Әлем • 24 Сәуір, 2022

Африкада 1 млн астам балаға безгекке қарсы алғашқы екпе салынды

440 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үйлестіріп отырған пилоттық жобаның арқасында Гана, Кения мен Малави елдерінде 1 млн астам балаға әлемдегі безгекке қарсы алғашқы вакцинаның бір немесе бірнеше дозасы салынды. Бұл туралы Ұйымның ақпараттық ресурсында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Африкада 1 млн астам балаға безгекке қарсы алғашқы екпе салынды

Екпені Африканың Сахарадан оңтүстікке қарайғы елдеріне жеткізу үшін сатып алуға GAVI вакциналар жөніндегі Альянсы 155 млн АҚШ долларынан астам қаражат бөлген.

Безгекке (малярия) қарсы вакцина қолдану бағытындағы пилоттық жобаларды бірінші болып, 2019 жылы Малави үкіметі бастаған. RTS,S/AS01 (RTS,S) екпесінің қауіпсіздігі және оны тасымалдауға болатыны, ең бастысы бұл вакцинаның аса қауіпті ауруға шалдығуды азайтатыны анықталады. Осы мәліметтердің негізінде 2021 жылы қазанда ДДҰ аталған RTS,S екпесін безгек көп және аз таралған жерлерде тұратын балаларға кеңінен салу туралы тарихи ұсыныс енгізді. Ұйымның болжамынша, бұл қадам жыл сайын африкалық 40 000-80 000 баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

25 сәуір - дүниежүзілік безгекке қарсы күрес күніне орай, ДДҰ адамдар өмірін сақтау мақсатында инновацияларды үздіксіз қолданысқа ендіруге шақырды.

«Малярияның зерттеушісі ретінде, мен еңбек жолымды бастаған кезде осы қауіпті ауруға қарсы тиімді вакцина пайда болатын күнді армандаған едім. Бұл вакцина - жай ғана ғылыми жетістік емес, ол Африкадағы отбасылардың өмірін өзгертеді. Ол ғылым мен инновациялардың денсаулық сақтаудағы күшін көрсетеді. Дегенмен, бұған қарамастан, адамдардың өмірін сақтап қалу мен безгектен арылу жолында жаңа, жетілдірілген құралдарды ойлап табу аса өзекті», дейді ДДҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Африка қауымдастықтары вакцинаны жақсы қабылдады. Алдағы уақытта екпеге деген сұраныс ұсыныстан асып түседі деген болжам бар. Қазіргі вакцина шығару қуаты жылына 15 млн дозаға жетеді, ал болжам бойынша сұраныс 80 млн дозадан асуы мүмкін.

RTS,S вакцинасы - GSK компаниясының PATH серіктестігі арқасында және африкалық ғылыми-зерттеу орталықтарының қолдауымен жүргізілген 30 жылдық зерттеулерінің нәтижесі.

Ал, ДДҰ қарауына осы инфекцияны тасымалдаушы масалармен күрес бағытындағы жаңа тәсілдер және технологиялар ұсынылды. Мәселен, инсектицидтермен өңделген торлардың және аумақтарды өңдеуге арналған маса үркіткіштердің жаңа түрлері, гендік жетектер негізіндегі амалдар, Anopheles масаларды тарту мен жоюға арналған қантты жемдерді айтуға болады. Егер олардың тиімділігі дәлелденсе, қолданысқа ендіру үшін Ұйым жаңа кеңестер құрастырады немесе қазіргілеріне өзгертулер жасалады.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025