16 Шілде, 2011

Сыннан сүрінбеді

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуропаның көкмайса алаңдарында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің ойындары өтуде. Бейбітшілік пен өрке­ниет­­ті­лік­ті, ғылым мен үй­ле­сімділікті уағыздайтын ислам дінінің шы­найы құбы­лы­сын насихаттап жүр­ген ғалым Әбсаттар қажы  Дер­бісәлі өзі­нің «Ислам – бейбітшілік  пен жасампаздық діні» кітабында қазақ дала­сынан шығып, күллі ислам дүние­сіне орасан үлес қосқан түркі­тек­ті ғұламалар жайында жасаған зерттеулерін, сонымен қатар ұлты­мыз­дың арғы тари­хы­нан бастап, бүгінге дейінгі даму белестері, мәдениетіміз бен ислам діні­нің әлем ғы­лы­­мын­дағы үлесі мен қоғам тату­ластығындағы рөлі тура­сын­дағы жан-жақты зерттелген ғы­лыми еңбектері мен мақа­ла­ларын орыс тілінде топ­тас­ты­рыпты. Шығарма «Ис­лам ө­р­ке­ниеті және Қазақ­стан», «Ис­лам­ның гумани­тар­лық әлеуе­ті» және «Ис­лам­ның толерантты­лық өрі­сі» деген үш тараудан тұ­ра­ды. Әр тарау ғылыми негізде жа­зыл­ған­дық­тан ерекше маңызға ие. Кітаптың алғашқы та­рауын­да ислам мәдениетінің қазақ жеріне келуі оның ық­палы мен рухани орталық­тар­дың қалыптасуы тура­лы әң­гі­меленеді. Онда ғалым қазақ жерінен шығып, ислам өр­ке­ниетіне үлес қосқан, алайда осы күнге дейін беймәлім бо­лып келген бірнеше ғұламаның ең­бек­терін жарыққа шығарып отыр. Мәселен Отырар қала­сы­нан Әбунасыр Әл-Фарабиден өзге 30 ға­лым­ның шыққаны анық­талды. Екінші тарауда  асыл діннің Қа­­зақ­стандағы орны мен рөлі, елі­міз­дің дінаралық жә­не ұлт­ара­лық достықты сақтау тәжі­ри­бесі, жал­пы азаматтық құн­ды­лықтар тура­лы ай­тылады. Ал үшінші тарауда ғалым бір­қатар сұхбаттар негізінде ис­ламның ізгілік пен төзім­ділік діні екенін көрсете білген. Қанат ЕСКЕНДІР, Алматы.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025