12 Шілде, 2011

17 «Алтын белгі» иегері шыққан мектеп

666 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Сенсация! Бір ауданнан 46 оқушы «Алтын белгімен» мектеп бітірді. Өзі «Алтын белгіге» ұсыныл­ғаны 57 түлек екен. Соның 46-сы өз білімін қорғап шыққан. Әзірге, республиканың басқа аймақтарынан мұндай көрсеткішті естімедік. Бәл­кім, бар да шығар. Ал олай болса, тағы осы ауданның бір мектебінен 17 оқушы «Алтын белгімен» алтын ұя­сы­нан ұшты. Бұл нәтижемен шендесер басқа мектеп жоқ деген ойдамыз. Ол қандай аудан дейсіз ғой? Қызылорда облысының Қазалы ауданы. 46 «Алтын белгінің» иегері осы ауданнан табылды. Ал жаңағы айтқан 17 оқушы осы аудандағы №249 мектеп-лицейінің тәлімгер­лері. Осы арада «17 оқушысы ал­тын алған директор кім?» деген заңды сауал туындайды. Ол – Күләш Мергенбаева. Оқу ордасы Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағ­дар­­лама­сы бойынша 2009 жылы пайда­ла­нуға берілген. Ай­наласы 2 жыл­дың ішінде атын айдай әлемге жа­йып отыр. Бұл – біріншіден, Ел­ба­сының кө­ре­ген саясатының жемісі. Екіншіден, бағдарлама ба­ла­лар­дың ба­ғын аш­ты деген сөз. Тәубе! Енді ау­да­ндағы білім жағдайы туралы бірер сөз. Қазалы ауданы бойынша 33 орта, 3 негізгі және 4 бастауыш мектеп бар. Оның сыртында 17 балабақша, 3 мектептен тыс мекеме жұмыс жасап, жыл сайын 15 мыңнан астам балаға білім мен тәрбие беріп келеді. Оқу­шылардың білім деңгейінің жоғары екенін алдыңғы сөзіміз растаса керек. Дегенмен жыл сайын мемлекет ара­лық бақылау мен Ұлттық бірың­ғай тестілеу барысында аудан оқу­шы­лары республика көлемінде алдың­ғы қатардан көрініп келеді. Мәселен, 2008-2010 жылдар ара­лығында мемлекет аралық бақылауға қатысушылардың орташа көрсеткіші 4-сыныптар бойынша 17,8, ал 9-сы­ныптар бойынша 68,5 балды құраған екен. Енді осы көрсеткішті 2010-2011 оқу жылдарымен салыстырып көре­йік. Осы оқу жылында 4-сыныптар бойынша 18,8 балл, 9-сыныптар бо­йы­нша 76,6 балды құрап отыр. Іл­герілеушіліктің бары көзге анық байқалды. Бүгінгі білім негізінің бас­ты көрсеткіші ҰБТ екені рас. ҰБТ бойынша ауданның білім саласының жүйелі жұмысының нәтижесінде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, орташа көрсеткіш 2009 жылы – 79,2 балл, 2010 – 90,7 балл болса, үстіміздегі жылы 93,1 балға жетіп отыр. Сонымен қатар, «Алтын белгі» белгісінің иегерлері жыл санап өсіп келеді. 2001 жылдан бері қарай 114 оқушы «Алтын белгі» белгісінің иегері атанды. Биылғы оқу жылының өзінде 46 оқушы «Алтын белгімен» өз білімдерімен дәлелдеп шыққанын жаңа айттық. Сонымен бірге аудан оқушыларының білімі мен білігін көрсететін облыстық, республикалық, халықаралық пәндік, тақырыптық олимпиадаларда да түрлі жетістіктерге ие болып келеді. Оған тоқталар болсақ, аудан оқу­шы­лары соңғы 2 жыл ішінде облыстық олимпиадада 20 жүлделі орын, рес­пуб­ликалық олимпиадада 3 жүлделі орын, халықаралық олимпиадада 5 жүлделі орын алды. 2 оқушы «Бола­шақ» стипендиясының иегері атан­ды. Сонымен қатар, тәлімгерлер жекелеген пәндер бойынша білім дең­гейін анықтайтын «Кенгуру», «Ақ аю», «Ақбота», т.б. республ­ика­лық, халықаралық сырттай олим­пиа­даға үздіксіз қатысып, түрлі мара­пат­т­арға ие болып келеді. Аудан оқу­шы­лары мектеп қабырғасында жүріп, ғылыми жұмыстармен шұғылданып, облыс­тық, республикалық, халықара­лық  ғы­лыми жобалар байқауларына, түр­лі деңгейдегі ғылыми-практика­лық конференцияларға қатысып келеді. Болашақ ұрпақтың жаратылыс­тану, нақты ғылымдар негіздеріне қы­зығушылығын арттыру бағытында  2 мектеп-лицей жұмыс жасап, онда 3 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр. Гуманитарлық бағыттағы бір мектеп-гимназияда 500-ге жуық оқушы білім нәрімен сусындауда. Жаңа оқу жылынан бастап физика-математикалық, химия-биологиялық кластар ашу қолға алынып отыр. Қазіргі таңдағы ақпараттық ке­ңіс­­тіктің кең дамыған уақытында аудан оқушылары интернет жүйесі арқылы түрлі білім байқауларына қатысып келеді. Оның дәлелі ретінде биылғы жыл­дың өзінде  303 оқушы халық­ара­лық олимпиадаларға қаты­сып, жүл­дегер атанса, 5 оқушы «Да­рын» ор­т­а­лығы ұйымдастырған «Тарих Ата-2011» олимпиадасының жүл­де­гері бол­ды. Сонымен қатар аудан мұ­ға­лім­дері де ресейлік «Первое сентября», «Пушкин оқулары», т.б. са­йыс­тарына қатысып, жүлдеге жетіп келеді. Білім саласында екі мыңнан астам ұстаздар мен тәрбиешілер жұмыс атқаратын болса, оның 57-сі жоғары санатты,  572 мұғалім бірінші санаттылар қатарына жатады. Оның ішінде ондаған білім саласы­ның «Құрметті қызметкерлері» төс­бел­гісінің, «Ы.Алтынсарин» ме­далі­­нің иегерлері бар.