09 Шілде, 2011

«Қолданыстағы заңның аясында жасалып отыр»

337 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
«Егемен Қазақстан» газетінің ағымдағы жылғы сәуір айының 26-сы күні жарық көрген нөміріндегі «Бір отбасы – бір ауыл» атты (авторы – Күмісжан Байжан) мақала  расында да біраз азаматтарға бөлекше ой тудырғаны анық. 16 баланы дүниеге әкеліп, аман-есен ер жеткізіп, бүгінде немереден шөбере сүйіп отырған қартт­а­рымыз Мелс және Мәкен Шоймбаевтардың (ресми құжатта­рында фамилиялары осылай жазылған, ал алдыңғы мақалаларда Шойынбаевтар деп көрсетілген) ғұмыры бүгінгі таңдағы көптеген азаматтарымызға үлгі болары анық. Осындай әдемі ырғақпен  өрбіп келе жатқан мақаланың орта тұсында, автор «әттеген-ай» деп,  мәселенің шетін шығарып, ғұмырын қой бағуға сарп еткен Мелс ағамыздың  зейнетақысының аздығын тілге тиек етіпті. Осы­дан кейін біз ол кісінің және жұбайы Мәкен апайымыздың құжаттарын көтергізіп, зейнетақыларының мөлшерін білуге тырыстық. Осы уақыт аралығында дәл осы басылымда зейнеткер Е.Смайылдың «Қойшылар мүддесін қорғаған мақаланың Еңбек министрінің көзіне ілінбегені өкінішті» атты материалы да жарық көрді. Осы мақалалар аталмыш мақалалардың бас кейіпкері болған Мелс және Мәкен Шоймбаевтардың зейнетке шығуларына негіз болған барлық құжаттарын зерттеуге себеп болды. М.Ә. Шоймбаевқа зейнеткерлік іс-қағазындағы құжаттар бойынша зейнетақы төлемі 1996  жылдың сәуірінен бастап 38 жыл еңбек өтілі  үшін және ауыл шаруашылығы саласындағы 1981 жылғы орташа айлық табысы 92,56 сом есебінен  тағайындалған екен. Бүгінгі таңда Мелс ағамыздың әлеуметтік төлемдерінің жалпы мөлшері 24 781 теңгені құрайды (зейнетақы төлемінің мөлшері – 16 781  теңге; базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 8 000  тең­ге). Кеңес  дәуірінің куәгері болған азаматта­рымызға белгілі болға­нындай, 92,56 рубль қаржы төменгіден сәл жоғары айлық болып есептелетін.  Қазіргі зейнетақы тағайындалу тәртібіне сәйкес осы жалақы мөлшері негізге алына отырып, бүгінгі әлеу­меттік төлем тағайындалған. Ал Мәкен анамыз мемлекет тарапынан 42 103 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алады екен. Оның 32 863 теңгесі зейнетақы болса, қалған 9 240 теңгесі «Алтын алқа» иегері ретінде алатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы. Сонымен қатар, Мәкен анамызға кезіндегі қолданыста болған заңдарға сәйкес зейнеткерлік 8 жыл ерте тағайын­далыпты. Бүгінгі таңда Шоймбаевтар әулеті мемлекет тарапынан ай сайын 66 884 теңге әлеуметтік төлем­ақылар алып отырған жайы бар. Мақалада көте­рліген мә­селеге келер болсақ, мұның барлығы еліміздегі қолда­ныстағы заңның аясында жасалып отыр. Жалпы, зейнетақылар тағай­ындалар сәтте ол азаматта­ры­мыз­дың белгілі жылдар ара­лығында атқарған жұмыс­та­рының еңбекақысының орташа мөл­шерін негізге аламыз.  Аталмыш мақала барысында айтылғандай, са­на­лы ғұмыр­ларын мал соңында бейнетпен өткізген Мелс аға­мыз бен Мәкен апамыз бүгінде үйренген әдет­терімен мал ұстап, осы арқылы нәпақа тауып отыр­ған­дығын және үбірлі-шүбірлі болып, бала-шағасының ар­­қасында зейнет көріп отыр­ғандығы айтылған екен.  Қарияларымызға мал-жаныңыз аман болып, бақ да­рыған отбасыңыздың ортасында берекелі де мерекелі тірлік кешіп, уайым-қайғының ауылы алыс, дендеріңіз сау болсын деген тілегімізді білдіргіміз келеді. Министр Г. ӘБДІҚАЛЫҚОВА.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025