09 Шілде, 2011

1 миллиард теңгеге техника алынды

374 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ауыз су – өмір, денсаулық. Оңтүстікте 900-ден астам ауылдар бар болса соның 512-сінде ауыз су мәселесі күрделі күйінде қалып келді. Қазір ауылдардың жанынан күркіреп ағып жатқан өзендер жоқ. Болған жағдайда да тазартылмай ішілген су қауіпті. Облыстық әкімдік құдықтан немесе та­сы­малдап су ішіп отырған ауылдардың пробле­масын шешіп, тәулігіне 24 сағат таза су беруге барша мүмкіндіктерді жасап жатыр. Оның сыр­тында ұйық басқан арықтарды тазарту, дренаж жүйелерін жаңарту бар. Мұның бәріне техника керек. Жыл сайынғы мемлекеттік са­тып алуда жеңіп алған мердігер­лердің көбінің артынан арыз борап жатады. “Іс бітті, қу кетті”. Қазанның құлағын ұста­ған­дарға ұстата­тын­дарын  былай қойғанда, өзінде қалатын пай­даны көбейту үшін таза құбырдың орнына бұрынғы өндіріс орын­дарынан қазылып ал­ынған, ішінен жермай иісі аңқыған, сыртын тот жеген құбырларды салып беріп, сытылып кететіндер бар. Мұн­дай көзбояу­шылықтардан құтылудың жолы – аудан-қалалардағы сервистік орталық­тарды күшейтіп, аудан, қала әкім­дігіне қа­расты мемлекеттік қазыналық кәсіп­орын­дар­ды арнайы техникалармен қамтама­сыз ету. Облыстық әкімдік облыстық мәсли­хат­пен келісе отырып облыстық бюджеттен 954 млн. теңгеге 221 дана техника мен қон­дыр­ғы са­тып алып, аудан, қалалардағы мекемелерге бөліп берді. Атап айтсақ, автокран, трактор-экскаватор, доңғалақты трактор, трак­тор тіркемесі, шеберхана автокөлігі, жылжы­малы компрессор, газбен дәнекерлеу жабдығы, металл жону станогы, су сорғыш және жүк тасу мен автотиегіш техникалар сервистік орта­лық­тардың бір қолын екі етті десе де болады. Техникалар Шымкенттегі Әл-Фараби ала­ңында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшылары мен техника жүргізушілеріне табыс етілді. – 2009 жылы облыста 96 коммуналдық кәсіпорындар болды, – деді облыс әкімі Ас­қар Мырзахметов. – Оларға талдау жүргізге­німізде тоқсанға жуығының аты бар да заты жоқ бо­лып шыққандықтан тараттық. Ола­р­дың жыл­дық табысы 5-10 млн. теңге болып келген екен. Оңтайландыру, жаңа техникала­р­мен қамта­ма­сыз ету арқылы 500 млн. теңгеге табысқа шықты. 2010 жылы 47 су шаруашылығына бюд­жеттен 725 млн. теңге қаралған болса, өзі­­міз­дің қазыналық кәсіп­орындарымыздың есе­­бінен 275 млн. теңге үнемделді. Сондық­тан, бұл бағыт өзіне артылған сенімді ақтады. Облыс әкімі осы арнаулы техникалар ауыз су, ауылдарды газдандыру, каналдарды тазарту сияқты жұмыстарда жақсы жеміс беретіндігіне сенетіндігін, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған тарту екендігін айтты. Тұсаукесерде сөз алған облыстық мәсли­хаттың депутаты Аманұлла Раманқұлов сервистік орталықтарды аудан бюджеті есебінен де қолдау қажеттігіне тоқталып, осы техни­каларға қосымша 4 бұрғылау қондырғысы сатып алынғандығын айтты. Яғни, құдық­тарды бұрғылау жекенің емес, мемлекеттің есебінен жүргізіледі. Халыққа пайдасы үл­кен. Аудан, қала әкімдерінің атынан 29 тех­ни­каға ие болған Мақтаарал ауданының әкімі Серік Тұрбеков облыс әкімдігі мен облыстық мәслихатқа ризашылығын білдірді. Жаңа тех­никаға ие болған жүргізушілер енді күр­меулі мәселелерді өзіміз шеше аламыз дейді. Бақтияр ТАЙЖАН. Оңтүстік Қазақстан облысы.