01 Шілде, 2011

Ойжайлаудағы малшылар мерекесі

348 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Жаз – қарбалас тірлікпен бірге қыс пен көктемнің құр­сауынан шығып, арқаны кең­ге салатын мезгіл. Осы кезде алакөлдік малшы қауымы Ой­жайлау ауылында келелі ке­ңес өткізіп, жыл қорытын­дысын шығаруды дәстүрге айналдырған. Көтеріңкі көңіл-­­күйдегі жұртшылық ор­та­­сынан озған озаттарына қо­шамет көрсетеді. Өткен қоңыр күзден бастап бел жазбастан еңбек еткендер мерей тасытқан ша­ра­ға түгел жиналды. Облыс әкі­мі Аңсар Мұсаханов мал шаруашы­лы­ғын дамыту ба­ғы­тын­дағы келелі мәселе­лер­ді ортаға салса, асыл тұ­қымды мал шаруашы­лығы көрмесін­де «Тау сама­лы», «Тоқ­жай­лау» ауыл шаруа­шы­лығы өн­дірістік кооперативі, «Жазыл­беков және К» сенім серіктестігі, «Ырыс» ша­руа қо­жалығы тәрізді ұжым­дар әкел­­ген асыл тұқымды мал­дардың өзгелер­ден ар­тық­­шы­лығына, алына­тын өнім са­­­па­сының өтімділі­гіне көз жетті. Асыл тұқымды төрт түлік түрлері осы көрмеден табыл­ды. Бұдан жергілікті жердегі асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың ісі жақ­сара бастағанын, сауын сиыр­лардан сауылатын сүттің, бия­зы жүнді қойдан қырқы­ла­тын жүн мөлшері, етті малдан алы­натын таза еттің сал­мағы бе­рекелі мал өсірген ша­руа­шылықтардың іргелі іс­терін дәлелдеді. Өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер бо­йын­ша озаттарды марапаттау шарасы да жал­ға­сын тапты. Облыс әкімі өңірде мал өнімдерін өндіру көлемі ар­тып, мал басын өсірудің нә­ти­желі екендігіне тоқталды. Сонымен қатар етті бағыт­тағы 21,2 мың бас ірі қара малын өсіретін жаңа шаруа­шы­лық­тар құру жоспарланса, биыл­дың өзінде 14 фермерлік ша­руа­шылық құры­лып­ты. Мал шаруашылығын қолдау мен асыл тұқымды мал өсіруге жергілікті бюджеттен 312,9 млн. теңге қаржы бөлінген. Со­нымен қа­тар «Сыбаға» бағ­дарла­ма­сы бойынша қаржы инс­ти­тут­тарына 3 млрд. 432,8 млн. теңге бөлініп, 7978 бас мал сатып алу көзделген. Тағы басқа да саланы дамытуға ба­ғытталған шаралардың ау­қымы тіптен кең. Осы орайда алакөлдіктер де жақсы істерімен танылып, өткен жыл­ды табысты қорытынды­ла­ған. Со­ның айғағындай мал ша­руа­шылығын табысты са­ла­ға ай­нал­дырған бір топ мал­шы­лар биылғы төл алу мен жүн қыр­қуда үздіктер қатарынан көрін­ді. «Тау са­малы» се­ріктес­тігі­нің шопа­ны М.Тұ­рысбековке «Жер – су» кор­порациясы та­ғайын­далған бас жүлде жеңіл ав­токөліктің кілті тапсырылды. Өзге де озаттар бағалы сый­лық алып, мерейленді. Ойжайлау төріндегі мал­шы­лар слеті ұлттық ат спор­ты­мен жалғасты. Алаңда көк­баршылар тартысса, боз кілемде балуандар күш сынас­ты. Шалт қимылдап, қарсы­ла­сының жауырынын жерге тигізген Оралдан келген С.Шамшиев пен еліміздің бірнеше дүркін чемпионы М.Тұрсыновтың айқасы ерекше еді. Асығы алшысынан түс­кен С.Шамшиев бас бәйгеге тігілген «Жигули» автокөлі­гін туған жеріне мініп кетті. Ат бәйгесіне жер-жерден келген сәйгүліктер қосылды.  Мәрені бірінші қиған Еңбек­шіқазақ ауданының «Ақсұң­қа­ры» бас бәйге темір тұл­парды иесіне сыйласа, отыз­ға тарта желмен жарысқан аламан бәй­геге тігілген шетелдік жүрдек автокөлік ала­көлдік Б.Кәрімов­тың жүй­рігіне бұйырды. Дала төсін дүбірге бө­леп, малшылардың ме­рейін асқақтат­қан тойдан мол тә­жі­рибе ал­ған­дар үл­кен ықы­­ласпен тарасты. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.