30 Маусым, 2011

Саяжай, бау-бақша шаруашылықтары дамытылмақ

641 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында саяжай, бау-бақша және қосалқы шаруашылықтарды дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған шаралар кешені қаралды. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков министрліктің мәліметтері бой­ын­ша қазіргі күні азаматтардың жеке қосалқы шаруашылық­та­рын­дағы өнімдер ауыл ша­руа­шылығы өндірісінің 56,8 пайы­зын құрайтындығын айтты. Ми­нистрдің мәлімдеуінше, саяжай және бау-бақша иелерінің осы са­лаларды дамытуға қатысты тала­бы соншама көп емес. Ең бас­ты­сы, өсімдіктерді суаратын су, қажетті электр қуаты, саяжай­ла­ры­на жету үшін автобус қаты­насы мен өнімдерді сақтау бағы­тында қоғамдық күзет тәртібі болса жетіп жатыр. Қаралып отырған жобаның аясында әкімдіктерге өңірлердегі саяжайлар мен бау-бақша шаруа­шы­лықтарын түгендеп, олардың бос жатқандықтарын анықтап, нақ­ты есеп жүргізу ұсынылады. Егер қажет болған жағдайда саяжай алаңдарын кеңіту үшін әкімдіктер қала маңындағы бос жатқан жерлерді осы мақсатқа пайдалануы тиіс. Ал тұрғын үй-коммуналдық қызмет органдары жаңа саяжай алаңдарын тиісті инфрақұрылымдармен қамтама­сыз етіп, саяжайларды салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуі керек. Қаралып отырған шаралар кешені саяжай кооперативтерін же­ңілдікпен қаржыландыру үшін әр облысқа әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы 50 миллион теңгеден бөлуді көздейді. Со­нымен қатар, саяжайшылар­дың арнаулы техникалар сатып алуы шағын несиелермен қам­ту­ға әр облысқа 20 миллион теңге­ден қаржы бөлу қарастырылып отыр. Адамдардың саяжай шаруа­шы­лы­ғымен шұғылдануға деген ынта­сын арттыру үшін электр қуаты мен саяжайларға арналған су қызметінің тарифін төмендету, автобус қаты­насын ұйымдастыру мәселелері  де осы кешенді шараларда қамтылған. Сонымен қатар Үкімет оты­рысында Қаржы министрі Болат Жәмішев «Экспорттық-импорт­тық операциялар бойынша бір терезе» ақпараттық жүйесін құру­дың тұжырымдама жобасын ұс­ын­ды. Қаржы министрлігі басшы­сы­ның айтуынша, қазіргі күні ха­лықаралық саудаға қатысатын ком­паниялар түрлі рұқсат беру құжаттары мен лицензиялар сертификаттар алуға ұзақ уақыт­та­рын жоғалтып жүр. Оның үстіне әрбір бақылаушы органның компаниялар тапсыратын қажетті құ­жаттарды айқындауда және олар­дың тізімі мен тапсырылатын мер­зімін белгілеуде өз ережесі, талабы мен үдерісі бар. Мәселен, компаниялар өздеріне қажетті 14-17 құжатты алуы үшін бұған қа­тысты 40-қа жуық құжат жинауға мәжбүр болады екен. «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бір терезе» ақпараттық жүйесі іске қосылған жағдайда сыртқы экономикалық қызметке қатысушы бар болғаны бір ғана құжатты толтырып, өзіне қажетті рұқсат беру қағазын ала алады. Осы жобаны жүзеге асыру кеден үдерістерінің тиімділігін арт­тыруға ықпал ететіндігі, кәсіпкер­лердің жұмысын көп жеңілде­те­тіндігі атап көрсетілді. Қаралған мәселелерді қоры­тын­дылаған Үкімет басшысы Кә­рім Мәсімов отырыста айтылған ұсы­ныс­тарға сәйкес бірқатар мем­ле­кет­тік органдарға тиісті тапсыр­ма­лар берді. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.