17 Қаңтар, 2019

Рухани серпілістің жаңа кезеңі

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қаншама істер жүзеге асты. Орыс, қытай, парсы, араб тілдерінде жазылып қалдырылған көптеген қазақ тарихына қатысты жәді­гер­­лер жинақталып, кітап бо­лып жарық көрді. Бірақ бұл әлі толық ат­қ­арыл­ған іс емес. Дү­ние­жүзі­нің көптеген мұра­ғат­тары мен му­зей­лерінде қазақ тари­хы­на қатысты әлі көп бей­мәлім де­рек­­тер жетерлік. Сон­дық­тан «Архив – 2025» жеті жыл­дық ба­ғ­дар­ламасын жүзеге асы­ру арқылы бүкіл зиялы қауым өкіл­дері тарихымыздың ақтаң­дақ­­тарын ашуға мүмкіндік алып отыр.

Рухани серпілістің жаңа кезеңі

«Дала фольклорының антологиясын» жасауға Қазақстан Жазу­шылар одағы тікелей ара­ла­сады. Өйткені көптеген ерте­гілеріміз бен лиро-эпостық жырларымыздың, батырлық жырлар мен мақал-мәтелдердің, аңыздар мен қиссалардың әлі де халық назарына ұсынылмаған, әлем оқырманына беймәлім нұс­қалары баршылық. Бұл істе Қазақ­стан Жазушылар одағы не­гіз­гі күш-қайрат көрсетуі керек. Түркологтардың дүние­жүзі­­лік конгресін 2019 жылы Ас­тана­да өткізудің нақты белгі­ленуі – көп жаңа ғылыми жүйелі істердің жүзеге асуына серпін берері сөзсіз.

Айта берсек, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көр­сетілген жобалардың жүзеге асуы арқылы барша әлемге өзі­міз­дің Ұлы дала елі екен­дігіміз­ді дәлелдейтін тарихи дамуы­мыз­дағы жаңа кезең бас­талып отыр. Әрбір зиялы қазақ аза­ма­­ты Елбасы мақаласындағы көр­­­се­­тіл­ген бағыттардың іс жү­зі­­не асуына барынша қайрат көр­­се­тіп, үлес қосуы керек деп білемін.

Бауыржан Жақып,

Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, ақын