздігі, халықаралық Жамбыл атындағы және Журналистер одағы сыйлықтарының лауреаты, Жамбыл ауданының құрметті азаматы Гүлзейнеп Сәдірқызының мерейлі жасқа толуына орай, аудандық Мәдениет үйінде «Әйел жаны» атты әдеби-сазды кеш өтті. Атауы айтып тұрғандай әйел тағдырын арқау еткен шығармашылық кешке зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, қаламгердің әріптестері мен ауылдастары қатысты. ...
...