30 Маусым, 2011

Мақсат – кәсіпкерлікті қолдау

390 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық пар­тиясы мемлекеттің экономикалық саясаты­ның басым бағыттарының бірі – кәсіп­кер­лікті қар­қынды дамытуды қолдайды. Және де Қазақ­стан халқына 2011 жылғы Жол­дау­ында және «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІІ съе­зінде Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев берген тапсырма­лар­ды орындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі кең ауқымды іс-шараларды жүргізуде. Нұротандықтар кәсіпкерлікті дамыту жө­ніндегі басты мемлекеттік бағдарла­малар­дың іске асырылуын тұрақты түрде бақы­лап, мемлекеттік органдармен бірлесе «Биз­нестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау күнін үнемі өткізіп отырады. Партия алаңында бизнестің әкімшілік кедергілерін азайту мәселелері жиі қарас­ты­рылады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» пар­тиясы Үкімет әзірлеген кәсіпкерлік сала­сын­дағы онша ауыр емес және орташа ауыр экономикалық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті либерализациялауға арнал­ған заң жобасының кең ауқымды талқылау жұмысын ұйымдастырды. Бүгінде Павлодар облысында нұротандық депутаттардың бас­тамасымен қазақстандықтарды, соның ішінде ауыл тұрғындарын да бизнеспен айна­лысуға жаппай тартуға бағытталған «Ертең­ің үшін аянба» бағдарламасы қанатқақты режімде іске асырылып жатыр. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жө­ніндегі басқа да шараларды қарастыру мақ­са­тында нұротандықтар «Шағын және орта бизнесті дамытудағы жүйе құраушы кәсіп­орын­дардың рөлі» тақырыбындағы «дөң­гелек үстелді» өткізуді ұсынды. Оты­рыс «Нұр Отан» партиясының Орталық аппа­ратында өтті. Қазіргі кезде Елбасы тапсырмасы бойын­ша Үкімет еліміздің ірі кәсіпорындарында қазақ­стандық үлесті арттыру жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізіп отыр. Ал жүйе құраушы кәсіпорындардың өзі де жергілікті үлесті арттыра алады, яғни тауарлар мен қызметтерді жергілікті кәсіпкерлерден са­тып ала алады. Шағын және орта бизнесті дамытудағы жүйе құраушы кәсіп­орын­дар­дың дәл осындай рөлі туралы дөңгелек үс­телге қатысушылар, яғни Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, еліміздің ірі кәсіп­орындарының жетекшілері пікір алмасты. «Дөңгелек үстел» барысында қазақ­стан­дық экономиканың көшбасшылары мен жергілікті бизнес қауымдастығымен өзара әріп­тестігінің түрлері қарастырылып, сондай-ақ мемлекеттік даму бағдарламаларының шең­беріндегі биз­нес-бастамаларға кешенді мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндіктері тал­қыланды. Мысал ретінде Жезқазған, Балқаш, Сәт­баев қалаларының басты жүйе құраушы кәсіпорны – «Қазақмыс» корпорациясының тәжірибесі қарастырылды. «Қазақмыс» жергілікті кәсіп­кер­лерді қолдаудың әртүрлі формаларын қол­данады: аймақтың шағын және орта кәс­іп­орындарына корпорацияның негізгі өнімі жеткізіліп, сондай-ақ инвестициялар бөлініп, олар­дың өнімі сатып алы­на­ды. Сонымен қа­тар, жергілікті кәсіпкер­лік­тің маманданды­рыл­ған мердігерлеріне корпо­ра­цияға қажетті тауарлар, жұ­­мыстар мен қызметтерге ұсыныстар беріледі. «Нұр Отан» партиясы осы тәжірибені жан-жақты зерттей отырып, Қазақстанның басқа аймақтарындағы ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік органдарының қатысуымен енгізуді жоспарлап отыр. Осыған орай жуық арада кәсіпкерліктің одан әрі тұрақты да­муы­на жағдай жасауға бағытталған арнайы партия бағдарламасы әзірленеді. Дөңгелек үстел барысында сөйлеген сө­зінде партия Төрағасының бірінші орынба­сары Нұрлан Нығматулин: «Бүгін Елба­сымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арнайы тапсырмасы бойынша «Нұр Отан» халықтық-демо­кра­тиялық партия­сы кәсіпкерлікті тұрақты да­мы­туға арналған жаңа бағдарлама дай­ын­дауды қолға алады. Біздің басты мақса­ты­мыз – еліміздің барлық аймақтарында орналасқан ірі өндірістік кә­сіпорындарының шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетуі», – деді. Отырыста Үкімет пен Парламентке жіберілетін жергілікті шағын және орта кәсіп­керлік­тің дамуына қолайлы жағдай жасау жөніндегі нақты ұсыныстар әзірленді. Ал ірі және ша­ғын кәсіп­орындардың басшылары осы ша­ра­лардың нә­тижесі нақты қалаға не болмаса нақты аймаққа оң әсерін тигізетініне сенімді. «Егемен-ақпарат»