Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесі қайта құрылғалы бері 13 жыл өтті. Бірлескен жүйеден дербес жүйеге өту, әрине, өте қажет және уақтылы болды.
Өткен жылдары салааралық қайта есептеу және негізгі зейнетақыны ендіру секілді зейнетақы төлемдерін жаңаландыру бойынша Үкіметпен қабылданған шаралар зейнеткерлердің зейнетақысының жоғарылауында белгілі рөл атқарды. Соңғы 3 жыл ішінде зейнетақының тиісінше 25%, 30%-ға жоғарылауын аға ұрпақ Елбасы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың арқасы деп біледі.
Дегенмен де, «Нұр Отан» партиясы филиалдарында сайлаушылармен жеке мәселелер бойынша кездесулерде 1998 жылға дейін және экономиканың тоқырау кезінде зейнетке шыққан зейнеткерлер көптеп өтініш жасауда. Олардың өтінішінің себебі, зейнетақысын есептеу және қайта есептеудегі әлеуметтік әділетсіздік, яғни есептелген зейнетақының сол кезде алған жалақы мен атқарған еңбекке сәйкес еместігі болып табылады. Ал бірлескен зейнетақы жүйесінде зейнетақының негізгі есебін еңбек өтілі мен жалақы құрады.
Бұл жағдайда бірлескен жүйе зейнеткерлері өздеріне тағайындалған зайнетақыларын қазіргі таңда жалақы өсу есебінен жоғары зейнетақы есептелетін сол бір жұмыс орны бойынша салыстыруда. Өтініш жасаушы азаматтар 30 жылдан 45 жылға дейін еңбек өтілі және зейнеткерлікке шыққан кезде жоғары айлыққа ие бола отырып, бүгінгі таңда неліктен төмен зейнетақыны алатынын түсінбейді.
Мәселен, соңғы 2,5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне аталған мәселе бойынша 200-ден астам хат жолданған. Бұл зейнетақы есептеуде әлеуметтік әділетсіздік орын алып отырғанын көрсетеді. Яғни еңбек құқығының ақшалай құнын қайта бағалау жаңа айырбастауды талап етеді. Қазіргі таңда бұл валоризация деп аталады.
Валоризация тәжірибесі Ресей Федерациясында 2010 жылы енгізілген «жеке зейнеткер коэффициенті» арқылы айырбастау түрінде жасалған. Яғни, айырбастау өтіл мен жалақы бойынша есептелген ескі заңдылықта адамдар жинаған зейнетақы құқықтарын зейнетақы капиталына айналдыратын жүйе.
Енді Үкімет мемлекеттік зейнетақы қорларына өндірістік аударымдар мен енгізілген еңбекке сәйкес келмейтін зейнетақы бойынша тиісті органдарға бұл мәселені талдап, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға өзгерістер енгізу туралы нақты ұсыныстары бар тапсырма беруі керек деп білеміз. Әлеуметтік әділетсіздікке ұшырап отырған зейнеткерлерге шынында да обал-ақ.
Ольга КИКОЛЕНКО, Мәжіліс депутаты.